Динозаврлар қай кезде өмір сүрген?

0
1645
Illustration of a herd of Diplodocus dinosaurs. This herbivorous sauropod dinosaur lived from about 154 to 150 million years ago during the Late Jurassic Period, in what is now North America. It is thought to have reached an average length of up to 54 metres, making it the longest known dinosaur.

Динозаврлар жер бетінде 2оо миллион жыл бұрын өмір сүрген.  Ғалымдардың айтуынша ол кезде ауа райы өте жылы, ылғалды болып, жердің бетінің көбін үлкен теңіздер, көлдер, өзендер басып жатқан, батпақты болған. Қазба жұмыстары нәтижесінде табылған тас болып қалып қалған сүйектерін ғалымдар қалпына келтіру нәтижесінде ғана біз олардың қандай болғандықтарын біле алдық.                                                                          Динозаврлар жер бетінен неліктен жоғалып кеткені жөнінде әртүрлі болжамдар бар. Солардың бірі жерге соғылған метеориттің салдарынан жойылды делінеді. Соғылған кезде пайда болған түтін мен күл күннің көзін жауып, жер беті суып өсімдіктер құрып кеткен. Динозаврлар жейтін тамақ таппай аштық пен суықтан қырылған. Олармен бірге басқа да көптеген жануарлар құрып кеткен.                                            Динозаврлар бауырымен жорғалаушылар қатарына жатқан. Балалары ата-аналарына ұқсас олардың кішкентай көшірмелері болған. Динозаврлардың жақын туыстары қазір де кездеседі, бірақ олар динозаврларға қарағанда кішірек қолтырауындар. Динозаврлар жауларынан қалай қорғанған?                                                      Шөппен қоректенетін динозаврларды қатерлі жыртқыштар аңдитын болған. Олар жауларынан қалқандары, тікенектері және түйреуіш тәрізді құйрықтарының көмегімен қорғанған. Кейбір жай қозғалатн динозаврлар мойындарындағы үшкір жалдары мен мүйіздері арқылы қорғанған.                                                                                                Ең қорқынышты қай динозаврлар болған?                                                     Ұзындығы 12 метр, салмағы 6 тоннаға жететін, жақтары үлкен, бірнеше қатар тістері бар Тираннозавр Рекс және Аллозаврлар болған.

Деректер «Энциклопедиядан» алынды


ПІКІР ҚАЛДЫРУ