Президент Қоры студенттер арасында конкурс жариялайды

0
2151

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры қазақстандық студенттер арасындағы дербес стипендияларды алуға ай сайынғы конкурс өткізеді. Конкурс туралы толық ақпаратты Тұңғыш Президент қорының ресми сайтынан алуға болады. 

Қордың стипендиясы конкурстық негізде тағайындалады, онда Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнайы оқу орындарының (өнер және мәдениет) студенттері қатыса алады.

Қордың конкурсына өтінім беретін үміткерлер кемінде екі курсты сәтті аяқтауы, академиялық үлгерімі бойынша масималды көрсеткіштері болуы тиіс. Университеттің ғылыми-зерттеу, шығармашылық және қоғамдық өмірінде белсенді қатысуы. Кандидаттар өздерінің үлгерімдерін сертификаттармен, грамоталармен, баяндамалармен, жарияланымдарымен, сөйлеген сөздерімен және сыйлықтарымен растауы қажет.

Қордың стипендиясы жалпы белгіленген стипендия өзгеше төленеді, бір жылға тағайындалады және ай сайын оқу жылы кезінде ғана төленеді, маусым, шілде және тамызды қоспағанда.

Жыл сайынғы конкурс екі жүйелі турдан тұрады:

Екінші турды Қор жоғары оқу орындарында өткізеді, оның барысында Қордың стипендиясын алуға үздік студенттерді іріктеу жүзеге асырылады.

Екінші (республикалық) турды Қор жоғары оқу орындарының ұсынған студенттері арасында өткізеді.

Конкурсқа қатысу үшін алдын ала Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті -Елбасы Қорының студенттік стипендияларын тағайындау ережесін жүктеп өтінімді толтыру қажет.

Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған өтінімді жүктеу.
Өнер және мәдениет оқу орындарының студенттеріне арналған өтінімді жүктеу.
Ережені жүктеу.

Өтінімдерді қабылдау 2018 жылғы 28 мамырдан басталып 21 қыркүйекке дейін.

Қордың стипендиясының мөлшері және саны.

Барлық тілек білдірушілерді қатысуға шақырамыз!

Анықтама үшін:

Едигеева Роза Макашевна, +7 (727) 220 92 24, roza@fpp.kz
Исмаилов Тимур Муратович, +7 (727) 220 92 14, tismailov@fpp.kz


ПІКІР ҚАЛДЫРУ