Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы (Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары)

0
2040
Иллюстрация: Freepik.com

Мектеп: Бурыл орта мектебі

Мұғалім: А.Тажибекова

Сынып: 3 «в»  

Тақырып: Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы. №26 сабақ

Құндылық: ішкі тыныштық

Қасиеттер: әдептілік, сабырлылық, қамқорлық

Мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі сүйіспеншілік пен жақсылықтың маңыздылығын ұғындыру арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: «сүйіспеншілік», «жақсылық» ұғымдары туралы түсінік беру;

Дамытушылық: барлығын сүйе білуге, сүйіспеншілікпен жақсылық жасауға баулу;

Тәрбиелік: балаларды сабырлылыққа, әдептілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалардың сабаққа дайындығын тексеру, түгендеу,

5 «Т» ережесін сақтауға шақыру:

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

 

Жағымды көңіл күйге келу. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Нұр бірте-бірте қарқындап, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.

Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Рахмет.

 

 

Оқулық, дәптер, қалам, күнделік

 

Жаднама

 

 

 

 

 

Үнтаспадан:

Yiruma-ның

«Kiss me the rain» әуенін қою

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Қайырлы іс» өсиет әңгімесі алдын-ала оқуға берілген. Оқулықта ұсынылған сұрақтарды қою арқылы мәтінді балалармен бірге талдауды ұйымдастыру.

Сұрақтар:

1.     Қарт адам қандай іс атқарды?

2.     Жолаушы оған неліктен таңғалды?

3.     Адамның жақсылық жолы неден басталады?

4.     Жасаған жақсылығыңның шарапатын көру міндет пе? Неліктен?

5.     Өзің қандай қайырлы іс жасап көрдің?

Оқулықтың 121-беті, 25-сабақта берілген өсиет-әңгіме

 

Суреттер

ІІІ. Дәйексөз.

Ағаш көркі – жеміс, адам көркі – жақсы іс.

Саиф Сараи.

Оқулықтан барлығы бірге дауыстап оқиды.

Дәптерге жазғызу.

Ұл балаларға – 1 рет, қыз балаларға – 1 рет жеке-жеке дауыстап тақтаға қарап айтқызу.

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

Жауаптарын мұқият тыңдап, қорытындылаймын.

 

Саиф Сараи – қыпшақ ақыны, Алтын орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі

 

ІV. Әңгімелеу.

Сүйкімді Ботагөз.

(әңгіме)

Ботагөз әрқашан сабаққа ерекше дайындықпен келетін. Ол үнемі терең ой құшағында жүреді. Ұстазының әр сөзін байыппен, ерекше ынтамен тыңдап, іштей қайталап отырады.

Бүгін мұғалім ерекше тапсырма берді… Оқушыларға «Алтын балық» ертегісін оқып беріп: «Егер сендер алтын балықты ұстап алсаңдар, қандай армандарыңды қағазға жазар едіңдер?»-деді.

Оқушылар өз армандарын қуана күбірлеп жазып жатты. Аздаған үзілістен соң олар өз жазғандарын оқып берді.

Ержан: — Маған машина керек!-деді.

Жансұлу: — Маған әдемі қуыршақ керек!-деді.

Тек Ботагөз ғана үндемей отыра берді. Мұны байқаған мұғалім:

— Ботагөз сен алтын балықтан қандай тілек тіледің?-деп сұрады.

Азырақ үнсіздіктен кейін Ботагөз өз жазғанын оқып берді:

— Егер де мен, алтын балықты ұстап алсам, ең бірінші анама денсаулық сұрар едім. Анам ауырып қалса, қатты уайымдаймын. Содан кейін әкеме, сүйікті тәтеме де, егер ата-анам қасымда аман-сау болса, қалғанының бәрі болады!-деді.

Мұғалім Ботагөзге үлкен сүйіспеншілікпен қарады, оқушылар да үлкен ойға батып кетті.

Мәтінді талдауға арналған сұрақтар:

1.     Ботагөз алтын балықтан не сұрайды екен?

2.     Балалар неліктен үнсіз қалды деп ойлайсыңдар?

3.     «Бірінші байлық–денсаулық» дегенді қалай түсінесіңдер?

4.     Біздің бақытты болуымыз неге байланысты?

5.     Басқаларды бақытты ету үшін не істейсіңдер?

6.     Өздерің алтын балықтан не сұрар едіңдер? Неліктен?

 

«Мөлдір бұлақтан» өзін-өзі тану мұғаліміне арналған хрестоматиядан. І том, Алматы 2015 ж.

V. Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс.

Балаларды 3 топқа біріктіремін. Әр топқа тапсырма шартын түсіндіремін. Тапсырмаларды орындау үшін 10 минут уақыт берілетінін хабарлаймын.

1-топ: «Әдептілер» тобы: плакатқа «Сүйіспеншілік әдептіліктен басталады» тақырыбында жақсылық істердің тізбесін жасайды: өзіме жақсылық, өзгелерге жақсылық, Отаныма жақсылық.

2-топ: «Сабырлылар» тобы: жағдаятты шешу, сахналандыру.

Алихан үйіндегі кәрі ата-әжесінің мазасыздығына, құлағының нашар еститініне ренжиді. Ол ата-әжесін жақсы көріп тұрса да, ашуға қалай бой алдырғанын сезбей қалады.

— Алихан өз ашуын қалай ақылына жеңдіруіне болады?

— Алихан ата-әжесімен қандай қарым-қатынаста болуы керек деп ойлайсыңдар?

3-топ: «Қамқоршылар» тобы: Қастек Баянбайдың «Жақсы» өлеңін оқып, онда сипатталған баланың жақсы істерін плакатқа теріп жазады. Өздері тағы қандай істер қосатыны туралы толықтырып жазады.

Балалар дайын постерлерін сынып алдында жариялап, қорғайды.

Yiruma-ның

«It’s Your day» әуенін қою;

 

 

Плакаттар, маркерлер, тақия, орамал

 

 

 VІ. Топпен ән айту.

Құттықтаймын мама, туған күніңмен!

Өлеңі: Мұқағали Мақатаевтікі;

Әні: Нұрғиса Тілендиевтікі.

Нұрын төккен маған

Шуағымсың – сен!

Айналайын мама,

Қуанышыңмен!

Шаттандырған мені

Жұбанышым – сен!

Құттықтаймын сені

Туған күніңмен!

Аялаған мені,

Ән қанатымен.

Құттықтаймын сені,

Салтанатыңмен!

Бақытты ғой заман,

Қандай көңілді!

Мен тілеймін саған,

Ұзақ өмірді!

 

Үнтаспа

VІІ. Үй тапсырмасы.

1. Оқулықтың 125-126 беттеріндегі 27-сабақта берілген Спандияр Көбеевтің «Жақсы ата – орман, жақсы бала — қорған» атты әңгімесін оқып келу.

2. Дәптердің 64-бетіндегі №5 тапсырма

 

Күнделіктері

VІІІ. Сабақтың қорытынды сәті.

—         Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтап алайық.

—         Сабақ аяқталды. Сендерге көп рахмет. Сау болыңдар!

Yiruma-ның

«It’s Your day» әуенін қою

 

 

Тажибекова Асель Бейсенбековна
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Жамбыл облысы
Байзақ ауданы
Бурыл орта мектебі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ