Сөзталас дегеніміз не?

0
8140
Freepik.com

Сөзталас – қандай да бір мәселені көпшілік арасында талқылау. Сөзталас баяндамаларды талқылағанда, хабарламалар жасағанда, жиналыстар мен конференцияларда, сондай-ақ сотта орын алады.

Ал кейде күнделікті өмірде, мысалы, қоғамдық жүктеме жұмыс (спорт сайысы, газет шығару, мерекені ұйымдастыру т.б.) барысында орын алып, жоғары деңгейде болмаса да, өзіндік пікірлерін танытуға мүмкіндік береді. Сондықтан сөзталас жоспарсыз түрде, кенеттен жүзеге асып жатуы мүмкін.

Туыс-туғандардың, отбасы мүшелерінің, көршілердің, қызметтестердің, кездейсоқ адамдардың даулы сөздері де сөзталасқа жатады.

Мақсаты. Кенеттен туындаған жағдайда қарсыласқа тойтарыс беру. Көбіне әзілі жарасқан ағайын, дос-жаран, көршіқолаң, қызметтестер арасында көрініс береді.

Ерекшелігі.  Күтпеген жерден өріс алуы мүмкін. Суырып салып айту, тапқырлық таныту қажет. Қарсыластың осал тұсын дәл табу, әдемі, шебер иіріммен тойтарыс беру.

Мәдениеті. Дөрекілікке бой алдырмау. Уақытында дереу жауап беру. Шымшыма, әзіл сөзді дұрыс қабылдау.

Мәдениетсіз әрекеттерді (дауыс көтеру, құшақтау, қағып жіберу, көз, қол қимылдарын орынсыз қолдану т.б.) шектеу, әзілге негізделген сөз орамдарын
орынды пайдалану.

Дереккөз:  Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова,
Г.М.Найманбаева, Б.М.Найманбаева

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ