Педагогтар мен оқушыларға арналған І Республикалық Е.Бекмаханов атындағы тарих олимпиадасы басталды

0
4161

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында жалпы білім беретін мектеп оқушылары, колледж студенттері мен тарихшы педагогтар арасында қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов атындағы І Республикалық «Қазақстан тарихы» пәнінен қашықтық олимпиадасы өтеді. Олимпиада Qaztest.kz сайтында онлайн түрде өтеді.

Олимпиадаға оқушылармен қатар мұғалімдер мен колледж студенттері де қатыса алады. Қатысушылардың сұранысы бойынша сайтқа олимпиадалар қосылды.

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты – 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды.  Сайт №17359-СИ тіркеу куәлігімен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тіркелген.       Сайт олимпиадалары ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 24 мамырдағы №226 бұйрығының конкурстар тізбесіне 257 жолға енгізілген.

Өткізілу уақыты: 1 сәуір мен 20 сәуір аралығы. Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Бірінші кезең нәтижесімен жүлдегерлер анықталады. Олимпиадаға Республикалық балалар басылымы «Ақжелкен» журналы мен «Ұлан» газеті ақпараттық қолдау көрсетеді.  Олимпиада жеңімпаздарына  «Қазақстан үміті» төсбелгісі, тарихи кітаптар және «Ұлан», «Ақжелкен» республикалық балалар басылымының 6 айлық жазылым түбіртегі сыйға беріледі.

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік мүмкіндік – 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге, үш реттік мүмкіндік –1300 теңге, төрт реттік мүмкіндік – 1600 теңге.

Сайт редакциясы олимпиада қатысушылары үшін арнайы нұсқаулық жасады.

Олимпиадаға қатысу үшін сайтқа тіркелуіңіз керек

Тіркелгеннен кейін олимпиадаға қатысу жарнасын жасайсыз

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ ВИДЕОНҰСҚАУЛЫҚТЫ КӨРІП ШЫҒЫҢЫЗ

Барлық терминалдар арқылы төлем жасау

Карта арқылы онлайн төлеу

Төлем жасағаннан кейін тестті сатып алуыңыз керек

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі сайтта және ақпарат ретінде «Ұлан», «Ақжелкен» балалар басылымдарында жарияланады. 17 баллдан жоғары балл алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі. Дипломдар автоматты түрде почталарына жіберіледі және Менің сертификатым бөлімінде сақталады.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17  ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында электронды түрде почтасына жіберіледі. Олимпиадада ең жоғары нәтиже көрсеткен 50 оқушыға «Қазақстан үміті» төсбелгісі, 100 оқушыға «Ұлан», «Ақжелкен» республикалық балалар басылымының 6 айға жазылым түбіртегі сыйға беріледі (ұпайлары жоғары болған жағдайда бір мектептен 3 оқушы сыйақыға ілінеді). Қорытынды нәтиже, яғни сыйлық иегерлері сайтта 23 сәуір күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады.

Бір мектептен 50 оқушы қатысып, 25 жүлделі орын шықса ұжымға  «Ең үздік ұжым» дипломы беріледі. Сонымен қатар,  20 оқушысы жүлделі орынға иеленген пән мұғаліміне «Үздік тарихшы ұстаз»   дипломымен марапатталады. «Үздік ұжым» және «Үздік тарихшы ұстаз» номинацияларына үміткерлер қатысушылардың сайтқа тіркелген почтасы мен орын алған оқушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

«ҮЗДІК ҰЖЫМ» НОМИНАЦИЯСЫ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс нөмірі
Реті Қатысушының аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті)
1.


«ҮЗДІК ТАРИХШЫ ҰСТАЗ» НОМИНАЦИЯСЫ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Ұстаздың толық аты-жөні
Реті Оқушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті)
1. 

Ескерту! «Үздік ұжым» дипломы мен «Үздік тарихшы ұстаз» номинациясына өтініш хаты жіберілмеген жағдайда марапаттар жіберілмейді.

Олимпиада жарнасының белгілі бір пайызы «Добровольное общество милосердие» қайырымдылық қорына (http://detdom.kz) аударылады. Аударымдардың нақты мақсатқа жұмсалғандығы туралы есеп сайтқа жарияланады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Код 19

КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.

Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

Қосымша реквизит:

Каспий голд:  5169 4931 3102 2470; ЖСН (ИИН): 870327401578  Сабирова Акгуль

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ruпочтасына «Төлем квитанциясы» деп және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек. Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті. 

БАНК ЖӘНЕ ҚАЗПОШТА АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМ ТҮБІРТЕГІН ЖІБЕРУШІЛЕР ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест, 2 реттік тест)
     

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Терминал арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті қосып беретін болады.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00 ден 18:00-ге дейін.
Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22


ПІКІР ҚАЛДЫРУ