«Пиши, сокращай» кітабы маған қалай әсер етті?

0
863
«Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге» — деп хакім Абай айтқандай, кітап таңдап, талғап оқи білуде өнер! Оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмірде жарата білу  маңызды. Ол әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың біріАдамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірібілім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен.

Оқулық адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегенімізалдыңғы ұрпақтың артқыұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік«, — дегенеді Ғабит Мүсірепов. Сондықтан дұрыс кітаптытаңдап және одан өзіндік түйін мен өмірлік сабақала білу де — өнер.

Мен кітаптарды жан тәніммен жақсы көремін. Осы уақытқа дейін оқыған детективті оқиғалар, психологиялық әңгімелер, романдар, қиял-ғажайып ертегілер бәрі-бәрі жүрегімде ерекше орынға ие болған. Біреуі өмірге деген көзқарасымды өзгертсе, біреуі көп заттарды қиындатпауға үйретеді.

Ал «Контент-менеджмент» сабағының арқасында, қолыма көптен бері оқығым келіп жүрген  кітапты оқыдым. Ол Максим Ильяховпен Людмила Сарычеваның «Пиши, сокращай» атты кітабы. Алғашқы бетінен бастап, мықты мәтін жазудың 10 ережесіндегі түртіп алған нәрселерім: «Күш-шындықта», «Көпсөзділікке қарағанда, мағына маңызды», «Өзіңе жазғандай жаз», «Пайдалыны алдыға жібер». Ұнаған себебі, бұл қағидаларды ұстансаң сен өзіндік «меніңді» жоғалтып алмайсың, керісінше, қаламыңды ұштауға септігін тигізеді.

Мәтіннің маңыздылығын барлығымыз түсіне береміз бе?

Осы уақытқа дейін жазу өнері тек гуманитарлық бағыт өкілдеріне ғана қажет деп ойлағанмын. Қателесіппін. Әр адамның өмірінде көп нәрсені шешіп бере алатын, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын мәтіннің маңызы зор екен. Оны тек жазушылар мен журналистер емес, барлығы жазады. Ал барлығы дұрыс тұрғыда жаза білуі тиіс деп санаймын.


Кеңседегі менеджер, банктағы кеңсе қызметкері, мектептегі мұғалім, үкімет басындағы шенеунікбарлығының жазатыны мәтін. Бірақ айырмашылығы, тек әсер ете алу деңгейінде.

Мектептен түлеп ұшқан түлек те,  университет қабырғасында білім нәрін сусындаған студент те жұмысқа орналасу үшін хат жазадыбұл мәтін. Оның мансабының басталуы хатты қаншалықты дұрыс жазғанына байланысты. Себебі, ол беделді компанияда жұмыс істей ала ма, әлде құрдастары сияқты аз жалақы төленетін жұмысқа араласуға мәжбүр бола ма?

Кәсіпкер келісімшарт жасайдыбұл да мәтін. Егер осы келісім бойынша ол сотқа тартылса, олар мәтін бойынша сотталады. Кәсіпорынның, оның қызметкерлерінің және олардың отбасыларының тағдыры келісімшарттың нақты жасалғанына байланысты.


Мұғалім экономика пәнінен оқулық жазады. Оқулық мектепке барады. Оқушылардың экономикалық сауаттылығы осы оқулықтағы мәтінге байланысты. Осы студенттердің кейбірі экономика министрі болады. Эколог адамның климатқа әсері туралы мақалалар жариялайды. Жер шарының болашағы мақаланың қаншалықты сенімді екендігіне байланысты.

Мәтінбіз жасаған барлық нәрселерде. Біздің бизнесіміздің сәттілігі көбінесе оның қалай жазылғанына байланысты: олар бізді ести ме, жоқ па, бізді дұрыс түсінеді ме, басқаларды сендіреміз бе, олар бізге сенеді ме?

Қазіргі мәтіндер пайдалы ма?
Қазіргі қоғамда әдемі сөздерді мың қайталап, танымалдылық пен рейтинг үшін басына келген ойларды жаза салу трендке айналып кеткендей. Бірақ сол мәтінді оқу барысында, біз пайдалы не ала алдық? Артық керегі жоқ сөз бен мәліметтерден басқа берері бар ма? — деген сұрақ туындайды. Өкініштісі, бұл сұрақтың жауабы «жоқ».

Бұл кітап өзіңнің де, басқалардың уақытын құрметтеуге үйретеді. Ғаламтор графоманиялық мақалаларға толы. Мәтін парағының төменгі жағына жеткенше, адамзат баласының ең бағалы ресурсы – уақыт жоғалады. Түйін: екі сөзбен жеткізе алатын нәрсені, он сөзбен жеткізудің қажеттілігі жоқ.

Бұл туындыны тек бір рет оқу жеткіліксіз. Әр ақпаратты миға қондырып, күнделікті өмірде дағдыға айналдыру міндетті.   Бірнеше рет ой елегінен өткізіп, тәжірибе жүзінде қолдануға тырысу керек.

Журналистика мамандығында оқи отыра, қазіргі таңда, Білім және Ғылым беру орталығында менеджер болып жұмыс істеймін. Оқушылар үшін мәтін жазу, оларды біздің орталығымызға тарту – мен үшін күнделікті үйреншікті нәрселер. Енді мен қалай жазсам өтімдірек болатынын білемін. Алған білімімізді дұрыс бағытта қолданумен қатар, өзіндік ерекшелік стилімізді жоғалтып алмайық!

Өтеп Жібек


ПІКІР ҚАЛДЫРУ