«Сұлушаш» туындысы – шоқтығы биік шығарма (Сабақ жоспары)

0
964

Сабақтың мақсаты: Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының көркемдік ерекшілігіне тоқталу, кейіпкерлер бейнесін талдау арқылы поэманың тақырыбын, идеясын, мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:
1. Көркем сөйлеу, жазу, шығармашылығын арттыра отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытады.
2. Оқушылардың ой – белсенділігін арттыру, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздылық қасиеттерін арттырады, ой шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіре отырып ой бөліседі.
3. Ақынның шығармаларын талдай отырып, мейірімділікке, сезімталдыққа, ұлтжандылыққа, адами қасиеттерге тәрбиелейді.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекіліктер: Ақынның портреті, кестелер, ватман, маркер т.б.

Сабақ барысы: 
Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады.
І. Қызығушылықты ояту. (2 мин)
— Сіздер, «Сұлушаш» поэмасын оқыған сәтте Сұлушашты көз алдарыңызға қалай елестеттіңіздер?

ІІ. Мағынаны ажырату.
Концептуалдық кесте

Кейіпкерлер Өмірге қызығушылығы Адамгершілік қасиеті Кейіпкерге берілетін баға
Сұлушаш Жоғары. Ақылды, парасатты, адамгершілігі мол адам. Жоғары Жоғары
Алтай
Қайсар
Ермек

 

Тілеуберді жасынан жігіт жиды,
Тоқсан торқа оранып киім киді.
Қыран тазы қолында жұбымен боп,
Қасқыр, түлкі, бұғыны тау қып үйді.
Май туып, жер құлпырып, шешек атты,
Даланы жасыл ала пүліш жапты.
Сай-суларға мөлтілдеп, өзен дағы,
Сылқ-сылқ күліп, бұраңдап, төмен ақты.
Жылы жаздың мейірі ағаштарға,
Сылдыраған, төгілген шолпы тақты.
«Ұл туды» деп шашулар шашылған жоқ,
Қатын жиып қалжа да асылған жоқ.
Шілдехана жасауға туған күні
Екі адамның басы да қосылған жоқ.
Жөргегі жоқ, қап-қара құрымға орап,
Алса да, жанның жаны ашыған жоқ.
Алтай деп әлде қалай атын қойды,
«Азанменен» құлағы ашылған жоқ.

Ақын поэмасының тіл ерекшелігіне тоқтала кетсек, әдет – ғұрыпты суреттеумен байланысты қолданылған: жөргек, шілдехана, азан шақырып ат қою, тәңірі, аруақ, құл, күң деген сөздерге түсінік бере кеткеніміз жөн сияқты.
Ой толғаныс. Шығарма кестесі.

Шығарма Авторы Басты кейіпкерлер Әрекет желісі Мағыналық болжам Өз қорытындың
«Сұлушаш» С.Мұқанов
«Еңлік-Кебек» Шәкәрім
«Қыз Жібек»

Мұнда С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасында көтерілген әлеуметтік проблемалық мәселе – Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ауылындағы тап тартысы екені анық,  «Сұлушаш» поэмасының уақиғаны шешу әдісі  «Қыз Жібек», «Еңлік-Кебек» т.б. үндес келетіні, ал таптық қоғамда уақиғаның түйінінің бұлай шешілуі өмір шындығының ұштасып жататыны айтылады.

Сонымен, біз сіздермен Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасын жан-жақты талдап, шоқтығы биік шығарма екендігіне көзіміз жетті.

Үй тапсырмасы: Поэмадан үзінді жаттау.

Басқа материал: 

  1. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз
  2. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз
  3. Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
  4. М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
  5. М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңы
  6. М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз
  7. С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз
  8. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
  9. І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жақтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?
  10. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ