Қазақ тілінен тест тапсырмасы (ІІ нұсқа)

0
1170
Иллюстрация: Freepik.com

1. Термин сөзді табыңыз.

A) Еркіндік. B) Жарық. C) Глобус. D) Ханша. E) Қызыл.

2. Дауыстылардың ерін қатысына қарай бөлінуін белгілеңіз.

A) Ұ, и, е.

B) Ү, а, ә.

C) О, ө, ү.

D) У, е, і.

E) Ө, ә, у.

3. Жуан, тұйық буынды сөзді табыңыз.

A) Ер.

B) Күй.

C) Оқ.

D) Қалт.

E) Сөз.

4. «Сый» сөзінен туынды түбір жасайтын қосымшаны көрсетіңіз.

A) -ің

B) -пен.

C) -лық.

D) -тық.

E) -ың.

5. Еліктеу сөздің қызметін белгілеңіз.

Жылы пештің қасында жатқан мысық та пыр-пыр етеді.

A) Бастауыш.

B) Анықтауыш.

C) Толықтауыш.

D) Баяндауыш.

E) Пысықтауыш.

6. Сұрау есімдігінен болған сұраулы сөйлемді анықтаңыз.

A) Сәлмен, ән не туралы?

B) Атымды сұрадың ба?

C) Уәдесінде тұра ала ма?

D) Барған сен ғой?

E) Туып-өскен жер оңай дейсің бе?

7. Синонимдес тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

A) Ит арқасы қиянда, ит өлген жер.

B) Тісін қайрау, риза болу.

C) Ат ізін салмау, ат ізін құрғатпау.

D) Қоян жүрек, жүрек жұтқан.

E) Көзге түртсе көргісіз, жап-жарық.

8. Күрделі сөзді табыңыз.

A) Әділеттілік.

B) Қасиеттерінен.

C) Самал.

D) Шақырған.

E) Апар.

9. Зат есім сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңыз.

Жаныңдағы серіктерің өте сыпайы екен.

A) Бастауыш.

B) Баяндауыш.

C) Толықтауыш.

D) Анықтауыш.

E) Пысықтауыш.

10. ”Сынық ағаш” тіркесіндегі сын есім қай сөз табынан жасалғанын

көрсетіңіз.

A) Зат есім.

B) Есімдік.

C) Етістік.

D) Үстеу.

E) Сын есім.

11. Есімдіктердің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Мен өзімнің жобам бойынша жасалған күн энергиясымен жүретін

машинаны сыйға тартамын.

A) Толықтауыш,бастауыш.

B) Пысықтауыш, анықтауыш.

C) Толықтауыш, анықтауыш.

D) Бастауыш, пысықтауыш

E) Бастауыш, анықтауыш.

12. Ырықсыз етісті табыңыз.

A) Біз келген соң кештің ұйымдастырушысы ойынды бастатты.

B) Ызғарлы аяз бәрін жауратып, жылы жайды іздеттіргендей.

C) Келісім-шарт жасалды, енді іске кірісу керек.

D) Түсі бозарып бара жатқан қарияны немересі диванға отырғызды.

E) Анасы баласына шығарма жазысты.

13. Мекен үстеуді табыңыз.

A) Әжептәуір. B) Анағұрлым. C) Кенеттен. D) Амалсыздан. E) Тысқары.

14. -мыс, (-міс) және -ау шылауларының негізгі сөзге үстейтін мағынасын

көрсет.

A) Күшейткіш мәнді.

B) Болымсыздық, қарсы мәнді.

C) Болжалдық мәнді.

D) Сұраулық мәнді.

E) Нақтылау мәнді.

15. Шылау арқылы байланысқан сөз тіркесін табыңыз.

A) Қазақ елінің тарихы.

B) Елі үшін еңбек еткен.

C) Халық жүрегінде сақталады.

D) Қарынды қаламгерлігімен танымал.

E) Ғибратты ғұмырбаянын түйіндеді.

16. Есімшеден жасалған анықтауышты көрсетіңіз.

A) Көп жасаған білмейді.

B) Ойлай берсең, аларсың.

C) Жетектеген төбет қораға үрмес.

D) Адамның білгенін адам білер.

E) Өнерлінің өзегі талмас.

17. Жалғаулықты қарсылықты салалас бола алатын қатарды табыңыз.

A) Әр заманның өз үрдісі, дәстүрі бар, – әдебиеттегі тазалық пен

әділеттілікті әркімнің өз арына тапсыру керек.

B) Халықтың өнеріне қиянат жасауға болмайды, қайта оны қолдау қажет.

C) Тауып сөйлесең, бағың жанады, ауып сөйлесең, астыңдағы тағың

жанады.

D) Өрге салсаң, төске озар, ерте салсаң кешке озар.

E) Жүлде алсаң да, алмасаң да халықтың көңілінен шыға алмай қалсаң да,

себебін алдымен өзіңнен сұрауың керек.

18. Қаратпа сөзді көрсетіңіз.

Хабар жоқ саған кеткен елшілерден,

Ей, тағдыр, сөйлесейік,келші бермен!

A) Саған кеткен.

B) Тағдыр

C) Келші бермен.

D) Сөйлесейік, ей.

E) Хабар жоқ.

19. Әлеуметтік- саяси мазмұнды шешендік сөзге тән қатарды табыңыз.

A) Ғылыми баяндама. B) Аза сөздер. C) Құттықтау сөздер. D) Репортаж. E) Тілек.

20. Ауыспалы мағынаны көрсетіңіз.

A) Айран толы ыдыс әп- сәтте босады.

B) Еттартқыштың тетіктері босап қалды.

C) Бөлмесін ескі-құсқыдан босатты.

D) Босаған ыдыстар жиналып тұр.

E) Үйде отырғандардың көңілі босады.

21. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды табыңыз.

A) Қара ағаш.

B) Боз жирен.

C) Тоқ екен.

D) Сақ адам.

E) Көк гүл.

22. Сан есімнің ережесіне сай жазылмаған қатарды көрсетіңіз.

A) Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған.

B) XV-XII ғасырларда «Түрік қағанаты» мемлекеті құрылды .

C) Ахмет Йасауидің 90 мың шәкірті болған.

D) Жандос Х — сыныпта оқиды.

E) Арыстанбаб сол құрманы ұртында 600 жыл сақтап жүріпті.

23. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

A) Өңкей өрімдей жас жігіттер екен.

B) Көңіл шіркін шалқиды көк жайлаудай.

C) Әлі жауап қатпаған Абайды Асылбектің сөйлеткісі келді.

D) Бір төбенің басында үркердей болып тұрады.

E) Әлсіз қурайдай қорғанға сүйеніп тұрған сияқтымын.

24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.

A) Илья Эренбург, Әрбір жазушы қайтсе де, өз өмірінің бір кезеңін

байқамай, шығармасына түсіре береді – дейді

B) ”Илья Эренбург: Әрбір жазушы қайтсе де, өз өмірінің бір кезеңін

байқамай, шығармасына түсіре береді – дейді’’

C) Илья Эренбург: ”Әрбір жазушы қайтсе де, өз өмірінің бір кезеңін

байқамай, шығармасына түсіре береді,’’– дейді

D) Илья Эренбург – ”Әрбір жазушы қайтсе де, өз өмірінің бір кезеңін

байқамай, шығармасына түсіре береді’’– дейді.

E) Илья Эренбург: Әрбір жазушы қайтсе де, өз өмірінің бір кезеңін

байқамай, шығармасын

25. Сөйлемде қойылмаған тыныс белгілерді табыңыз.

Бұқар жырау не деген екен деді сұлтанды сөйлеткісі келіп.

A) Нүктелі үтір,сызықша.

B) Сызықша, сұрау белгісі, сызықша.

C) Сызықша, үтір, сызықша.

D) Қос нүкте, сызықша.

E) Қос нүкте, үтір.

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ