«Роллан Мұсаұлының өмірі және шығармашылығы туралы» викторина сағаты

0
1793
Гомотетия және оның қасиеттері

 

Тақырыбы: «Роллан Мұсаұлының өмірі және шығармашылығы туралы» викторина сағаты

 Мақсаты:

А) Білімділік: Құрметті директор, Ұлы Отан соғысының ардагері,

Қазақстан Республикасына Еңбегі Сіңген мұғалім Роллан Мұсаұлының өмірі мен қызметі жайлы алған білімдерін тереңдету.

Ә)  Тәрбиелік: Ұлттық сезімнің негізін қалыптастыру, колледждің дәстүрін құрметтеу;

Б) Дамытушылық:   Студенттерді әлеуметтік құндылықтарға араластыру – отан сүйгіштікке, тарихи естеліктерге, еңбек және соғыс ардагерлеріне құрмет, қайырымдылық және ниет білдіруді дамыту;

Көрнекілігі:

Р.Мұсаұлы портреті.

Өткізу формасы: викторина сағаты

Жоспар :

  1. Кіріспе сөз. Топ жетекші: Ыкласова А.Ж.
  2. Роллан Мұсаұлының өмірі жайлы мағлұмат.
  3. Уалихан Әдемі дайындаған викториналық сұрақтар.
  4. Қорытынды.
Барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сабаққа әзірлеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  1. Мотивациялық кезең:

Біз бүгінгі сабағымызды ұлы адам Роллан Мұсаұлына шығармашылығына арнаймыз.

  1. Мұғалім сөзі:

Мусин Роллан Мұсаұлы 1922 жылы 10 ақпанда Семей облысы, Абыралы ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Семей геолог-барлау техникумын, 1941 жылы Киев геолог-барлау техникумын, 1942 жылы Кемеров атындағы жаяу әскери училищені бітіреді, 1944 жылы Семей педагогикалық институтында білім алады.
Еңбек жолы: 1941-1942 жылы – Батыс Сібір геолог басқармасының геолог-барлаушысы; 1942-1943 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болған. 1944-1961 жылдары – Семей облысы, Шар ауданының Абай орта мектебінің директоры; 1961-1966 жылдары Семей облысы, Шар, Жарма аудандарының аудандық партия комитетінің хатшысы; 1966-1969 жылдары Семей облкомитетінің партия нұсқаушысы; 1969-1985 жылдары Семей қаржы экономикалық техникумының директоры қызметтерін атқарды.

«Құрмет» орденінің иегері, Ұлы Отан соғысы I дәрежелі орденімен марапатталған, «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі», «КСРО Қаржы қызметінің үздігі», «Қазақ КСР халыққа білім беру ісінің үздігі» атақтарын алған. 2002 жылы 23 қазанда Роллан Мұсаұлына Семей қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.

1942- жылы Кемеров жаяу-әскер училищесіне оқуға түсті, мұнда да Роллан Мусин жалғыз қазақ баласы болды. Осы жерде спорттың қажет екендігін сезінді, барлаушы болған соң, ол өте сақ, шапшаң және өжет болуға тырысты. Осы негізде ол көп кешікпей лейтенант атағына да ие болды.

1942-жылы 450 курсанттың ішінде Роллан Мусин Ұлы Отан соғысына аттанды. Ол Москва түбінде Наро-Фоминск жерінде, дивизия құрамын құруда болып Воронеж, Сталинград майданында рота командирінің орынбасары қызметін атқарды. Осы жылы шілде айында 233-ші Сібір дивизиясы Сталинград түбінде үлкен шайқасқа қатынасты. Бұл табанды ұрысқа Сталиннің № 227- ші «Бір адам артқа шегінуге болмайды!» деген қатаң бұйрығы үлкен әсер етті. Соғыстағы қару-жарақтың жетіспеуі, азық-түліктің аз болуы, қан-төгіс, өлген солдаттар, қар мен жаңбырдың суы басқан окопта жатқан кездері қайсар жауынгердің есінен бір сәт кетпейді…

Адам өмірінің қаншалықты қымбат екендігін, оның ешқандай өлшемі жоқ екендігін Роллан Мусин сол сәтте білді. Тірі кезде адам адамға тек жақсылық, көмек көрсету, оны аяу, қамқор бола білу сияқты қасиеттерді білімдар Роллан Мусин сол кезде жүрегіне сақтаса керек, күні бүгінге дейін адам баласына қиянат келтірмегендігі оның әрбір ісінен сезіліп, көрініп тұрады.

Осы соғыста екі рет ауыр жараланды: бірі- автомат оғынан болса, екінші рет жарылған мина жарықшағынан ауыр жараланды.

Осы қиындық не үшін керек болды, кімге қажет болды? Бұл сұрақтың жауабы: азаматтық құндылықты иегерудің, өркениеттік үрдістердің ұлттық- азаттық жолын ашудың, ұлттың жетістіктерін жинақтау мен жүйелеу, оны елдің санасына жеткізу үшін қажет болды.

Ұлы Отан соғысындағы ерлік істері үшін Роллан Мусин Ұлы Отан соғысының «1-дәрежелі» ордені мен «Ерлігі үшін» медальімен және де ССРО-ның 18 медальдарімен марапаттылды.

Ауыр жаралы Роллан Мусин Уфа қаласында госпитальда емделді. Ұзақ емделуден кейін балдақпен өз елі — Қайнарға оралды. Еліне келсе, ауыл тұрмысы өте ауыр, ел жүдеген, әйелдердің қолында ерлерінен айырылған қара қағаз, жетім бала, жесір әйел, корточкалық жүйе мен әр семьяға бидай, сұлы арпа ғана берілетін заман.

Бейбіт өмірге қайтып келуі

Қайтып келген бетте Қайнар жерінде әртүрлі қызметтерді атқара жүріп, оның ішінде кәсіподақ комитетінде экономист-бухгалтер қызметін атқарды. Бұл жұмыс келешекте қаржы-экономикалық техникумын басқаруға әсері болды.

Қызмет жасай жүріп тағы да оқу оқып, елінің балаларына сауат аштырып, халқын алға жетелеу үшін 1951-жылы жедел мұғалімдер институтын бітіріп, Қайнар орта мектебіне оқу ісінің меңгерушісі болып қызметке тұрды.

Осы жолда Роллан Мұса ұлының аяғынан тік тұрып, елінің болашағына кеңінен көз жүгіртіп, елді ел етуге ат салысуына ұлан-ғайыр көмек көрсеткен, сол кездегі көздері ашық азаматтар: Жаппар Иманақышев, Зәрел Сәдуақасов, Өмірзақ Құсаев, Әділхан Мұқатаев, Омархан Жартыбаев. Oсы адамдар ауыл адамдарының білім алуларына көп көмек берді. Осы жерде «Адам баласын заманы өсіреді, ал ол адам өзі жаман болса, замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлы Абай айтқандай Роллан Мұса ұлын заманы өсірді.
  1. Уалихан Әдемі шаттық шеңберін өткізеді: Викториналық сұрақтарға көшпес бұрын бір бірімізге жыл сөз, тілек айтайық. (Балалар бір- бірлеріне жылы сөз айтады)
  2. Уалихан Әдемі дайындаған викториналық сұрақтар:

Сұрақтар

  1. Қай жылы Р.Мусин Шар ауданында директор қызметін атқарды? Мектептің аты?
  2. Соғыста неше рет жараланады?
  3. 1942 жылы Сталинград түбегінде 24 армияда, нешінші рота командирі болды?
  4. Кемеров жаяу әскери училищесінде оқыған, жалғыз қазақ баласы кім?
  5. Көп кешікпей қандай атаққа ие болды?
  6. Қай жерде Кен-барлау техникумын оқып бітірді?
  7. Нешінші жылдары Семейде қаржы-экономикалық техникумының директоры болып қызметін атқарды.?
  8. Колледж қабырғасында Мусин кімдермен түскен суреті ілініп тұр?
  9. Қай жылы Кемеров жаяу-әскер училищесіне оқуға түсті?
  10. 1942-жылы қанша курсанттың ішінде Роллан Мусин Ұлы Отан соғысына аттанды?
  11. Сталиннің нешінші бұйрығы қатты әсер етті? № 227
  12. Ұлы Отан соғысындағы ерлік істері үшін Роллан Мусин Ұлы Отан соғысының қандай медальдарымен марапаталады?
  13. Қай жылдары Семей қаржы экономикалық техникумының директоры қызметтерін атқарды?
  14. Қaй жылдары Семей облысы, Шар, Жарма аудандарының аудандық партия комитетінің хатшысы болды?
  15. Қай жылы Киев геолог-барлау техникумын бітірді?
Ребустар. Ребустарды шешу барасында жасырынған сөзді табу керек.

Сөзжұмбақ

Сұрақтары: 1 –ші сөз жұмбақ.

1 . Роллан Мусин мектепте не ұйымдастырды?

  1. Қай мектепке директорлық қызметін атқарды?
  2. ССРО-ның 18 ……-мен марапатталады.?
  3. Р.Мусин қандай соғысқа қатысты деп оилайсың?
  4. Семей қаласының қай селосында дүниеге келді?
  5. Біздің колледжіміз бастапқыда қалай аталды?

2 –ші сөз жұмбақ.

  1. Қай майданда дивизия құрды?
  2. Семей облысының қай ауданында дүниеге келді?
  3. Р.Мусин Семей …..-экономикалық техникумда директор болды?
  4. Ролан Мусин балалармен қандай сабақ өткізгенді жақсы көрді?
  5. Кемеров жаяу әскер училищесінде ненің жетіспейтіндігін байқады?
Білім саласындағы жұмысы

Білім саласында Роллан Мусин ана тілінің абыройын асқақтатуда патриоттық танытқан нағыз педагог, «Қазақ тілі арқылы жас буын өкілдерінің ұлтжандылық сезімін оятуға болады» дейді ол. Ол қай жерде жүрмесін елінің туын, тілін жоғары көтере білді. Тәуелсіз ел болу үшін ұрпағы парасатты, білімді, іскер де, қабілетті, отансүйгіш, ұлтжанды болуы қажет. Бұл іс мемлекеттің алдындағы тұрған басты мәселе. «Патриот адам – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам» дейді Роллан Мусин.

«Егемендік алған біздің ұрпағымыз келешекте өткен ата- бабамыздың істерін баяндай отырып, нағыз қазақ мемлекетін орнатады және ол үшін жастар өз ұлтын жақсы көретін, өткені мен болашағына сеніммен қарайтын жастар болады деп сенемін». Осы жерде «Әрекет қыл, пайдаң көпке тисін» деген ұлы Абайдың сөзін де айта кеткен дұрыс.

Роллан Мұса ұлы ірі тұлға. Оған біржақты мінездеме беріп, жазған- сызғанын талдап-таразылау мүмкін емес. Осы шола қарағанның өзінде ол көрнекті қайраткер, беделді басшы, белгілі оқытушы, білікті маман, соғыс ардагері. Тал бойына тоқсан өнер тоғысқан, кісілігінен кішілігі бір мысқал да кем емес осынау ірі тұлға туралы жан-жақты қамту мүмкін емес.

«Кешегі Кеңес Одағымен жетпіс жыл бірге жасап, ыстығына күйіп, суығына тоңған, халқы үшін қажымай еңбек еткен Роллан Мұса ұлындай ағамыздың ұрпақ үшін жасаған ерлігі еш өлшеусіз, қашанда біздер өнегелі аға алданда қарыздармыз, осындай әке, ағамыз болғанына қуанамыз. Әрқашанда Роллан Мұса ұлының деніне саулық тілейміз. Ылғи да бізбен бірге болғанын қалаймыз. Әрбір айтқан сөзін мұқият тыңдап жадымызға түйіп алуға тырысамыз» дейтін де оның түлектері мен шәкірттері.

1985-1989 жылдары Семей қаласының қалалық, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болды. Бұл істің басы- қасында болып қоғамның құрылуына үлкен көмегін тигізді. Осы қызметтегі ерен еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Орталық мүгедектер қоғамының Құрмет грамотасын, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грамотасын, Семей қаласы әкімінің грамотасын иеленді.

Қорытынды

Роллан Мусин-Қазақ ССР-інің Еңбегі сіңген мұғалімі, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан Республикасының үздік қаржыгері, «Құрмет» орденінің иегері, Семей қаласының Құрметті азаматы, әскери қолбасшы, Құрметті директор, Қазақстан Республикасының Мүгедектер қоғамын құрушы, Шығыс Қазақстан облысының Халықтар достығы Ассамблеясының мүшесі, Шығыс Қазақстан соғыс және еңбек ардагерлер Кеңесінің Президиумының мүшесі.1989- жылдан Семей облыстық Кустов мүгедектер қоғамының төрағасы қызметін атқарды.Ер қадірін туған елі білмесе, елдікке сын емес пе?! деген ұранмен ұлы тұлғалардың есімдерін алтын кітапқа жазу біздің міндетіміз.

Топ жетекшісі: Ыкласова А.Ж


ПІКІР ҚАЛДЫРУ