Психологиялық түсінік. Абазия, аббревиатура, абдикация, аберрация деген не?

0
2284
Иллюстрация: Freepik.com

 

Абазия (грек. а-тepic бөлшек +basis-жүріс(көбінесе жүйке ауруы салдарынан жүру қабілетін жоғалту) истерия немесе ұстамалы жүйке ауруы күйінде жиі кездеседі.

Аббревиатура — шартты қыс-қартылған сөздер.

Мысалы: т.т. –тағысын тағылар; т.б. – тағы бас-қалар; т.с.с. – тағы сол сияқтылар.қысқартылған атаулар;

Мысалы: пс.ғ.к.– психология ғылымдарының кан-дидаты; пс.ғ.д. – психология ғылым-дарының докторы; п.ғ.к. – педагоги-ка ғылымдарының кандидаты;п.ғ.д. –педагогика ғылымдарының докто-ры;х.ғ.к. – химия ғылымдарының кан-дидаты; х.ғ.д. –химия ғылымдарының докторы; Ж.ж.ж. – жоғары жүй-ке жүйесі.

Абдикация – лауазымдықтан,басшылықтан безу,іс-әрекет жүйе-сінде белгілі бір әлеуметтік-психо-логиялық статусқа бейімделіп қалу.

Аберрация – (лат.aberratio–қаз.қашу, аулақ болу, алжасу) –тұрақты қалыптан ауытқу; ағзаның дағдылы қалыптан ауытқуы . Көздің оптикалық жүйесінің нәрсені күңгірт бейнелеуін түсіндіруде қолданылады.

Жарық сәулесінің линзадан шағылысып өткенде бір нүктеде қиылыспай, бұрмаланған кескінді көрсетуден тұратын құбылыс. Сфералық және хроматикалық А. болады: Сфералық А. жағдайында жарық сәулелері линзаның перифериялық нүктелері арқылы өткенде, оның ол нақ орталық бөлігі-нен өткен сәулелерге қарағанда жақын бipiгеді. Хроматикалық А. жағдайында спектрдің қысқа толқынды сәулелерінің (әcipece, көк күлгін түсті) фокусы ұзын толқынды сәулелерінің (қызғылт, сары-қызғылт) фокусына жақын орналасқан. А.-ның түйсінумен қабылдау процестеріне әсері бар.

Дереккөз: Психология:Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011

Басқа материалдар:

1.«Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы

2 .Сабақты қызықты өту үшін арналған әдіс-тәсілдер

  1. Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдылары

ПІКІР ҚАЛДЫРУ