Мұғалімдерген арналған республикалық ғылыми жинақ жарық көреді

0
2606

«12 жылдық білім берудегі педагогикалық әдіснамалар: методология, теория, тәжірибе» атты республикалық ғылыми жинағының

ЕРЕЖЕСІ

  1. Ғылыми жинақтың мақсаты

«Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады» деген даналық сөз бар. Өткенімізді еске алып, тарихтан тағылым алу әрбір тұлғаның міндеті. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік білім беру мамандарының жұмыстарын танымал етіп, жас педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру, мұғалімнің дарынды балалалармен және мектеп жасына дейінгі балалармен шығармашылық жұмыстарын арттыру мақсатында Мәртебе.кз Республикалық  білім порталы «12 жылдық білім берудегі педагогикалық әдіснамалар: методология, теория, тәжірибе» атты республикалық ғылыми жинағын жариялап отыр.

  1. Ғылыми жинақтың салалары

Қабдеш Жұмаділовтың 80 жылдығына арналған «Тарих.Қоғам.Тұлға» атты тақырыпта баяндамалар мен үздік ашық сабақтар қабылданып, арнайы орындармен марапатталатын болады.

Ғылыми жинаққа мектепке дейінгі білім беру орындары қызметкерелерінің, жалпы білім беретін оқу орындарындағы, сонымен қатар арнаулы орта оқу орындарында оқытылатын барлық пәндер және т.б білім саласы бойынша ғылыми баяндамалар, ашық сабақтар, сабақ жоспарлары, ғылыми мақалалар қабылданады.

Қойылатын талаптар: Материалдың мәтіні сурет, сызбалармен қосқанда А4 форматында болуы тиіс. Бет санына шектеу қойылмайды. Мақаладағы орфографиялық қателіктерге мақаланы жіберуші жауапты. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады. Қаріп түрі Times New Roman, қаріп өлшемі -12, интервал 1,5 болуы тиіс. Әдебиеттер тізімі мақала соңында көрсетіледі.

    1. Ғылыми жинаққа өтініштер мен жинақтарды қабылдау және марапаттау

 Жинаққа жұмыстары енген мұғалімдерге жинақпен қатар сертификат беріледі. Материалдар жарнапұл түбіртегімен бірге қабылданады.Байланыс телефондары: 8775 998 8387 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ