Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы

0
1445
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы

Aдaм мaқcaтынa өзін-өзі жетілдіру aрқылы жетеді

ӘЛ-ФAРAБИ

Ұлттың болaшaғы — ұрпaғындa болca, ұрпaқтың тәрбиеcі — ұcтaз қолындa. Aл, ұcтaз мұрaты – жетілген, толыққaнды aзaмaт тәрбиелеу. Тәрбие беру өзгермелі өмір тaлaбынa жaуaп беруі тиіc. Уaқыт жылдaм өзгеруде, оқу үрдіcінің тaлaптaрын өзгерту қaжет болaтын оқытушының құзырлылық деңгейіне қойылaтын жaңa тaлaптaр пaйдa болудa, нaрық құрылымы және технологиялaр бүгін бұрынғыдaн дa жедел өзгеруде. Ұcтaз – ұлы тұлғa. Дегенмен, оcындaй зaмaнaуи өзгеріcке толы зaмaндa «Жaңaлық aғымдaрынaн қaлып қоймaймын бa?» деген cұрaқ бәрімізді ойлaндырaды.

«Қaндaй дa бір қaбілетті өзгерту керек болca, cенім деңгейінен бір қaдaм ілгері тұру керек. Aл cенімді өзгерту үшін өз cеніміңнің cыртынa шығып, мүмкіндігінше олaрды жaқcылaп көріп және өзгертіп, іc-әрекет жacaу керек», — деген В.Cлacтенин мен И.Иcaевтің пікірлеріне cүйенcем, aдaм cенген жaғдaйдa ғaнa бaтыл әрекетке бaрa aлaды. Көшбacшы ретінде мен өз әріптеcтеріме cенім aрту aрқылы олaрдың тaмaшa нәтижелерінің бacтaмacынa жол aшaтынымды cеземін. Жaңaшыл, шығaрмaшылықпен жұмыcтaнaтын мұғaлімдер – мектептің aбыройы, бaлaның шaмшырaғы. Білім мaзмұнын жaңaрту жaңa зaмaн мұғaлімдері дaйындaғaн ұрпaқтың әлемдік cтaндaрттaр тaлaбынa жaуaп беретінімен ерекше, cоныcымен бaғaлы.

Иә, дәл қaзір мен не білемін? Оcы уaқытқa дейін нені білгенмін, енді нені ұқтым? Осы cұрaқты қоя отырып өзімнің қaндaй көшбacшы екендігімді тәжірибелік жұмыcтaрды орындaу кезінде aнықтaй aлғaнымa қуaныштымын. Өзгеріcті не үшін, қaлaй енгіземіз деген cұрaқтaрдың бaрлығынa жaуaпты тәжірибе жүзінде aлғaнымыз қуaнтaды. Әcіреcе, жеке және топпен бірлеcе отырып орындaғaн мектеп мәдениеті, жинaқтaлғaн деректермен жұмыc, коучингтің жоcпaрын құру, мектепті дaмыту жоcпaрының үлгіcін жacaқтaу cияқты жұмыcтaрдың мен үшін мaңыздылығы ерекше. Ынтaлaндырa және қолдaу көрcете отырып, мектеп қоғaмдacтығының жұмыcынa жaңaлықтaр мен өзгеріcтерді енгізуде көшбacшының cтрaтегиялық рөлде болуының ерекшелігін ұғындым.

Білім беру үрдіcіндегі кедергілер мен қиындықтaр жоқ емеc, бacтыcы cодaн шығaтын тиімді жолды тaбу-мектеп бacшыcынaн көрегендік пен жaңaшылдықты тaлaп етеді. Менің ойымшa, ең бacтыcы-нaқты мaқcaт қою. Нaқты мaқcaт болaшaқтың жетіcтігінің кепілі болмaқ. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы: «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», — деп көрсеткен болатын.

Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі — «Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттылық, Қазақстанның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс.

Сондықтанда мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курсы заман талабынан туындаған үздік әлемдік педагогикалық тәсілдер мен білім тәжірибесі негізінде жасалынған мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін кешенді іс-шара болды.

мектептің жұмысын жақсарту үшін келесі басымдықтар анықталды:

— оқушылар мен мұғалімдер арасында ынтымақтастық

қарым-қатынас орнату арқылы оқуға жайлы орта құру жұмыстарын жетілдіру;

— мұғалімдердің мектеп аясында кәсіби білімдерінің дамуына жағдай жасау;

— Мектепті басқаруда, оған өзгерістер енгізуде оқушылардың,ата-аналардың, мектеп қызметкерлерінің басқа да тәуелсіз ұйымдардың қатысуын қамтамасыз ету;

— Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақтарды өткізу технологияларын өзгерту;

— Оқушылардың оқуға ынтасын арттыру мақсатында бағалау жүйесінің оңтайлы әдіс-тәсілдерін сабақ үрдісінде пайдалануды жетілдіру.

Бұл өзгерістерді ұжымға енгізу үшін бәрімізде ортақ ұстаным мен құндылықтар қалыптасуы керек. Бұл жұмысымызда жоғары нәтижелерге жету үшін жаңа технологияларды орынды пайдаланып, мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыстануына ықпал жасай отырып, олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау қажет деп есептеймін.

2017 жылғы 31 қаңтардағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту атап көрсетілген. Осы тұрғыда ұлттық бiлiм беру жүйесiн модернизациялау жағдайында, бiлiм мазмұнын жаңарту, бiлiм беру жүйесiн басқару мен ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн арттырудың жаңа жолдарын iздестiру секiлдi өзектi жайттар ерекше маңызға ие болуда. Бізге де еліміздегі білім беру саласында қарқындап жүріп жатқан жаңалықтардан қалыс қалмай, мектептің  оқу-тәрбие үдерісіне  өзгерістер енгізу қажеттілігі туындап отыр. Осы орайда мектеп директорынан өзгерістер енгізуді басқаруда нағыз көшбасшы болу талап етіледі. Білім саласында болып жатқан ауқымды өзгерістермен ұжымды таныстыру жолында бірлесе жұмыс жасау, жұмыстың басымдықтарын айқындау мақсатында өзгерістер енгізу тобын құрдым. Оның құрамына 1,2,3-деңгей мұғалімдерін (олар 19 болатын), директордың оқу жөніндегі орынбасарын,өздері деңгейлік курстардан өтпесе де жаңа әдістерді өз тәжірибелеріне батыл енгізіп бастама жасап жүрген шығармашыл мұғалімдерді енгіздім.

Мұғалімдермен тәлімгерлік жұмыс жүргізу, кәсіби сұхбат өткізу, коучингке дайындық, талдау, уақытында кері байланыс жасап отыру менің көшбасшы ретіндегі негізгі міндеттерім болып табылады. Ұжымдағы деңгейлік курстан өтпеген мұғалімдер жоспарлау мен шаралар туралы өз пікірлерін айтуда қиналды. К-ны тәлім алушы ретінде таңдап алдым, себебі мен онын бойынан жаңашылдыққа ұмтылу, табандылық, көздеген мақсатқа жету қасиеттерін байқадым. Әріптестерімнің өзгеріске аса қызығушылық танытып, психологиялық тұрғыдан дайын болуы мені алдыма қойылған мақсаттарыма жетуге шабыттандырды.

«Коучинг және тәлімгерлік» тақырыбындағы №1 коучингті өзім өткізуді жоспарладым. Бұл коучингті өткізудегі мақсатым мұғалімдердің кәсібилігін жетілдіруде «Коучинг пен тәлімгерліктің, коуч және тәлімгердің арасындағы айырмашылық пен ұқсастық қандай?» сұрақтары төңірегінде әдістемелік біліктілікті арттыруға ықпал ету болды. Мұғалімдер белсене қатынасты, кері байланысты өлең жолдарымен жеткізіп жатты. Мұғалімдердің шабытын оятатындай коучингтің әсерлі болуынан оның сәтті болғаны көрініп тұрса да, топтың ережесімен жұмыс жасай алмай, уақытқа бағынуда сәл қиыншылықтар кездесті. Кері байланыстарды ескере отырып келесі коучинг тақырыбын анықтадым.

«Топтық жұмыс, оны тиімді ұйымдастыру» тақырыбындағы №2 коучингті тәлім алушым А-мен өткізуді жоспарладым. Бұл коучингтің мақсаты: мұғалімдерге топтық жұмыс, оның ережелері мен маңыздылықтары туралы мағлұмат беру, бірлесе оқытуда басты назарда ұстауды қажет ететін ережелер мен олардың оқыту мен оқудағы ұтымды жақтары туралы ұғым қалыптастыру. Осы сәтте мен «Балаға алманың тәттілігін 100 рет айтқанша, бір рет жегізіп көрсет» деген халық даналығы тегін айтылмағанын түсіндім. Топпен жұмыс жасауды дамыта отырып, оқушылардың сыни ойлап, өзін-өзі, және сыныптастарын бағалай білудің маңыздылығын коучингке қатысқан мұғалімдер өз бойларынан өткізді. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің топпен жұмыс жасаудағы белсенділігі анық байқалып тұрды, бірақ постер қорғағанда тақырыпты ашатындай сыни ойлай алмауы көрінді.

Менің түсінгенім оқушыларға үйрету үшін мұғалімдердің өздері сыни ойлап қорытынды жасай білуге дағдылану керек. Келесі коучингті «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» деп белгілеп, өзім өткізуді жоспарладым. Коучингтің мақсаты: бағалау үшін ортақ критерилер жасап, берілген тапсырманы қайтадан бағалау арқылы оқу үшін және оқуды бағалаудың айырмашылығын білуге қадам жасау. Постер қорғауда мағыналы мәліметтер берілді, көшбасшылар жақсы байқалып тұрды. Кері байланыстан байқағаным коучинг мақсатына жеткен сияқты. Мұғалімдер тарапынан ойлантатын сұрақтар көп кездесті, олардың жауаптарын бірлесе табуымыз коучингтің сәтті өткенін көрсеткендей..

Lesson Study-мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл екендігі туралы бастама ұғым қалыптастыру мақсатында өзгеріс тобымен кәсіби әңгіме жүргіздім. Ата-аналарға еліміздің білім жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер туралы түсінік беріп, «Lesson Study» сабақтарына қатынасуға шақыру мақсатында «Мектеп және ата-ана» тренингісін өткіздік. Мектептегі тәжірибе кезеңінің үшінші аптасынан бастап Lesson Study сабақтарын өткізуді жоспарладым. Lesson Study циклінің тізбектелген сабақтары физикадан, әдебиеттен, химиядан өткізілді.

Сабақ барысынды 9а сыныбы топпен жұмыс жасауға дағдыланып қалғандығы байқалды, себебі деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің біразы осы сыныпқа сабақ береді. Сабақтан соң бір топ оқушымен сұхбат жүргізіп, «оқушы үніне» құлақ түрген болатынбыз, олардың арасында бақылауға алынған 3 оқушы да болды. А оқушысы: «Қазір сыныпта сабаққа дайындалмай келу деген жоқ, егер бір оқушы сабаққа дайындалмай келсе, басқа оқушылар оған ренжиді.», В оқушысы: «…топта спикер ролі ауыстырылып беріліп отыратындықтан, топ атынан сөйлегенде, басқа топтардан қалып қоймас үшін сабақ айтпайтындардың өзі сөйлейді…», «…3-топтың көрінісі сәтсіз болды, себебі көрініс көрсету бұл тақырыпқа сай емес, себебі диологтар жоқ» С оқушысы: «1-топ өзін жоғары бағалады, Д-дан басқасы сабаққа жақсы қатысқан жоқ», «…жалпы топпен жұмыс жасау маған ұнайды, себебі барлық сынып қатысады, мен постер қорғадым, тек уақытқа бағына алмадық» деген пікірлерін айтты.

Осы сабақтардан кейін мұғалімдер оқушылардың ашыла түскенін байқады. Оқушылардың қиялы шексіз. Соны ашуға түрткі бола білу керек. Оқушылардың сұхбаты бағалауға баса назар аудару керектігін есімізге тағы салды. Мұғалімдер де оқушылар да осы процестің тиімді екенін сезінді және тоқтап қалмай әрі қарай жалғасын табуын қалады. Осы мәліметтерден Lesson Study зерттеу сабақтарын жаңа әдіс-тәсілдерді үйлестіре отырып өткізудің оқушының тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы зор екендігін байқадық. Жоғарыда айтылғандай, әріптестерге қолдау көрсету барысында атқарылған шаралар мұғалімдерге оң ықпал ете отырып, сабақтың тиімділігін арттырады, ал бұл өз кезегінде оқушылардың білім сапасын көтеруге ықпал етеді.

Оқушының оқыту мен оқу туралы пікірін ескеру, оқушылармен желілік қоғамдастық арқылы шынайы қарым-қатынас орнатуға бастама қадам жасау мақсатында «Оқушы үні» кімге керек?» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырдық. Оқушыларға арнап портал ашқандығымыз туралы хабардар етіп бірлесе жұмыс жасауға ұсыныс жасадық. Оқушылар тарапынан жақсы қолдау тапты, 9-11-сынып оқушылары алғашқы электронды почталарын ашып өз қызығушылықтарын көрсетті. Төменгі сыныптар мұғалімдермен байланысқа шығуға жүрексінетіндіктерін айтты, ал олармен жұмыс жасауда сынып жетекшілері көбірек белсенділік танытып отырды. Менің бұрын ойлағанымдай емес әрбір оқушының бойында өзіне деген сенім орнап, ұстаздарымен шынайы әңгімелесіп, жылы қарым-қатынас орнайды деген сенімім молайды.

Сонымен қатар, тәжірибе кезеңінде өткізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижесін көру мақсатында, мектептегі өзгерістер жөнінде оқушылар мен ата-аналардың ой-пікірін білу, соңғы деректерді жинақтау үшін қорытынды сауалнама жүргізіліп, талдау жасалды. Сауалнамалар нәтижесі өзгерістердің оқушылар жетістігіне оң ықпал еткенін көрсетті. Қазақтың «ұшықтай сала, жазылдың ба деп сұрауға бола ма» деген сөзі шындық. Мұғалімдерден 4 апта ішінде қолма-қол керемет нәтиже көрсет деп талап етуге болмайды. Көш жүре түзеледі. Бастысы, осы көштің оң бағыт алып, түзелуіне алғашқы қадамдар жасалды және бұл қадамдар жемісін беріп жатыр, әлі де береді деп ойлаймын.

Кайыпканова Лаззат Амандыковна
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
Круглоозерный ЖОББМ
Тарих пәні мұғалімі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ