Qaztest.kz сайтының педагог мамандарға арналған олимпиадалары жалғасуда

0
2210
qaztest.kz

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты мен Martebe.kz ақпараттық білім порталы бірігіп олимпиадалар ұйымдастырып келе жатқанына 3 жыл. 2019 жылдан бастап Martebe.kz ақпараттық білім порталы ұйымдастыратын байқауларын ашық түрде, әділ бағалау мақсатында онлайн олимпиада форматына ауыстырдық. Енді барлық байқаулар онлайн олимпиада түрінде сайтта өткізіледі. 

Qaztest.kz сайты ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тіркелген. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен меморандум жасасып, олимпиаданы бірлескен түрде өткізеді.

Дәл қазіргі уақытта сайтта 2 олимпиада қатар өтіп жатыр.

Олар:

«Үздік сынып жетекші» олимпиадасы

  • Олимпиада 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығанда qaztest.kz сайтында онлайн өткізіледі;
  • Олимпиадада сұрақтар сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы мен әдістемесі және сынып жетекшілігі туралы ереже бойынша беріледі; 

«Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» олимпиадасы

  • Олимпиада 13 қаңтар мен 7 ақпан аралығында www.qaztest.kz сайтында онлайн өткізіледі;
  • Сұрақтар 2018 жылғы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу жоспары, мектепке дейінгі педагогика пәні бойынша дайындалған.

Олимпиада педагог мамандардың білімін әділ түрде бағалауға арналған. Біздің олимпиадаларында сыбайлас жемқорлыққа және басқа да заң бұзушылықтарға жол берілмейді. Олимпиада ұйымдастыру комитеті барлығын ашық түрде, барлық қатысушыға тең мүмкіндік беру арқылы өткізіледі.

Олимпиадада 17 ұпайдан жоғары алған қатысушылар жүлделі І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом иеленсе, жеңімпаздарға төсбелгілер мен қаржылай стипендиялар тағайындалады.

Олимпиадаға қатысып, өз біліміңізді тексеріңіз!

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ