Сабақ жоспары: Күләш Байсейітованың өмірі мен қызметі

0
1806
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың тақырыбы: Күләш Байсейітова

Мақсаты:

а) қазақтың әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі Күләш Байсейітова өмірі мен шығармашылығымен танысу.

ә) сөйлемнің біріңғай мүшелерін қайталау, практикалық жұмыстар арқылы меңгерту.

б) оқушылардың өнер адамдары туралы білімдерін тереңдете отырып, өнерге ән-күйге деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Күләш Байсейітова портреті, кесте, мәтін, үнтаспа.

Сабақтың түрі: қалыпты

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, аудару, баяндау.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесіп, келмеген оқушыларды белгілеу. Оқушылардың сабақ барысына дайындықтарын қадағалау.

ә) өткенді қайталау:

  1. «Қыз Жібек» операсының алғашқы қойылымы қай жылы көрсетілді?
  2. 2. Басты партияларды кімдер орындады?
  3. Қ.Байсейітов кім?
  4. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не, мысал келтір.
  5. Жаңа сабақ. Күләш Байсейітова

Эпиграф: «Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй» Абай

Мұғалім сөзі: Оқушылар бүгін біз белгілі өнер қайраткері, опера әншісі Күләш Байсейітованың өмірі мен шығармашылығымен танысамыз.

Күләш (Гүлбахрам) Байсейітова – қазақтың  атақты әншісі, әрі артисі, қазақ опера өнерінің негізін салаушылардың бірі. Әкесінің әндерін қызыға тыңдаған Күләштің әншілік табиғи дарыны ерте байқалып көзге түседі. Ол қазақ педагогикалық техникумын бітірген. 1930 жыл Қазақ драма театрының труппасына қабылданды.

Күләш Байсейітова орындаған кейіпкерлер: Б.Майлиннің «Майдан» пьесасында Пүліш, Петр Ильич Чайковскийдің «Евгений Онегин»  пьесасында Татьяна, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегінде» Жібек бейнесін, М.Әуезовтың «Еңлік – Кебек» пьесасында Еңлік бейнесін сомдаған.

№1 тапсырма. Тақтада жазылған сөздермен сөз тіркестерін құрып, олармен сөйлемдер құру.

негізін
басты
ариясын
драма
қызыға
табиғи
көзге
театрына
түседі
орындаушы
дарыны
қабылданыпжасау
салушы
тыңдаған
кейіпкер

Күләш Байсейітова Қазақ драма театрының труппасын қабылданды.

№2 тапсырма. Қай оқиға қай жылы болды?

  1. Бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшесі болды. 2. КСРО халық артисі атағына ие болды.3. КСРО мемелкеттік сыйлығына ие болды. 4. Қазақ музыка студиясына қабылданды. 5. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі атағына ие болды.

№3 тапсырма. Мәтінді оқып аудару, диалог құру.

  1. Бекіту:

Технологиялық карта

І. Бірыңғай сөйлем мүшелерні теріп жазыңдар.

а) Қайрат та, Айдар да бізбен бірге театрға барады.

ә) «Қыз Жібек» операсында басты партияларды орындаушылар – Қ.Байсейітов, К.Байсейітова, Е.Ержанов.

б) Күләш Байсейітова – қазақтың атақты әншісі әрі әртісі, опера өнерінің негізін салушы.

ІІ. Сөздердің аудармасын дұрыс табыңыздар.

өнер иесі
әнші
негізін қалаушы
қоғам қайраткері
общественый деятель
талант
певица
основоположник

ІІІ. Сөйлемдерді дұрыс құрыңыздар.

а) воколистердің, байқауы, тұрады, Байсейітова, өткізіліп, Күләш, атындағы, елімізде

ә) Күләштің, түседі, дарыны, ерте, әндерін, қызыға, әншілік, тыңдаған, көзге, әкесінің, табиғи, байқалып

ІV. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойыңдар.

Ол  1930  жылы  қаза…ты…    т…ң…ыш    қ…рыл…ан    дра…а    театр…на    …абылд…нды.

  1. V. Мына кестені толтыр.

 

Актер, 1912, «Құштар көңіл», Ботагөз, бұлбұл,1905, Еңлік, педагогикалық техникум, Пүліш, 45 жас, оқытушы, режиссер, Жібек, драматург, Айман, Кебек.

Оқушыларға «Қыз Жібек», «Еңлік Кебек» операларын Күләш Байсейітованың орындауында тыңдатамын.

  1. Қорыту.

Сонымен, балалар, біз белгілі опера әншісі Күләш Байсейітованың өмірімен, шығармашылығымен танысып, білістік енді осы алған білімдерімізді қорыту мақсатында сіздерге сүрақтар беремнін:

  1. Күләш Байсейітова кім?
  2. Қандай оқу орнын бітірді?
  3. Қай жыл Қазақ драма тетрына қабылданды?
  4. Қандай рөлдерде ойнады?

 

  1. Бағалау. Сабақ барысында белсенділік көрсеткен оқушылар білімдеріне баға беру.
  1. Үй тапсырмасы: Күләш Байсейітова туралы реферат жазу. 


    Дереккөз: tak-to-ent.net
    Басқа да материалдар: 

    1. «Қызықты математика» үйірме жоспары
    2. Натурал сандар және нөл. Математика пәнінен сабақ жоспары

    3. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика пәнінен сабақ жоспары (тапсырмаларымен бірге)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ