Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру

0
4095
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Мұғалімнің аты-жөні: Баймаганбет Ж.К.

Мектеп: «Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ

Сынып:  9

Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру

Сабақтың мақсаты: Тригонометриялық формулалар мен тепе-теңдіктерді  қолдана отырып тригонометриялық өрнектерді түрлендіреді

Тілдік мақсат: Тригонометриялық фунциялардың қасиеттерін,формулалар мен тепе-теңдіктерді  ауызша айта алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Тригонометриялық функциялар, тригонометриялық тепе-теңдіктер, формулалар

Талқылауға арналған тармақтар:

Тригонометриялық функциялардың қасиеттері

Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер

Тригонометриялық формулалар

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Жағымды психологиялық ахуал туғызу. «Сағат» әдісі
  3. Топқа бөлу. «Жалғасын тап…» әдісі формуланың жалғасын тауып, қай топқа жататынын анықтап бөлінеді.

І топ — Келтіру формулалары

ІІ топ — Қосу формулалары

ІІІ топ — Қос және жарты бұрыштың  формулалары

3. «Миға шабуыл» әдісі. Слайд арқылы қасиеттері мен формулаларды қайталау

Формуланың қай тобына жатады:

  1. tga×ctga=? (1, негізгі тригонометриялық тепе-теңдік)
  2. cos2a-sin2a=? (cos2a, қос бұрыштың формулалары)
  3. cos2(, жарты бұрыштың формулалары)
  4. y=cosx функциясының ширектердегі таңбалары? (+,-,-,+)
  5. Тригонометриялық функциялардың тақ, жұптығы? (cosx-жұп, sinx, tgx, ctgx-тақ)
  6. tg(p-a)=? (-tga, келтіру формуласы )
  7. sin(2700+a)=? (-cosa, келтіру формуласы)
  8. cosa+cosb=? (2cos, қосындыны көбейтіндіге түрлендіру)
  9. )+sin()]-? (sinacosb, көбейтіндіні қосындыға түрлендіру)

Сөздік бағалау

Сабақтың негізгі бөлімі

4. Топпен жұмыс. Постер құру. Берілген тапсырманы орындап, қарсы топқа тексеруге беріледі, қатесін тауып талдайды.

Қолдау арқылы бағалау

5. Жұппен жұмыс. «Вагон құрау» ойыны

 Екі оқушы вагонда берілген тапсырманы орындап, жауабына сәйкес тақтаға орналастырады, бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.

Смайликтер арқылы бағалау

             3. Жеке жұмыс. Тест тапсырмасы. Kahoot бағдарламасы арқылы

  1. Қорытындылау.
  2. Бағалау
  • топ басшысының бағалауы
  • ББҮ кесте толтыру
  1. Үй тапсырмасын беру №435
  2. Рефлексия (оқушылар смайлик арқылы бағалайды: барлығын түсіндім; сұрақтарым бар; түсінбегенім көп)

Рефлексия – мұғалімдер «Бағдаршамға» сәйкес түсті жабыстырады: қызыл-ойдағыдай болмады,  сары – ұсыныстарым бар, жасыл — рахмет, сабақ ұнады!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ