Шынықсаң шымыр боласың! (ашық сабақ)

0
7014
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Тақырыбы: Шынықсаң шымыр боласың!
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі:
Көрнекілігі: түрлі — түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың!» сайысына қош келдіңіздер!
Көңілді жарысқа сынып оқушылары қатысады.
Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Бүгінгі сайыста 4 топ қатысады.

Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

— Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

— Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
І. Кезең. «Қол күрес» Шарты: тапсырманы  талапқа сай орындау.
ІІ кезең: «миналы алаң»
Шарты:
1.Минаны баспай жағалауға жету.
2. Дұрыс бағдар беру.
3. Бағдар бойынша қимылдау.
4. Берілген шарттарды бұзбау.

ІІІ кезең: «Қалың орман»
Шарты: Сынып екі топқа  бөлінеді. Әр ойыншы орман арасынан өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп, орнына келеді. Екі жақта тұрған орман тілектерін білдіреді.
ІV кезең. Мергендер. Шарты: Әр ойыншы үрленген шарды атады. Қанша шар жарғаны саналады.
Құрметті сайыскерлер, шарттар түсінікті болса сайысымызды бастаймыз! Сіздерге сәт сапар!
1 — Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.
2 — Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.
3 — Топтың ұраны: Салауатты өмір салтын сақтаймыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.
4 — топтың ұраны: Парасатты, айбынды,
Боламыз біз сегіз қырлы, бір сырлы.
Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын береді.

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар,
— деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт — досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, — демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!

С.Хұдярова

Басқа жаңалықтар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ