Педагогика пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен (ІІІ бөлім)

4
54310

Martebe.kz республикалық білім порталы оқырмандарға «Педагогика» пәні бойынша тест сұрақтарын ұсынады. Дұрыс жауап қанық қара шрифтпен берілген. Педагогика пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен (ІІІ бөлім).

Педагогика пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен (І бөлім)

Педагогика пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен (ІІ бөлім)

№ 101

Әлеуметтік-маңызды тәжірибе арқылы оқыту,тәрбиелеу және дамыту процестерін мақсаттылық, ұйымдастырушылық процестері ретінде қарастыра отырып, бірнеше тілдерді меңгеру —  бұл:

A) Көптілдік білім беру;

B) Бейімдік оқыту;

C) Проблемалық оқыту;

D) Бағдарламалы оқыту;

E) Көпмәдениетті білім беру.

 

№ 102

Білім беру мазмұнын анықтау қандай сұраққа жауап береді?

A) Қалай оқыту.

B) Кімді оқыту.

C) Нені оқыту.

D) Неге оқыту.

E) Қашан оқыту.

 

№ 103

Оқыту процесі барысында оқушылар игеретін ғылыми білімдер, прак-тикалық іскерліктер мен дағдылар, іс-әрекет және ойлау әдістері жүйесі:

A) Тәрбие.

B) Білім беру мазмұны.

C) Оқыту.

D) Оқыту тәсілдері.

E) Білімі.

 

№ 104

Білім беру мазмұнын анықтауға әсер ететін фактор:

A) Ата-ана қажеттіліктері.

B) Оқу құралдарымен жабдықтауы.

C) Мектептін мүмкіндіктері.

D) Қоғамның экономикалық дамуы.

E) Қоғам қажеттіліктері., ғылымның даму деңгейі.

 

№ 105

Білім беру мазмұнын анықтаудың дидактикалық материализм теориясы бойынша білім беру мақсаты:

A) Тұлғаны дамыту.

B) Оқушылардың ойлауын дамыту.

C) Оқушыларға әртүрлі ғылымдардан неғұрлым көп білім беру.

D) Іс-әрекет әдістерін қалыптастыру.

E) Оқушылардың қиялын дамыту.

 

№ 106

Оқыту пәндерінің тізімін, сағат санын көрсетіп оқу жылдарына бөлетін, аптасына  әрбір пәнге тиісті сағат санын анықтайтын құжат – ол:

A) Оқыту бағдарламасы.

B) Оқыту жоспары.

C) Сабақ жоспары.

D) Календарлық жоспар.

E) Тақырыптық жоспар.

 

№ 107

Оқыту пәнінің мазмұнын ашатын, тақырыптардың кезектестігін, оларды игеруге бөлінген уақыттарды және оқыту пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтайтын құжат:

A) Мемлекеттік стандарт.

B) Оқыту бағдарламасы.

C) Оқыту жоспары.

D) Оқулық.

E) Оқу құралы.

 

№ 108

Белгілі бір тәртіппен және режиммен жүретін мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттерінің сырт көрінісі:

A) Оқыту мазмұны.

B) Оқытуды ұйымдастыру формасы.

C) Оқыту процесі.

D) Тәрбие процесі.

E) Оқыту принципі.

 

№ 109

Сыныптық-сабақтық жүйенің теориялық негізін жасаған:

A) Я.А.Коменский.

B) К.Д.Ушинский.

C) Дж. Локк.

D) И.Ф.Гербарт.

E) А.Дистервег.

 

№ 110

Қабілеттеріне, дайындық дәрежесіне және интеллектуалдық даму деңгейіне байланысты оқушыларды сыныптарға бөлу – ол:

A) Маннгейм жүйесі.

B) Белл-Ланкастер жүйесі.

C) Дальтон-план.

D) Трамп жоспары.

E) сыныптық-сабақтық жүйесі.

 

№ 111

Қәзіргі заманғы мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы:

A) Экскурсия.

B) Үйірмелер.

C) Сабақ.

D) Консультация.

E) Үйдегі оқу жұмысы.

 

№ 112

Оқытуды ұйымдастыру формасына жатпайды:

A) Сабақ.

B) Экскурсия.

C) Семинар.

D) Факультатив сабақ.

E) Бақылау.

 

№ 113

Сабақта оқушылардың оқу жұмыстарын ұйымдастыру формалары:

A) Дербес, топтық және жаппай оқыту.

B) Проблемалық оқыту, бағдарламалық оқыту, түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту.

C) Дербес, топтық және фронтальді.

D) Дидактикалық ойындар, конференция-сабақ.

E) Жаттығу.

 

№ 114

Сабақтың негізгі белгілері:

A) Оқушылардың тұрақты құрамы, бір пәнге арналуы, арнайы кесте бойынша жүруі.

B) Арнайы бөлмеде өтуі, оқу құралдары болуы.

C) Сабақтың 45 минут жүруі.

D) Мұғалімнің басшылығы, оқудың практикамен байланысы.

E) Білім беру, тәрбиелеу, дамыту міндеттерінің шешілуі.

 

№ 115

Бір-бірімен байланысты, бір-бірімен шартталған сабақ элементтерінің жиынтығы:

A) Оқыту әдістері.

B) Оқыту тәсілдері.

C) Сабақ құрылымы.

D) Сабақта қолданылатын оқыту құралдары.

E) Дидактикалық міндеттер.

 

№ 116

Сабақ түрін анықтаудың кең тараған жолы:

A) Дидактикалық мақсатына байланысты.

B) Оқыту мақсатына жетуге кеткен уақытқа байланысты.

C) Мұғалім іс-әрекетінің сипаты.

D) Оқушы іс-әрекетінің сипаты.

E) Оқушылардың оқу жұмыстарын ұйымдастыру сипатына байланысты.

 

№ 117

Дальтон-план:

A) Оқытуды ұйымдастырудың жаппай формасы.

B) Оқытуды ұйымдастырудың жекеленген формасы.

C) Оқытуды ұйымдастырудың жеке-топтық формасы.

D) Оқытуды ұйымдастырудың жеке формасы.

E) Оқу әдісі.

 

№ 118

Нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде жоғары сынып оқушыларының білім сапаларын жоғарылатуын басқару жүйесінің анықталуы айқындалған:

A) ҚР-да бейіндік оқытуды дамытудың тұжырымдамасының мазмұнында

B) «Білім берудің» мемлекеттік бағдарламасы мазмұнында

C) ҚР-ы көптілді білім беру тұжырымдамасы мазмұнында

D) Тілдер туралы ҚР Заңының мазмұнында

E) «Балалар құқығы туралы» ҚР-ның Заңының мазмұнында

 

№ 119

Сабақта оқушылардың бірдей тапсырмаларды жеке-жеке орындаулары — оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың:

A) Фронтальді формасы.

B) Жеке формасы.

C) Топтық формасы.

D) Бригадалық формасы.

E) Ұжымдық формасы.

 

№ 120

Білім беру мазмұны қандай құжаттармен айқындалады:

A) Календарлық жоспар, сабақ жоспары.

B) Әдістемелік нұсқаудар, оқыту құралдары.

C) Оқыту жоспары, оқыту бағдарламасы, оқулықтар.

D) «Білім  туралы» заң.

E) Мұғалімнің жеке оқу – тәрбие жоспары.

 

№ 121

Білім беру міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың біріккен іс- әрекеттері:

A) Оқыту әдісі.

B) Оқыту құралы.

C) Оқыту тәсілі.

D) Оқыту түрі.

E) Оқытуды ұйымдастыру формасы.

 

№ 122

Оқыту әдісі дидактикада қандай сұраққа жауап береді:

A) Нені оқыту.

B) Қалай оқыту.

C) Қашан оқыту.

D) Не үшін оқыту.

E) Қайда оқыту.

 

№ 123

Жаттығу, лабораториялық жұмыс, практикалық жұмыс:

A) Көрнекілік әдістер.

B) Ауызша әдістер.

C) Практикалық әдістер.

D) Зерттеу әдістері.

E) Кітаппен жұмыс.

 

№ 124

Ауызша, көрнекілік және практикалық әдістері қандай белгіге байланысты жіктелген:

A) Білім түпнұсқасы.

B) Танымдық іс-әрекет.

C) Ынтымақтастық формасы.

D) Дидактикалық мақсатқа байланысты.

E) Оқушы іс-әрекетіне байланысты.

 

№ 125

Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивтік, проблемалық мазмұндау, ізденіс түрлері, зерттеушілік әдістер деп жіктеудің негізгі белгісі:

A) Дидактикалық міндет.

B) Оқудағы ынтымақтастық.

C) Танымдық іс-әрекет түрі.

D) Білім түпнұсқасы.

E) Бинарлық жіктеу.

 

№ 126

Мұғалімнің проблеманы қоюы және өзінің оны шешудің жолдарын көрсетуі:

A) Проблемалық мазмұндау.

B) Репродуктивтік.

C) Зерттеушілік әдістері.

D) Түсіндірмелі-иллюстративтік.

E) Ізденіс түрлері.

 

№ 127

Игеру мақсатымен ақыл-ой немесе практикалық қимылдарды бірнеше рет қайталау:

A) Түсіндіру.

B) Кітаппен жұмыс.

C) Жаттығу.

D) Бақылау.

E) Лекция.

 

№ 128

Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және іске асыру әдісіне жатпайды:

A) Әңгіме.

B) Түсіндіру.

C) Дискуссия.

D) Иллюстрация.

E) Демонстрация.

 

№ 129

Оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдісі:

A) Демонстрация.

B) Зерттеу әдісі.

C) Танымдық ойындар.

D) Түсіндіру.

E) Иллюстрация.

 

№ 130

Бақылау әдісі:

A) Түсіндіру.

B) Жазбаша бақылау.

C) Жаттығу.

D) Дидактикалық ойын.

E) Анкета алу.

 

№ 131

Жоғары сыныптарда қолданылатын күрделі, көлемді оқу материалын монологтік  баяндау:

A)Дәріс.

B) Түсіндіру.

C) Әңгіме.

D) Әңгіме-кеңес.

E) Оқу дискуссиясы.

 

№ 132

Рецензия жазу:

A) Оқығанның қысқаша мазмұнын жазу.

B) Оқыған әдебиеттегі негізгі ойларды  жазу.

C) Оқығаннан дәлме-дәл үзінді.

D) Оқығанға өз ойын білдіріп қысқа пікір жазу.

E) Конспектілеу.

 

№ 133

Оқу материалын ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы игертуге бағытталған оқытудың диалогтік әдісі:

A) Жаттығу.

B) Практикалық жұмыс.

C) Дидактикалық ойын.

D) Әнгіме-кеңес.

E) Түсіндіру.

 

№ 134

Дидактика:

A) Тұлға дамуының заңдылықтарын зерттейтін  ғылым.

B) Тұлға қалыптасуының заңдылықтары туралы ғылым.

C) Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және білім беру туралы педагогиканың  бөлімі.

D) Білім беру теориясын жасайтын жалпы педагогика бөлімі.

E) Тәрбиелей оқытуды зерттейтін ғылым.

 

№ 135

 Сабақ, семинар:

A) Ұйымдастыру формалары.

B) Педагогикалық жүйе.

C) Оқыту әдістері.

D) Оқыту құралдары.

E) Дидактиаклық жүйе.

 

№ 136

Ұйымдастыру кезеңі, өткен бөлімдер бойынша тапсырмалар жүйесін орындау, қортынды жасау:

A) Аралас сабақ.

B) Білімді және іскерлікті бекіту сабағы.

C) Жаңа білім қалыптастыру сабағы.

D) Жүйелеу және қорыту.

E) Жаңа іскерлікті қалыптастыру сабағы.

 

№ 137

Оқыту әдісі:

A) Оқушылардың танымдық іс-әрекетіне басшылық жасау амалдары.

B) Оқушыларда іскерлік және дағды қалыптастыру үшін мұғалім қолданатын тәсілдер жиынтығы.

C) Білім және дағды қалыптастыру мақсатымен нақты қимылдарды көп рет қайталау.

D) Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыны игеру, олардың дүниетанымын  қалыптастыру және қабылеттерін дамыту жолдары.

E) Оқушыларға білім, іскерлік, дағдыны игерту, олардың танымдық   қабілеттерін және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған педагог және  оқушылардың өзара байланысқан іс-әрекеттері.

 

№ 138

Түсіндіру:

A) Оқыту материалын мұғалімнің мәнерлі, әсерлі баяндауы.

B) Оқушыларды жаңа білімді игеруге ынталандыру.

C) Теориялық мәнін ашу, фактілерді, құбылыстарды бірізді, дәлелді баяндау.

D) Ғылыми фактілерді баяндау.

E) Оқу материалын индуктивті баяндау әдісі.

 

№ 139

Мұғалімнің іс-әрекеті — сабақ беру басымды роль атқаратын дидактикалық  жүйе:

A) Дәстүрлі.

B) Педоцентрлік.

C) Қазіргі заманғы.

D) Авторитарлық.

E) Демократиялық.

 

№ 140

Нәтижесінде білім, іскерлік, дағды, іс-әрекет және жүріс-тұрыс (мінез-құлық) тәжірибесі, тұлға қасиеттері қалыптасатын педагог пен оқушылар-дың белсенді, мақсатты бағытталған өзара қимылдау процесі:

A) Оқыту.

B) Тәрбие.

C) Білім беру.

D) Тану.

E) Сабақ беру.

 

№ 141

Тану, тәжірибе және жаттығулар негізінде мінез-құлықтың және іс-әрекеттің жаңа формалары пайда болу немесе ескілердің өзгеру процесі:

A) Сабақ беру.

B) Оқу.

C) Оқыту.

D) Білім беру.

E) Өзіндік білім алу.

 

№ 142

Ғылыми фактілерді, түсініктерді, заңдарды, заңдылықтарды түсінуі, есте сақтауы және қайтадан айту:

A) Іскерлік.

B) Білім.

C) Дағды.

D) Тәжірбие.

E) Білім беру.

 

№ 143

Игерілген білімдер негізінде практикалық және теориялық іс-әрекетті орындауға дайындығы:

A) Білім.

B) Іскерлік.

C) Дағды.

D) Тәжірбие.

E) Білім беру.

 

№ 144

Материалдық және идеалдық деп жіктелетіндер:

A) Оқыту принциптері.

B) Оқыту әдістері.

C) Оқытуды үйымдастыру формалары.

D) Оқыту құралдары.

E) Тәрбие әдістері.

 

№ 145

Бағдарламалап оқыту мақсаты:

A) Тәрбие мақсаттарын шешу.

B) Оқушылардың оқу жетістіктерін анықтау.

C) Оқыту процесін басқаруды жетілдіру.

D) Автоматтандырылған қарама-қарсы байланыстарды қамтамасыз ету.

E) Оқушылардың оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат алу.

 

№ 146

Оқушылардың өзіндік оқу жұмыстары:

A) Педагогтің көмегінсіз орындалатын оқушы іс-әрекеті.

B) Оқыту процесіндегі педагогтің тапсырмасымен және оның басшылығы-мен орындалатын оқушы іс-әрекеті.

C) Педагог басшылығымен, бірақ тікелей қатысуынсыз орындалатын оқушы іс-әрекеті.

D) Бақылау жұмысымен сәйкес.

E) Сабақтан тыс танымдық іс-әрекет.      

 

№ 147

Oқытудың екі жақтылық сипаты:

A) Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы.

B) Оқушы мен сыныптың біріге қимылдауы.

C) Сабақ беру мен оқытудың бірлігі.

D) Өзіндік білім алу мен оқытудың бірлігі.

E) Білім беру мен тәрбиенің бірлігі.

 

№ 148

 «Ұлы дидактика» еңбегінің авторы:

A) Л.Н.Толстой.

B) К.Д.Ушинский.

C) А.С.Макаренко.

D) Я.А.Коменский.

E) К.Гельвеции.

 

№ 149

Дидактикалық принципке жатпайды:

A) Ғылымилық.

B) Теорияның өмірмен, практикамен байланысы.

C) Жүйелілік және бірізділік.

D) Үздіксіздік.

E) Белсенділік және сапалылық.

 

№ 150

 Білім көзі ауызша немесе баспа сөзі  болатын оқыту әдістері:

A) Ауызша әдістер.

B) Көрнекілік әдістер.

C) Иллюстрация.

D) Практикалық әдістер.

E) Демонстрация.

 

Педагогика пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен (І бөлім)

Педагогика пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен (ІІ бөлім)

 

 


4 ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ