Елбасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі лауазымына Күләш Шәмшидинованы тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында бұл лауазымға Күләш Шәмшидинованың кандидатурасы мақұлданған болатын. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
***
К.Н. Шәмшидинованы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындау туралы Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2019 жылғы 25 ақпан № 852