Ризашылық пен алғыс. Алғыс  айту күніне арналған мерекелік кеш

0
9935

Мақсаты:

  1. Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру
  2. Білімгерлердің сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
  3. Білімгерлерді үлкен-кішіге деген сүйіспеншілікке, сыпайылық қарым -қатынасқа, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Гүлдер, шарлар, слайд, бейнероликтер

1-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен білімгерлер !

2-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты достар!

1-жүргізуші:   1 наурыз-Алғыс  айту күніне арналған  «Ризашылық пен алғыс» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! (Қазақ биі)

2-жүргізуші: Достым, біз бүгін  ризашылық,алғыс туралы сөз қозғап жатырмыз.Осы сөздердің мағынасын қалай түсінесің?

1-жүргізуші: Несі бар мен ойымды  айтып көрейін

-Ризашылық – адамның  басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

-Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне,жасаған істеріне жоғары баға беруі.

2-жүргізуші: Рахмет достым .Маған да менің құрбы достарыма да түсінікті болды деп ойлаймын.

1-жүргізуші: Қазақстан халқы 2016 жылы тұнғыш рет Алғыс айту күнін  атап өтті.  2016 жылғы 14 қаңтарда  Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, №173 жарлыққа қол қойған болатын

2-жүргізуші: Алғыс айту күні- бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік өзара сенімділік пен барлық  қазақстандықтарға деген құрметтің орнығынуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз коныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпашылықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды

1- жүргізуші: Алғыс айту  күні-күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды  құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.

Ән: Мади мен  Нұрсұлтанның орындауында  «Жан досым» әні

2-жүргізуші: Президент Алғыс айту күні туралы «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн- 1наурызды жыл сайын  барлық этоностардың бір-біріне және мейірбандық танытып,  ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді: ол күн бізді бұрынғыданда гөрі жақындастыра түспек.

Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір – біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді» -деген болатын .

Құрметті ұстаздар мен білімгерлер сіздер алғыстарыңызды кімге білдіресіздер ? қазір сіздерге смайликтар таратылады.  Алғысыңызды білдіргіңіз келетін  есімдерді жазып отырыңыздар.

 1- жүргізуші: Осы күн тағдыр тоғыстырған  Қазақстанның көпэтностық халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні .Бұл репрессия  мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейірімділік пен ақ көңілділік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.

2- жүргізуші:  Алғыс айту күні Қазақстандық патриотизмнің , достық пен бірлігіміздің, мәдени сан алуандығымыздың жарқын күні. Себебі, Елбасы 100 ден аса этностың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салуының  нәтижесінде біздің Біртұтас Ұлтымыз бірегей артықшылықтар иесіне айналғанын атап өткен еді.

Ән: Төлепберген Нұрдәулеттің  орындауында «Ана сен бақыттысың» әні

1- жүргізуші:  Алғыс айту күні-Қазақстан халқын мәнгілікке біріктіруге бағытталған  «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы- еліміздің барлық ұлт пен  ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан Халқы Ассамблеясының күні .

2- жүргізуші: Алғысты достым кімдерге айтар едің? Алғыстың, рахмет айтудың қажеті бар деп ойлайсың ба?

1-жүргізуші:Әрине, бұл мереке біздің менталитентке сай емес деушілер табылар.  Дегенмен, жылдың бір күнінде не үшін рахмет айту керек екенімізді ойлана жүрсең артық етпейтін секілді. Көптеген адамдар материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген болса да,алғыс айта білмеген үшін рухани  кедей болып қалып жатады.

2- жүргізуші:  Сонымен рахметке лайықты кімдер?

 1- жүргізуші: Бастысы-алғыс айта білу. Анаға -өмір сыйлағаны үшін, Әкеге-қорған болғаны үшін, Далаға-гүлдері мен көк шалғыны үшін,

Сөзге- жанды жылытатыны үшін, Күнге-шуағы мен назары үшін, жұлдызға-қараңғы түндегі жарығы үшін, досқа-құшағы мен иығы үшін ,Әжеге-ыстық алақаны үшін, Суға-тіршілік көзі болғаны үшін, Жерге-махаббаты мен бар болғаны үшін, Отқа- жылулығы үшін.

2-жүргізуші:  Ал біздің құрбы достарымыз, кімдерге алғыс айтар екен? Назар аударайық

Бейнеролик

1-жүргізуші:«Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар, әлемде Егемен  Қазақстан бар;

Оның көп ұлтты, тату,ынтымақшыл халқы

бар, қуатты экономикасы, сенімді жүйесі бар;

Ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар» деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай көпұлтты мемлекетімізде тұрып жатқан,колледжде білім алып жатқан өзге ұлт  өкілдерінің  қазақстан халқына деген   алғыстарын тыңдап көрсек.

Өзге ұлт өкілдерінің алғыстары

Жарқынай  мен Диананың орындауында  «Ұстазым» әні

2- жүргізуші: « Өмірге риза болып, алғыс айт» деп халық даналығында  айтылғангдай  адам өзінің  өмірге келегніне қуанып, риза болады. Қолындағы  барын қанағат тұтып, осының да  бар болғанына   рахмет  деп алғысын  білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді , өмірді,  өмірде  барды  бағалаудан басталады. Ендеше,  бір- бірімізді  бағалап, қадірімізді  біліп, ризашылығымызды   білдіріп  алдғыс  айта  жүрейік!

1- жүргізуші:  Ендеше  ортаға   колледж психологы  Кадирсизова  Лаура  әпкиді шақырамыз.

Ендеше біздің білімгерлеріміз өз алғыстарын кімдерге білдірді екен назар салып көрейік.

2- жүргізуші: 1 наурыз-  алғыс айту  күні. Бүгінгі   күнде  мейірім қалай  төгілсе,  алдағы  бар  ғұмырларыңыз  да  дәл  осылай  нұрлана  берсін!  Береке- бірліктеріңіз  тасысын, баршаңызға деген  алғысымыз  шексіз,  сіздерге  Алланың  рахметі  жаусын.

1- жүргізуші: Осымен  бүгінгі  1 наурыз — Алғыс  айту күніне  арналған   «Ризашылық  пен алғыс» атты мерекелік кешіміз аяқталды.  Келесі  кездескенше,  күн  нұрлы  болғай!

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ