«ЕЛ ҮМІТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ

3
3494

МӘРТЕБЕ.КЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІЛІМ ПОРТАЛЫ БАСТАМАСЫМЕН  2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖАРЫҚ КӨРГЕЛІ ОТЫРҒАН

«ЕЛ ҮМІТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ

 

«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады.»

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді»деген сөзі бар. Елбасымыз жыл сайынғы жолдауларында да білім саласын назарынан тыс қалдырған емес. «Дарынды бала –ұлт болашағы» деп айрықша назар аударып келеді. Дарынды балалардың оқуға деген ынтасын арттырып, жетістіктерін кеңінен насихаттау мақсатында «ЕЛ ҮМІТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫН жариялап отырмыз. Осыған дейін «Мәртебе.кз Республикалық мәдениет және білім порталы» ЖШС мектеп ұстаздарының, мектеп оқушыларының арасында, сонымен қатар мәдениет саласының үздік қызметкерлерін анықтап, оларды жұртшылыққа таныту, мәртебелі мамандар арқылы мәртебелі білім ордаларының дәрежесін көтеріп, талантты балалардың шығармашылық қабілеттіліктерін арттыруға арналған республикалық деңгейдегі бірнеше байқауларды сонымен қатар бірнеше ірі жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл жоба да сол игі істердің заңды жалғасы. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне арналып жарық көргелі отырған бұл жинаққа республикамыздың түкпір-түкпіріндегі халықаралық және республикалық олимпиадалардың және түрлі деңгейдегі білім сайыстарының жүлдегерлері, көркем сөз оқу шеберлері, өнерлі жас өрендер мен спорт саласында жетістікке жетіп жүрген мектеп оқушылары енгізіледі.

Жинаққа 20-дан астам дарынды балалар енгізілген білім ордалары үшін арнайы номинациялар тағайындалып, марапаттаулар жүргізіледі.

Жинаққа шығу өтініштерін қабылдау 2016 жылдың сәуір айының 15 жұлдызына дейін жалғасады. Жинаққа енген оқушыларға «ЕЛ ҮМІТІ» ТӨСБЕЛГІСІ тағайындалады. Сонымен қатар, жинаққа енгендігін растайтын сертификат, куәлік беріледі. 

Тапсырыста келесі мәліметтер болуы тиіс:-3-4 суреттің электронды нұсқасы (JPEG форматта); — Оқушының толық аты-жөні, мектебі(мектен-жайы), сыныбы, жетістіктері (аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі), байланыс нөмірі. -Мәліметтер Microsoft Office Word форматында, қаріп түрі: Times New Roman × 12 болуы тиіс. Жинаққа ену тегін. Жинақты алу құны- 5000 тг. Төсбелгімен бірге алуға ниет білдіргендер- 9000 тг көлемінде жарнапұл төлейді. Төлемақы Халық Банкі арқылы жүзеге асырылады. Төлемақы мақсаты- «Ел үміті» энциклопедиясы. Төлемақы төленгендігі жөніндегі түбіртекті сканерлеп өтінішпен бірге жіберуі керек. Сонымен қатар төлемақының мақсаты міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Интернет адресіміз: www.martebe.kz

Байланыс телефондары: 87759988387

 


3 ПІКІРЛЕР

  1. «Жас маман» тәрбиеші қорытындысы қашан шығады.

  2. Салеметсиз бе , 2016 жылдары Ел умити балалар энциклопедиясы шыккан еди , сол энциклопедияны кайдан сатып алсак болады

ПІКІР ҚАЛДЫРУ