Рухани жаңғыру: білім және бәсеке

0
2418
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Ұлт тағдыры мен ұрпақ тағдырын бөліп қарай алмаймыз. Ұрпақ ұлықтай болып өспесе, еткен еңбек текке кетеді.

Еліміздің ертеңгі тірегі ой-өрісі дәуірмен үндес, заманмен қарайлас, төрткүл дүниеге ойлы көзбен қарап, ескі сүрлеуді естен шығарып, жарасымы мол сабақтастықты, өмір дамуындағы жаңалық дәстүрді саралай отырып, тізбектелген уақыт көшіне есе жібермеуге бел байлайтын да сол ұрпағымыз.

Осыны көрегендікпен болжаған Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында елді рухани жаңғырту жайын қозғады. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалатынын айта келе, табысты болудың ең іргелі факторы  білім екендігін, құндылықтар жүйесінде де білімді бәрінен биік қоятын ұлттың табысқа жететіндігіне кеңінен тоқталған еді.

«Құбылған әлем жарысы,

Ақылды жанның табысы», – деп Шәкәрім ақын жырлағандай, бәсеке – бүгінгі заманның тынысы. Замана көшінің алдыңғы легіндегі озық технологияны үйрену, нарықтың сұранысына сай білім алу – жастардың жасампаздық мүмкіндігі.

Шын мәнінде, көз ілеспес шапшаңдықпен дамып, жедел өзгеріп отырған мына дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңісті болып қалған таптаурын қағидалардан арылып, рухани жағынан серпілуіміз, жаңғыруымыз қажет. Елбасы рухани жаңғыруымыздың басты құндылығы ретінде бәсекеге қабілеттілікті ұсынады. Бүгінгі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелестік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатынына ел Президентінің айрықша назар аударып отырғаны да бекер емес. Себебі, әлемдік бәсекеге қабілеттілік ұлтымыздың рухани әлемде де озық болуын қажет етеді.

Бүгінгі күнде біз ерекше жылдамдықпен айналамызда өзгеріп жатқан уақыт, көзқарас, технологиялардың куәсі болып жүрміз. Елбасымыз айтқандай, «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған мемлекеттердің озық технологияларын молынан барлық салада қолданамыз. Яғни, солар шығарған көлікті мінеміз, сапалы тауарды тұтынамыз. Дүниежүзілік деңгейде бәсекелестікке сай болу үшін білімнің салтанат құруы аса қажет екендігін Президент ерекше айтуда.

Мектепке қызметке келген сәтте ұлы жазушы М.Әуезовтің «Оқығандар ендігі жас балаларға өздері үлгі болып, адамшылықтың жарық жағына сүйреуге міндетті» деген сөзі ойыма бірден оралды. Жазушының «жарық жағы» дегені – білім беру ісі. Білім беру үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, ұрпақ келешегінің кемел болуы – мұғалімнің берген білімі мен тәрбиесіне байланысты. Сол үшін, «ХХ ғасырдың оқушысына білім беруге тиіс жаңа форматты ұстаз қандай болу керек?» деген сауал ойымда тұрды. Оған жауапты да таба бастадым. Ең алдымен, ол шығармашылық қабілеті жетік, педагогикалық соны технологияларды меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан тұлға болуы тиіс. Жаңа форматты мұғалімнің басты мақсаты – оқыту жүйесіне заманауи әдістемелерді енгізу.

Қытай ойшылы Конфуций айтқандай, «Ескіні аялай отырып, жаңаны тани білген адам ғана  нағыз ұстаз бола алады». Заманауи білім беру саласында ақпараттық, желілік технологиялар саны көптеп пайда болды, оны білім үдерісінде белсенді түрде пайдалану керек. Білімнің салтанат құруы функционалды сауаттылықты, нақты құзырлар мен мамандандыруды білдіреді. Мектеп оқушыларында сабақ жүктемесі жоғары болмаы, олардың назары жалпылай дамуға, яғни, өнер, спорт, тілдерді оқу, заманауи коммуникативті практикаларға бөлінуі мүмкін. Мұнда білімнің өзі емес, оның қолданылуы маңызды болып келеді. Сол себепті, білімнің салтанаты пәнді тереңінен тануды, бастамашылдықты және еңбекқорлықты ұйғарады.

Елбасы ұсынған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша жүз мыңдаған студент жаңа сапалық деңгейде білім алмақ. Содан соң, бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды дайындау деген сөз. тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия , психология, мәдениеттану сияқты гуманитарлық бағыттар бойынша әлемдегі ең озық 100 оқулық әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударылып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалады. Тіпті, 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттердің осы оқулықтармен оқытыла бастайтыны қуантуда. Бағдарлама арқылы жүз мыңдаған студент жаңа сапалық деңгейде білім алса, мұның өзі білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды қол жеткізеді. Әлем елдерінің ең таңдаулы оқулығын оқу арқылы студент жастардың дүниетанымы кеңейіп, жаһандық өркениет жаңалықтарын жіті қабылдамақ.

Жуырда ғана «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы өздерінің білімдерімен, еңбектерімен озып шыққан қаншама замандастарымызды елге паш етті. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, сол азаматтардан үлгі алып өссе қандай ғанибет.

Бүгінгі күні білімсіз кәсіпті игере алмаймыз, ал кәсіпсіз бүгінгі нарықта өз орнымызды таба алмаймыз. Өзімнің салама қарай ойыссам, бүгінде әлем жұртшылығы жаңа технологияны кеңінен қолданады. Сол себепті, біздің еліміз де мұндай технологиялық жаңашылдықтан шет қалмауы тиіс. Өркениетті елдердің барлығы цифрлы жүйеге көшіп, халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді. Ал, білім беру жүйесін цифрландыру әрбір қазақстандық үшін тиімді орта қалыптастыруға бағытталуда. Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, оқушыларға, мұғалімдерге жүктемені азайту. Білім мен ғылымды цифрландыруды дамыту мақсатында орта білім беру жүйесінде ақпараттандыруды дамыту, білім беруді және ғылымды басқару процесін автоматтандыру және ІТ мамандарды даярлау бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, мектептердің де инфрақұрылымы дамытылуда.

Біз қазіргі күні айналамызда ерекше жылдамдықпен өзгеріп жатқан уақыт, көзқарас, технологиялардың куәсі болып жүрміз. Елбасымыз айтқандай, «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған мемлекеттердің озық технологияларын молынан барлық салада қолданамыз. Яғни, солар шығарған көлікті мінеміз, сапалы тауарды тұтынамыз. Енді оларды өзіміздің де өндіретін уақытымз жетті. Сол үшін, барлық салада да сауатты, жан-жақты мамандар қажет. Халықаралық деңгейдегі білімнің басты ерекшелігі – күшті нарықтық бәсекеге қажет кадр даярлау. Білім мен ғылым аса зор өндіргіш күш болғандықтан, әлемдік жаңа идеология білім күшіне сүйенеді. Білімсіз кәсіпті игере алмаймыз, ал кәсіпсіз бүгінгі нарықта өз орнымызды таба алмаймыз.

Бүгінгі жастар бір емес, бірнеше мамандықты игерсе көптік етпейді. Қазір уақыт жылдам. Тез білім алып, тез мамандықты игермесе, нарық бүгін игерген мамандығымызды ертең жойып жіберері анық. Таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысына жуығы жойылып кетуі әбден мүмкін. Қоғам да, нарық та, көзқарас та жаңарып тұратын мезгіл туды. Бір мамандық иесінен гөрі сан кәсіптің иесі болу күн тәртібінде тұр. Өмір бойы оқып, ізденетін сәт те келді. «Өмір сүру үшін өзгере білу керек» деп Президент айтқандай, тоқтаған, бір орнында тұрған артта қалады. Іс-әрекетсіз, жоспарсыз отырған адам әуелі қиыншылыққа, содан соң дағдарысқа ұшырайды. Таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысына жуығы жойылып кетуі әбден мүмкін. Елбасы айтқандай, бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, білімді адамдар ғана табысқа жетеді.

 

Садықова Сәнімкул Серікбайқызы

Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ