Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)

0
2129
Иллюстрация: Freepik.com
  1. Әсет Найманбаевтың  халық ауыз әдебиетінің үйлену салт өлеңдері дәстүріндегі шығармасын табыңыз.

A) «Беташар», «Аужар».

B) «Елшібай байға».

C) «Қанағатқа», «Мақпал».

D) «Мешбет зәңгіге жазған сөзі».

E) «Ұраным – арғын шордан қаракесек».

  2. Жамбылдың Құлмамбетпен айтысында қандай тақырыпқа бет бұрғандығын көрсетіңіз.

A) Байлыққа.

B) Мал мүлікке.

C) Ерлікке.

D) Білімге.

E) Байлардың өміріне.

  3. «Қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе!» — деген пікірдің авторын табыңыз.

A) М.Дулатов.

B) М.Жұмабаев.

C) М.Әуезов.

D) Ғ.Мүсірепов.

E) А.Байтұрсынов.

  4. Бақтығұл мен Тектіғұл Әуезовтің қай шығармасының кейіпкерлері екенін анықтаңыз.

A) ’’Көксерек’’.

B) ’’Қараш-қараш оқиғасы’’.

C) ’’Қарагөз’’.

D) ’’Еңлік-Кебек’’.

E) ’’Қорғансыздың күні’’.

  5. Шығарманың кейіпкері деген ұғымға лайық анықтаманы белгілеңіз.

A) Шығармадағы адамдардың мінез-құлқы, сырт пішіні.

B) Өмірде сирек кездесетін, тіпті мүлде кездеспейтін

образдар.

C) Жансыз табиғаттың кәдімгі тірі адамға айналуы.

D) Шығармадағы адамдардың көркем бейнесі.

E) Міндетті түрде өмірде болған адамдар.

  6. Жұбан Молдағалиевтің туған жылы мен туған жерін белгілеңіз.

A) 1935 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жарсу ауданы.

B) 1935 жылы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалақ ауылы.

C) 1920 жылы Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды ауылы.

D) 1939 жылы Атырау облысы, Манаш ауылы.

E) 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар өңірі.

  7. «Күлтегін» жырындағы Күлтегін мен Білгенің әкесінің атын белгілеңіз.

A) Алып Ер Тұңға.

B) Елтеріс қаған.

C) Тоныкөк.

D) Қапаған қаған.

E) Бұмын қаған.

  8. Жиренше хан сынағына түскенде кім көмек бергенін анықтаңыз.

A) Досы.

B) Баласы.

C) Ағасы.

D) Қызы.

E) Әйелі.

  9. ’’Аппақ керік маңдайлы қылығы наз,

  Малың түгіл басыңды берсең-дағы аз’’— кімнің бейнесі суреттелгенін белгілеңіз. (’’Қозы Көрпеш-Баян сұлу’’)

A) Айман.

B) Ай.

C) Таңсық.

D) Баян.

E) Қыз Жібек.

 10. Асан қайғы:

’’Шабылып жатқан халқың бар, аймағың көздеп көрмейсің!’’- деп кімге айтқанын анықтаңыз.

A) Халыққа.

B) Батырға.

C) Жастарға.

D) Ханға.

E) Мұңсыздарға.

 11. Ы.Алтынсарин қай әңгімесінде «Бағып-қағуда көп мағына бар» деп, ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу қажеттігін көрсеткенін табыңыз.

A) ²Әке мен бала².

B) ²Шеше мен бала².

C) ²Таза бұлақ².

D) ²Мейірімді бала².

E) ²Бақша ағаштары².

 12. …Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім… — қай өлеңнің үзіндісі екенін көрсетіңіз.

A) «Қыс».

B) «Сегіз аяқ».

C) «Ғылым таппай мақтанба».

D) «Интернатта оқып жүр».

E) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».

 13. «Аласыз қара көзі айнадайын» деген жолдағы (Абай) қолданған тіл айшығын табыңыз.

A) Әсірелеу.

B) Теңеу.

C) Алмастыру.

D) Кейіптеу.

E) Астарлау.

 14. «Шын сырым», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» өлеңдерінің авторын белгілеңіз.

A) Абай Құнанбаев.

B) Мағауия Абайұлы.

C) Ахмет Байтұрсынов.

D) Жамбыл Жабаев.

E) Шәкәрім Құдайбердіұлы.

 15. І.Жансүгіровтің «Гималай» өлеңінің жазылу түрін көрсетіңіз.

A) Монолог, диалогтар арқылы отаршылық бұғауды көрсеткен.

B) Психологиялық параллелизмге құрылған.

C) Лирикалық кейіпкердің көңіл-күйіне арналған.

D) Табиғатты әсем суреттеуді мақсат еткен.

E) Сұрақ-жауап түріндегі арнаумен жазылған.

 16. Қ.Аманжолов қай жылы дүние салғанын анықтаңыз.

A) 1954 ж.

B) 1958 ж.

C) 1955 ж.

D) 1957 ж.

E) 1956 ж.

 17. Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы басты кейіпкерді табыңыз.

A) Ұлпан.

B) Игілік би.

C) Таймас.

D) Шәкен.

E) Есеней.

 18. Көркемдік тәсілдің түрін анықтаңыз.

   Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға,

   Жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз … (І.Жансүгіров)

A) Антитеза.

B) Эпитет.

C) Теңеу.

D) Мотив.

E) Ассонанс.

 19. Ж.Нәжімеденовтің романын көрсетіңіз.

A) «Қарағанды».

B) «Қызыл жебе».

C) «Қан мен тер».

D) «Даңқ пен дақпырт».

E) «Соңғы көш».

 20. Қайта жаңғырған журналды белгілеңіз.

A) «Абай».

B) «Ақиқат».

C) «Тіршілік».

D) «Шаншар».

E) «Айқап».

 21. «… Жасағаннан бір-ақ нәрсе тілеймін:

Өтпесе түн, атпаса екен таңы да! …» — М.Жұмабаевтың бұл тілекті айтқан өлеңін табыңыз.

A) “Шолпы”.

B) “Сүй, жан сәулем”.

C) “Сүйемін”.

D) “Сағындым”.

E) “Тілегім”.

 22. Сәкен Сейфуллиннің поэмасын табыңыз.

A) «Қызыл ат».

B) «Кім жазықты?».

C) «Гималай».

D) «Сұлушаш».

E) «Құлагер».

 23. «Абай жолы» романындағы Абай келбетін сомдаған теңеуді көрсетіңіз.

A) Адамшылық ой-қиялы таза, ұлтжанды кісі еді.

B) Күн көрмей өскен, реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес.

C) Қайраты қара дауыл үйіргендей.

D) Тек жуан дауысты дыбыстарды табыңыз.

E) Моласындай бақсының,

Жалғыз қалдым тап шыным.

 24. С.Мұқановтың «Есіл бойында» («Өмір мектебінен») шығармасындағы сүйгеніне арнап ән шығарған қыздың атын табыңыз.

A) Ғазиза.

B) Шұға.

C) Ақтамақ.

D) Ұлпа.

E) Ғалия.

 25. Әбіш Кекілбайдың «Шыңырау» повесінің негізгі кейіпкерін атаңыз.

A) Байсал.

B) Теңсел.

C) Ерік.

D) Еңсеп.

E) Есіл.

Дереккөз:

    •  Ұлттық Тестілеу орталығы

 

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ