Рефлекс және оның түрлері

0
13999
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Рефлекс және оның түрлері.

Нерв жүйесінің қызметінің негізі – рефлекс. Рефлекс деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне нерв жүйесінің қатысуымен организмнің берген жауабын айтады. Рефлекстің пайда болуына қажетті уақытты рефлекс уақыты немесе рефлекстің латентті кезеңі деп атайды. Жүйке жүйесінің рефлекстік қызметіне бапйланысты организм сыртқы және ішкі ортаның әсерлеріне тез жауап береді.

Барлық рефлекстер дененің бір жеріне – рефлекс аймағына – тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады. Рефлекс аймағында тітіркендіргіштің әсерін сезетін сезгіш рецепторлар орналасады. Рефлекстің болмысына байланысты рефлекстер қорғаныс, ас қорыту, тамақтану, зәр шығару, жыныс, тыныс, жүрек – қан тамырлар рефлекстері болып бөлінеді. Қозудың орталық жүйке жүйесі арқылы өтетін жолына байланысты жұлын, қыртыс, мишық, сопақша ми, таламустық, гипоталамустық болып бөлінеді.

И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартты және шартсыз рефлекстер деп бөлген.

Рефлекторлы доға, оның бөлімдері. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлы доға деп атайды. Қатысатын нейрондардың санына қарай рефлекторлы доға қос нейронды, үш нейронды және көп нейронды болып бөлінеді. Рефлекторлы доға бірнеше бөлімнен тұрады.
  1. Сезгіш бөлім. Мұнда орналасқан сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштің әсерін қабылдауынан қозу пайда болады.
  2. Афференттік жол рецепторларда пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне тасиды.
  3. Нерв орталығы. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген нейрондар тобы орталыққа келген қозуды талдап орталық жүйке жүйесінің жауабын тудырады.
  4. Эфференттік жол орталық жүйке жүйесінде пайда болған жауап қозуды эффекторға әкеледі.
  5. Эффекторлар орталықтан келген қозуға байланысты қызмет атқарады.
  6. Эффектордың рецепторлық құрылымы. Жұмысшы мүше қызмет атқарғанда ол мүшенің биохимиялық және электрлық өзгерістері пайда болады. Осы өзгерістерді мүшеде орналасқан сезгіш рецепторлар қабылдап, мүшенің жағдайына байланысты оларда қозу пайда болады.
  7. Эффектордың эфференттік жолы. Эфектордың рецепторында пайда болған қозуды сол мүшенің эфференттік нерв талшығы қайтадан орталық жүйке жүйесіне, оның нерв орталығына жеткізеді. Мұндағы нерв орталығы келген қозуды талдап, жұмысшы мүшенің қызметін тоқтатып немесе қажеттігіне қарай жалғастыратын жауап қозу пайда болады.
Рефлекс пайда болу үшін рефлекторлы доғаның барлық бөлімдері қызмет атқаруы тиіс. Егер оның бөімдерінің бірі қызмет атқармаса, рефлекс пайда болмайды. Рефлекторлы доғаның қозу жүретін жолдарын екіге бөлуге болады. Тура және кері байланыс жолдары. Рефлекторлы доғадағы сезім мүшесінде, яғни оның қабылдаушы аймағында пайда болған қозу орталық жүйке жүйесіне барып, одан жауап қозу жұмысшы мүшеге келетін жолды ревлекторлы доғаның тура байланыс жолы дейді.

Ал жұмысшы мүшенің сезгіш рецепторларында пайда болған қозудың қайтадан орталық жүйке жүйесінің баратын жолын кері байланыс жолы дейді. Рефлекторлы доғаны тура байланысы арқылы орталық жүйке жүесі эффектордың қызметін басқарады, ал кері байланыс арқылы эффектордың жағдайы туралы мәлімет алып тұрады. Рефлекторлы доғада бір нейроннан екінші нейронға қозу синапс арқылы ауысады. Ортaлық жүйке жүйесінде синапстар өте көп. Oрталық жүйке жүйесіндегі синапстар арқылы қозудың жүруі ерекше болады.

— орталық жүйке жүйесінде қозу бір бағытта ғана жүреді. Пресинапастық бөліммен тек қана постсинастық бөлімге қарай. Себебі пресинапстық бөлімнің мембранасы медиатордың әсерін қабылдамайды, сезбейді. Оны тек ғана поссинапстық мембрана сезеді де қозу тудырады.

-қозудың ырғағы мен күші өзгереді.Себебі пресинпстық бөлімге келген қозудың ырғағы поссинапстағы пайда болған қозудың ырғағынан өзгеше және оның күші мен ұзақтығы да басқаша.Ал клеткалық мембранада өозудың ырғағы үшінші түрлі болады.

-медиатор синапс аралығына бірінен соң бірі құйылғандықтан оның консентрациясы көбейіп, поссинапстық мембрананың бір ғана қозуын тудырыды, яғни синапста қозу жинақталады.

-синапстан қозу сәл кешігіп өтеді, себебі медиатор синапс аралығында диффузды жайылып,поссинапстық мембранаға әсер еткенше 0,5 секундтай уақыт қажет.

-синапста қозу әрекет соңынан да туады. Себебі синапсқа әрекет потенциалының келуі тоқталғанымен клеткалық мембранада ол жинақталып қозуды күшейтеді.

-синапс арқылы қозу қайта-қайта, бірінен соң бірі өткенде медиатор азайып қалады да, шаршау пайда болады.

Орталық жүйке жүйесіндегі нерв орталығының қызметтері. Орталық жүйке жүйесі синапстар арқылы бір-бірімен байланысқан нерв клеткаларының жинағынан құралған. Дегенмен мұндай нейрондар жинағынан белгелі бір мүшелердің қызметін реттеуге бейімделген нейрондар тобын байқауға болады. Ондай нейрондар тобын нерв орталығы деп атайды, яғни белгілі бір қызметті бірігіп орындауға қатысатын нейрондар тобын нерв орталығы дейді.

Нерв орталығы – функциялық ұғым.Әрбір нерв орталығында белгілі бір қызметті орындауға қатысатын негізгі нейрондарға қоса, оларға көмекші болатын нейрондарда бар. Сонымен қатар, ми сыңарларының қыртысында негізгі нейрондардың қызметін бақылайтын, реттейтін әрбір нерв орталығының өкілдері болады. Олар нерв орталығындағы негізгі нейрондардың қызметін қазіргі, яғни тітіркендіргіш әсер етіп тұрған мезгілдегі жағдайға байланыстырып, қисынын келтіреді.

Орталық жүйке жүйесіндегі организмнің қызметінің үйлестірлуі. Адам организміндегі қандай да болмасын әрекеттер жүйке жүйесінің қызметіне байланысты және соған қатысатын нерв орталықтарының, ондағы нейрондардың қызмет қабілетінің жағдайына байланысты. Барлық мүшелер мен мүшелер жүйелерінің қызметтері организмде бір-бірімен үйлестіріліп отырады, үйлесімді орындалып өзара кедергі жасамайды. Былайша айтқанда, организм ішкі және сыртқы орталардың әсерлеріне біртұтас құрылым ретінде жауап береді.

Көптеген мүшелердің қызметтерін біріктірп, байланыстырып, сыртқы ортаның әсерлеріне бейімделуін орталық жүйке жүйесінде организмнің қызметін үйлестіру немесе кординациялауы дейді. Орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы реакцияларды үйлестіруі қозу мен тежелудің бір-бірімен байланысына және олардың қасиеттеріне негізделген иррадиация, индукция, даминанта, консентрациялау және конвергенцияның қатысуысмен іске асады.

Нерв орталықтарында қозу тежелуге және керісінше, тежелу қозуға жылдам ауысады. Сонымен қатар, бір нерв орталығының қозуына байланысты екінші бір нерв орталығының қозуы тежеледі және керісінше, бір нерв орталығы тежелгенде екіншісінің қозуы күшейеді. Мұны қозу мен тежелудің индукциясы дейді. Егер нерв орталығында қозу тежелуге ауысса – теріс индукция, ал тежелу қозуға ауысса – оң индукция.

Орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелудің индукциясы олардың жайылуы тәрізді нерв талшықтарының миелин қабығының қалыңдығына байланысты болады. Сондықтан бала неғұрлым жас болса, қозу мен тежелудің индукциясы соғұрлым нашар болады.

Бірнеше нерв орталығындағы қозу мен тежелу бір орталыққа жинақталады. Мұны қозу мен тежелудің жинақталуы дейді. Жинақталу таралуға қарама- қарсы құбылыс. Балаларда ол нашар болады.Нерв орталығының қызмет атқаруының негізгі қасиеттерінің біріне домината жатады. Оның негізін ең алғаш А.А.Ухтомский ұсынған. Оның қозу мен тежелуінің доминантасы

( лат.доминанта — басым) туралы ілім бойынша жүйке жүйесінің қызметінде бір нерв ортлаығының қозуы басқаларының қозуын өзіне тарту арқылы белгілі бір сәтте басымрақ болады да, басқа орталықтарының қызметін өзіне бағындырады. Мұндай жағдайда басқа нерв орталықтарын қоздыратын тітіркендіргіштер доминантты орталықтың қозуын күшейте түседі.

Себебі бұл сәтте баланың орталық жүйке жүйесінде басым нерв орталығы басқа орталықтардың қозуын өзіне тартып, қоза түседі. Бір мүшесі қатты ауырып отырған адамның ауырмайтын сау мүшесіне қол тиіп кетсе, оның ауру мүшесі одан сайын қатты ауырады. Бұл да басымдылыққа мысал бола алады. Балаларда басымдылық оңай және жеңіл пайда болады. Сондықтан да баланың зейіні тұрақсыз болады.Жаңа тітіркендіргіштер оның миында басқа орталықтың басымдылығын тударыды.

Педагогикада кездесетін балалардың белсенді зейінін ми сыңарларында басым орталық және шетте индукциялы тежелудің пайда болуы мен түсіндіріледі. Балаларда белсенді зейіннің ұзақтығы жасына қарай әртүрлі. Кішкентай балаларда белсенді зейін нашар қалыптасады, тек 7 жасқа таман ол ұзара бастайды, 7 жасар балада 15 минут , 10 жаста – 20минут, 12 жаста – 25 минутқа созылады, 13 – 15 жас арасында – жарты сағаттай , 16 жаста – 40минуттай, ересек адамда бір сағатқа жуық.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ