Педагогикалық эссе

0
3932
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты
Педагогикалық эссе

«Баланың ынтасын артыру үшін оқылатын
нәрседен  біржаңалық болыу керек»

Жүсіпбек Аймауытов

        Мұғалім мамандығын таңдап тер төгіп еңбек еткеніме аттай 28 жыл өтіпті. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған  ұзақ еңбек жолындағы өмірілік ұстанымымәрқашан ізденісте, ой қозғалысында болу. Мұндай ұстаным  мұғалімде болмаса, ол жай мұғалім атын жамылып жүргендер деп айтар едім. Ал ұстаздардың ішінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімінің қазіргі қоғамымызда жүгі ауыр. Себебі болашақ ұрпаққа мемлекеттік тілді үйрету – қазақ тілі мамандарының міндеті. Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыру үшін оқытудың көптеген әдіс- тәсілдерін алып, өз іс- тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын. Деңгейлік курсты аяқтап сертификат алғаннан кейін «Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын сабақтастыру арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру»  атты әдістемелік- шығармашылық тақырып бойынша  жұмыс жасап жүрмін. Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Шығармашылық- өте күрделі психологиялық процесс.

Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – шығармашылық. Мұғалім өз шығармашылығы арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады. Ал менің мақсатым – оқушыға оқу үрдісін ұйымдастыру барысында шығармашылықтың маңызын білдіру, баланың басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын  үшке бөліп қарастырдым:

  1. Жаңа технологиялар
  2. Сыныптан тыс жұмыстарымен сабақтастық.
  3. Жүйелі жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары.
Еліміз өркениетті  елдер  қатарынан  орын алып, ұрпағымыз  қоғам  қажеттілігіне  сай   болып  жатса — бұл  ұстаздар еңбегінің  жемісі.  Мұғалімі  қандай  болса, қоғамы да  сондай  болмақ  делінген  бұлжымас  заңдылық,  ерте  уақыттардың  өзінде – ақ  белгілі  болды.  . Ендеше,  осы  мақсаттарды  бағындыру  жолында жұмыс жасап  жатқан  шәкірттері  өнерлі,  ұстаздары  өнегелі, қоғам  қажеттілігіне  сай  жабдықталған  Тасөткел негізгі  мектебі  іргелі  оқу  орындарының  бірі де  бірегейі. Әр апта  бірін – бірі  қайталамайтын  түрлі  бағыттағы  жұмыстарға  толы  болғандықтан,  мұғалімі де,  оқушысы да  үнемі  ізденіс  үстінде.

Мектептегі  тәрбие  жұмысы оқушыларды  халқымыздың  бай  мәдениеті  негізінде  тәрбиелеп,  ғылым  негіздерін  игеріп,  ой — өрісі кең,  шығармашыл, іске  әрқашан  әзір,  салауатты  азамат  қалыптастыруды  қажет  етеді.

Мектебіміз  білім беру  ошағы  болумен қатар  мәдениет пен  салт – дәстүрді   уағыздайтын  орталыққа  айналып отыр. Қырық  жылдық  тарихы  бар  мектебімізде оқу — тәрбие  жұмысында  айтарлықтай  шығармашылық  табыстарға  жетіп келеді. Оның  бір  дәлелі  мектебімізде  республикалық, облыстық. аудандық өткізілген жарыстарға,  сырттай шығармалар жарысына қатысып оқушыларымыз Шайда Ықылас «Жолдас, жүргізуші» және Жолдыбай Толқын  «Әлемдік қауымдастық бала құқын қолдау мен қорғау мәселесі» тақырыбында шығармалар жарысына қатысып, жүлделі орындарға ие болып мақтау қағаздары мен сыйлықтар алды. Дәстүрлі өттетін аудандық «Абай оқуларының» және «Жарқын болашақ» қазақ тілі пән олимпиадасының жеңімпаздары да шәкірттерім, мектебіміздің оқушылары . Оқушы шығармашылығын  осыдан – ақ  байқап,  олардың  өзіндік пікірлеріне   тек  үнемі  қолдау  жасап отыру  қажеттігін түсіндім. Сонымен бірге, мектебімізде оқушылардың спортқа деген белсенділіктерін атап айтуға болады. Оқушыларымыз аудандық ,облыстық, республикалық жарыстардың жүлделі орындарын жыл сайын қанжығаларына байлап жүр. Бұл атқарылған жұмытың ұлағатты ұстазымыз Ф.Г. Башмаковтың еңбегі ерен деуіме болады.

Ұрпақтарымызды  парасатты да, білікті, мәдениетті де  білімді  етіп  тәрбиелеп , олардың дүниетанымын  жалпы азаматтық  деңгейде  дамытамыз десек, бойында  ұлттық  және азаматтық намысы бар,  елін, жерін  сүйетін ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл  қоғамдық өмірдің өзегін  келешек  ұрпақ  тәрбиесіне  бағыттауымыз  қажет .

Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаевтың «Еліміздің  ертеңі бүгінгі  жас ұрпақтың  қолында, ал   жас ұрпақтың  тағдыры  ұстаздардың  қолында» деп мұғалімдердің ІІ  съезінде  сөйлеген сөзімен түйіндегім келеді.  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында»деген сөзі мұғалімнің бүгінгі уақыт талабына сай жан – жақты білімін көтеруіне, шығармашылықпен ізденуіне түрткі болды. Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктіліке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» десе, халық даналығы «Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды» деп бекер айтылмаса керек. Жас ұрпақ болашағының жарқын болуын шын тілегімен ұстаз – ол шығармашылыл, мамандығын сүйетін, өз пәнін жетік білетін адам.

Сабақ – ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы «шығарманы» алдында отырған оқушыға игерту де оңай шаруа емес. Ол үшін мұғалімнің біліктілігі, іскерлігі, көптеген әдіс – тәсілдерді қолдана білуі, айтқанын оқушы жүрегіне жеткізе алатындай шешндігі, шебер ой — өрнегі болуы керек. Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, оқыс әрекеттер кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей сабақ үрдісін түрлендіріп отырады. Бүгінгі таңда озат  — ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа әдіс – тәсілдері жеткілікті. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген Президент Жолдауынан ұлттық бәсекелестікке қабілетті ұрпақтың білім деңгейімен анықталатын, әлем кеңістігіне көтерілу үшін мектеп табалдырығынан сапалы да, саналы білім беру болып табылады.

XX ғасырдың іскер азаматы – бәсекеге қабілетті, ой — өрісі кең, жан – дүниесі бай, адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген мәселеде істен шығүдың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда өз орны бар, іскер, жеке тұлға деп білуіміз керек.

Білім беру реформасы табысының басты өлшемі де тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі қажет.

Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның ұлттық дүниетанымын қалыптастыру, сол арқылы оқушының рухани жан дүниесінің баюына, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Қазіргі заман талабына орай ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық, азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда білім берудің түрлері мен әдістерін жаңартуымыз керек.

Үйреншікті әдіс – тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде баланың ойына, сезіміне серпіліс ендіруі мақсат етіп қою әр ұстаздың міндеті. Сан алуан әрекет арқылы ақыл – ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру – бүгінгі қажеттілік. Қоғамамыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қоцы отыр. Мектептің негізгі құндылығы оқушы десек, оған жеке тұлға ретінде қарау – міндетіміз. Соған байланысты мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Жаңа технологияны жузеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі алдындағы шәкірттерін бағалауы орын алады.

Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын  меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру ұстаздың интелектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін — өзі дамытып, оқу — тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бұрынғы оқытуда көптеген қателер жіберіледі. Келесі жолы сол қате қайтадан қайталана  береді. Нәтиже жоқ. Неліктен? Әлі де не жетіспейді? Деген сұрақтарға оқытудың жаңа технологияларымен танысқаннан кейін жауап тапқан сияқтымыз.

  Кеше:

Даму бір бағытта жүргізіледі.

Тапсырма жалпы беріледі.

Іс ұжымдасып атқарылмайды.

Өзара шынайы сұхбат жоқ, мәлімет ғана жүргізіледі.

Басты мақсат адам тәрбиелеу емес, жоспарды оырндау ғана болатын

Бүгін:

Білім бері, жан – жақты

Тапсырмалар түрлері көп

Қазіргі оқытуда топтап, саралап, деңгейлеп, дамыта оқытулар бар

Қазір өзара шынайы баламен сұхбат жүргізсеңіз, мәлімет алмассаңыз, өз ойын ашық атта біледі.

Қазіргі таңдағы мақсат «Мен» деген дара тұлға тәрбиелеу. Қазақ  тілі  пәні оқушыларды жазбаша сауатты етіп шығаруды  және  осы  тілде  еркін  де жатық  сөйлеуге  үйретуді  мақсат етеді .  тілден  жүйелі  білім  беру  оқушылардың  дүниетанымын , пайымдауын  жетілдіруге,  өзге  пәндерді  жақсы меңгеруге  негіз болатындығы  ғылым  мен  тәжірибеде айқындалған мәселе . Сондықтан мектепте  қазақ  тілін оқытуды жақсарта түсу – қазіргі кезеңдегі өмірдің  өз  талабы , өзекті ісі болып  отыр .

Қазақ тілінің  асыл  мұрасы – сөз байлығын , шебер  сөйлеудің  озық  үлгілерін  игерту  жолындағы  осындай үлкен мақсатты дұрыс түсінген  қазақ тілі мұғалімдерінің алдында көптеген міндеттер тұратыны белгілі . Мұғалімдер бұрынғы қол жеткізген  табыстарды негізге ала отырып , бір-бірімен оқыту әдіс-тәсілдерін үйреніп , жетілдіре беру , ұстаздық  тәжірибені  жетілдіре түседі .

Қандай да бір сабақ түрінің мақсатына жетуі  , тілдік тақырыптың мән –мазмұнының жан-жақты ашылуы сабақ түрлерінің ұтымды әрі қызықты ұйымдастырылуына байланысты . Білім берудің негізгі сатысында тілін оқытудың мақсаты –тәуелсіз елімізде қолданылу аясы кеңінен сан-салалы қоғамдық-әлеуметтік мәннін түсінген , қазақ тілінің қызметін меңгерген , коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.Оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне «Сындарлы оқыту технологиясы» өте тиімді деп ойлаймын.  Бұл жүйемен оқыту барысында оқушы жыл бойына барлық тақырыптар бойынша үздіксіз жұмыс істеуіне мәжбүр болады. Оқушылардың білім сапасы төмен болған жоқ.

Басқа жариялымдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ