«ҮЗДІК МАМАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЗДІК БІЛІМ БЕРУ МАМАНДАРЫНЫҢ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ

0
3355

МӘРТЕБЕ.КЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІЛІМ ПОРТАЛЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН  2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖАРЫҚ КӨРГЕЛІ ОТЫРҒАН

 

«ҮЗДІК МАМАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЗДІК БІЛІМ БЕРУ МАМАНДАРЫНЫҢ   ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ

 

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен-тарихтағы ең ұлы істің бірі».

                                   К.Д Ушинский             

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді»деген сөзі бар. Елбасымыз жыл сайынғы жолдауларында да білім саласын назарынан тыс қалдырған емес. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Мектептің жаны-мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы». Мәртебелі білім ошақтарындағы мәртебелі мамандардың педагогикалық шеберліктерін арттыру, жақсы оқушыларды тәрбиелейтін жақсы ұстаздарымыздың білім беруге деген ынтасын арттырып, жетістіктерін кеңінен насихаттау мақсатында «ҮЗДІК МАМАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЗДІК БІЛІМ БЕРУ МАМАНДАРЫНЫҢ   ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫН жариялап отырмыз. Осыған дейін Мәртебе.кз Республикалық білім порталы мектеп ұстаздарының, мектеп оқушыларының арасында, сонымен қатар мәдениет саласының үздік қызметкерлерін анықтап, оларды жұртшылыққа таныту, мәртебелі мамандар арқылы мәртебелі білім ордаларының дәрежесін көтеріп, талантты балалардың шығармашылық қабілеттіліктерін арттыруға арналған республикалық деңгейдегі бірнеше байқауларды, сонымен қатар бірнеше ірі жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл жоба да сол игі істердің заңды жалғасы. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне арналып жарық көргелі отырған бұл жинаққа республикамыздың барлық өңірлеріндегі түрлі деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы болған, педагогикалық шеберлігі мол, тәжірибелі, білім саласының дамуына, сондай-ақ шәкірт тәрбиелеуде еңбек сіңіріп жүрген білім ордаларының қызметкерлері енгізіледі.

Жинаққа өтініштерді қабылдау 2016 жылдың сәуір айының 20 жұлдызына дейін жалғасады. Жинаққа енген ұстаздар үшін «ҮЗДІК МАМАН» ТӨСБЕЛГІСІ тағайындалады. Төсбелгімен қоса жинаққа енгендігін растайтын сертификат, куәлік беріледі.

Тапсырыста келесі мәліметтер болуы тиіс: 3-4 суреттің электронды нұсқасы (JPEG форматта);

— Мұғалімнің толық аты-жөні, мектебі(мектен-жайы),жетістіктері (аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі), байланыс нөмірі.

-Мәліметтер Microsoft Office Word форматында, қаріп түрі: Times New Roman × 12 болуы тиіс.

Жинаққа ену тегін. Жинақты алу құны- 5000 тг. Төсбелгі құны- 10000 тг. Жинақты төсбелгімен бірге алуға ниет білдергендер 15000тг көлемінде жарнапұл төлейді.

Төлемақы Халық Банкі арқылы жүзеге асырылады.

Төлемақы мақсаты- «Үздік маман»энциклопедиясы. Төлемақы төленгендігі жөніндегі түбіртекті сканерлеп өтінішпен бірге жіберуі керек. Сонымен қатар төлемақының мақсаты міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Интернет адресіміз: www.martebe.kz

Байланыс телефондары: 87279785922


ПІКІР ҚАЛДЫРУ