«Кош келдің, Жаңа жыл!» мерекелік сценарий

0
7166
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Кош келдің, Жаңа жыл!»

Мақсаты: Балаларды мерекелік көңіл-күй тудыру. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну, әсер алу қабілеттерін жетілдіру. Аяз атаның, Ақшақардың, карнавалдықкиімдеріне назар аударту,көңілді ойындар ойнату, бірлескен ойындар арқылы достық қарым-қатынастарын ояту.

Кейіпкерлер: Аяз ата, Ақша қар, Аққала, Жалмауыз кемпір, Ханшайым , Қарша қыз, ергежейлілер, жүргізуші.

Әдемі безендірілген, зал ішіне музыка әуеніне балалар кіреді.

Жүргізуші:

Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойды,

Салтанатқа санаңдар

Қызық көріп, шат болып,

Мәз боп күліп тараңдар,

Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Құрметті ата-аналар, балабақша ұжымы ! Сәлеметсіздер ме,балалар! Бүгінгі «Кош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізге қош келдініздер!

Жүргізуші : Балалар, барлығымыз шыршаны айналып тұрағалайық.

Хоровод № Ән:

Көңілді әуен ойнайды. Аққала шығады. Шанасымен үлкен қапшық алып шығады.

Жүргізуші : Балалар, біздің мерекеге кім келді? Сендер оны таныдыңдарма? Кім бұл?

Балалар: Аққала!

Жүргізуші : Аққала өзінің қабында не алып келе жатыр екен?

Аққала: Балалар, мен сендерге Аяз ата мен Ақшақардың сыйлығын алып келдім.

(Аққала қапшығын ашады, сол кезде «Жалмауыз кемпірдің шығуы» музыкасы ойнайды. Қапшықтан Жалмауыз кемпір шығады. Ол шығып алып өзінің сыпырғысымен шыршаны айналып жүгіріп, балаларды түртеді.)

Жалмауыз кемпір:

Қалай?, Таныдыңдар ма мені?

Мен қандай әдемі, әрі ақылдымын,

Қазір мен сендерге мереке жасаймын,

Бәріңді үй-үйлеріңе қуалаймын.

Жүргізуші: Тоқтай тұр, сен мұнда қайдан келдің?

Жалмауыз кемпір: Мен Аққаланы алдап соқтым.

Сыйлықтарды жасырып қойдым да, ал өзім әуп деп қапшыққа тығылдым. Сендердің мерекелеріңді өткізбеймін, бұзамын. Менсіз көңіл көтердіңдер, ал қазір менімен қалай көңіл көтеретіндеріңді көремін.

(Сиқырлы әуен ойнайды да, залға Ханшайым( Фея) шығады )

Жүргізуші: О Ханшайым, сенің мұнда болғаның қандай жақсы! Бізге не істеуге болады? Жалмауыз кемпір біздің барлық сыйлықтарымызды жасырып қойған.

Ханшайым: Мен сендерге көмектесемін. Бізге тездетіп ұйқы және армандау еліне баруымыз керек. Менде сиқырлы таяқша бар. Қазір осы таяқшаның көмегімен сол елге аттанамыз. (Ханшайым таяқшасын мыстан кемпірге қарай сілтейді).

Жаңа жылдық музыка ойнайды. Сол уақытта Жалмауыз кемпір ұйқыға кетеді.

Хоровод № Ән:

Жүргізуші: Көрейік, жалмауыз кемпір қандай түс көрер екен.

«Жалмауыз кемпірдің түс көру» музыка ойнайды.

Жалмауыз кемпір: (есінеп, керіліп сөйлейді). Ой! Олар сыйлық салынған қапты ешқашан таба алмайды. Көктемге дейін күтетін болады. Мен оны таба алмайтындай етіп орынды жерге жасырып қойдым. Қаптағы сыйлықтарды орманшының уйшігінен алыс емес жердегі шыршаның астына жасырдым.

Жүргізуші: Ә, солай ма, біз енді сыйлықтардың қайда екенін білдік. Аққала сен тез барып, сыйлықтарды аяз атаға бер.

Жалмауыз кемпір: О –ой мен не істедім! (басын ұстап отырады)

Жүргізуші: Балалар? Көңіл күйімізді түсірмей барлығымыз билейміз!

Би

«Қарша қыз бен ергежейлер музыкасы»

(Ортаға Қарша қыз бен ергежейлілер билеп шығады.)

Қарша қыз: Қарандаршы, қандай әсем шырша, қандай керемет мереке, қаншама балалар жиналған. Мен осыншама балаларды ешқашан көрген емеспін. Барлығыңыз амансыз ба? Жаңа жылдарыңызбен! Мені білесіңдер ме? Менің атым Қарша қыз . Бірге ойын ойнаймыз ба? Ойын: мен бастаймын , ал сендер аяқтайсындар. Хормен жауап айтындар.

  • Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр …… (Жаңа жыл)
  • Қызыл мұрын, ақ мұртты, білсең атын тез ата, келеді бізге ….. (Аяз Ата)
  • Шырша бүгін кәделі, сәнді әрі …… (әдемі)
Қарша қыз: Жарайсындар, балалар , қандай ақылдысындар!

Ал барлық балалар Аяз ата мен Ақшақарды көргісі келіп тұрған сияқты. Олардың да келетін уақыты болды. Біз жеделхатты алғанымызға көп болды ғой.Ал енді біздер осы жерге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

(Балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақырады. Аққала шана сүйреп, сыйлықтарды алып, бірге келеді)

Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.

Көңілдерің дүр маржан.

Айналайын ұлдардан

Айналайын қыздардан

Аяз ата, Ақшақар

Жетті жолдан қиналған

Ештеңе емес барлығы,

Алдымыздан күлді арман

Мықтылығым мәлім ғой.

Өтіп кеткен жылдардан.

Ақшақар:

Сәлеметсіндер ме , балалар! Жаңа жылдарын құтты болсын!

Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы.

Жалт-жұлт еткен жүзімнен,

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын.

Қалай тыныш жатпақпын,

Менсіз қыстың сәні жоқ,

Әнмін,жырмын,тақпақпын.

Орманды көктей өтіп жеттік-аусендерге. Қандай әдемісіндер,неткен сұлу шырша.

Аяз ата: Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын. Жаңа жыл береке, бірлік әкелсін. Барлығы үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.Мен сіздерде бір жыл бұрын болғанмын, биыл сіздерді қайта көргеніме қуаныштымын. Өскенсіңдер, үлкен болғансыңдар. Ал, мені сендер таныдыңдар ма? (Балалар: «Иә»)

  • Ал, мынау кім, сендердің араларыңда жүрген?

(Мыстан кемпір Аяз Атаның аяғына жығылып, кешірім сұрайды)

Мыстан Кемпір: Кешіріндер мені, Аяз ата , балалар !!!! Мен енді балалардың сыйлықтарын ұрламаймын. Келесі де тек мейірімді , сыпайы боламын деп уәде беремін.

Аяз ата:

Сиқырлы таяғым, бір,екі,үш.

Сиқырлы күшті біз көрейік.

Жамандықтын бәрі кетіп,

Жақсылыққа бөлінейік ……..

Ақшақар: Аяз ата бүгін біздің шыршамыз көңілсіз болып тұр. Шыршамыз жарқырамай тұр.

Аяз ата: Қане балалар шыршамызды жарқыратайық.

Ақшақар:Таңырқат,таңырқат,

Шырша шамын жарқырат! (Балалар бірге қайталайды 3 рет )

Жүргізуші : Аяз Ата , ал мынау не ?

Аяз Ата: (телеграммаларды алып шығады) Менің достарым сендерге жеделхат жіберген. Мен не істедім? Барлық хаттарды араластырып алыппын. Енді тауып көр, қай жедел хат кімнен екенін? Біз қазір Ақшақар екеуіміз сендерге жұмбақ жасырамыз, ал сендер жауаптарын табындар.

Ақшақар:

Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық….(қар)

Сақалы желбіреп,

Жүрегі елжіреп.

Жылда бір келеді,

Көп сыйлық береді…. (Аяз- ата)

Үстінде бар жасыл тон,

Шаштары бар жайнаған.

Балалар жүр қарап оны,

Әнге салып айнала. (Шырша)

Жүргізуші: балалар, аяз ата мен ақшақарды ортаға алып, ән салайық.

(шыршаны айналып ән айтады)

Ақшақар: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Сіздер менімен бірге өнер көрсетіп бересіңдер ме?

(Ұлпақарлар биі )

Аяз ата: жаңа жылдық мерекеңізге қанша балалар келген.Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім билесе, бәріне де сыйлығым бар.Қане, қайдасыңдар?

Ақшақар маған көмектеседі.

( Балалар би, тақпақ айтылады.)

Жүргізуші:

О, халайық, жараңдар.

Қилы-қилы заман бар.

Ит жылы жылыстап,

Кетіп барады қараңдар.

О, халайық, халайық.

Қош айтысып қалайық!

Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған. Ит жылын шығарып салайық.

Ит:

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

Құтты болсын 2019 жыл қадам басқан

Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!

Келесі жыл бастауын Доңызға беремін. (Сахнаға Доңыз шығады.)

  • Балалар,мен енді сендермен қоштасайын. Осы шошқа жылы тек жақсылықтар алып келсін. Келесі кездескенше бәрі жақсы болсын.
Жүргізуші: Ит жылын шығарып салайық.

Барлығы: Сау бол, Ит жылы, сау бол!

Жүргізуші :

Ар бол, Жаңа жыл!

Бар бол, Жаңа жыл.

Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.

Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.

Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл.

Доңыз: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым. Кешігем деп қатты қорықтым.

Мен дағы бір қонақпын

Он екі жылда оралар

Үлкендерге ақ ниет

Сіздерге де ақ ниет.

Сіздерге мың рахмет.

Барлығы: Қош келдің, Жаңа жыл .

Ақшақар: Жаңа жыл қош келдің!

Хоровод:

Доңыз: Мен сіздерге тосың сый әзірлеп қойдым: «Үш торай» қойылымы.

Аяз ата: — Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы бағып-қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!

Аяз ата: Ақшақар, қане сыйлықтарымыз қайда? Өнерлі және әдемі киінген балаларға сыйлықтарымызды берейік.

(Сыйлықтарды үлестіреді)

Аяз ата: Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар. Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаны.

Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, сендер сияқты әр жерде балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!

Ақшақар:

Жаңа жылда , балалар,

Тек жақсылық көріндер.

Жылау, ауру,жамандық.

Қастарында болмасын.

Шаттанындар, күліндер

Бейбіт өмір сүріндер.

Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!

Жүргізуші :

Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді.Достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын,

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,

Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым! — дей отырып, құрметті қонақтар, осымен жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет.

Жылдан- жылға аман-сау жете берейік!

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ