Рес­ми іс­қа­ғаз­дар сти­лінің түрлері

0
14128

Стильдің бұл түрі құқықтық қарым-қатынас, әкімшілік саласында, кеңсе қызметінде қолданылады. Арнайы орындарда алдын ала дайындалған үлгілері де болады.

Іс-қағаздардың мынадай түрлері бар:

1. Мекемелердің, ұйымдардың ісін, қызметін үйлестіретін құжаттар:
бұйрық, ереже, нұсқау, хаттама, хабарландыру, мінездеме т.б.

2. Мекемелердің өзара қарым-қатынасын үйлестіретін құжаттар: қызметтік хаттар, қатынас қағаздары, келісімдер, шағымдар т.б.

3. Жеке адамдардың өзара алыс-берісін, іскерлік келісімдерін реттейтін құжаттар: өтініш, өмірбаян, түйіндеме, келісімшарт, сенімхат, тілхат, қолхат т.б.

Ісқағаздардың адам өміріндегі орны ерекше. Өндірістегі істің, адам өміріндегі іс-әрекеттің дұрыс, дер кезінде іске асуы құжаттар мазмұнының анық, дәл баяндалуына байланысты.

Құжаттардың сапасыз дайындалуынан қабылданған шешім орындаушыға өз мәнінде жетпей, 35%-ке дейін шала атқарылады екен. Ісқағаздардың мазмұны екіұшты болмайды, дәл, анық жазылады.

Оның құрылысы белгілі бір тәртіп, рет бойынша ұйымдастырылады.

Мәтін қысқа құралып, баяндау стилінде жазылады. Құжаттарды жазуда мемлекет дайындаған арнаулы нұсқау басшылыққа алынады.
­

Мақ­са­ты. Хабарлау, ақпарат, анық мәлімет беру.

­Қол­да­ны­лу ая­сы. Ісқағаздарда, нұсқау хаттарда, кеңсе және жеке қызмет құжаттарында.

Стиль­дік си­па­ты. Ресми, ақпараттық, есептік, дәл, нақты.

Тіл­дік амал-­тә­сіл­де­рі.  Кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, дайын тіркестер, терминдер.

Дереккөз: Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова,
Г.М.Найманбаева, Б.М.Найманбаева

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ