Сайт ұжымы ұстаздарды мерекелерімен құттықтайды

0
2170

Martebe.kz білім порталының ұжымы Жылы шырайлы көктемнің алғашқы күнінде барша азаматтың көңілін жадырата келген 8-Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен барша нәзік жандыларды  құттықтайды.

Тәуелсіз еліміздің нығайуына ұстаздарымыздың қосып жатқан еңбегі орасан. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңіз елене берсін. Ұлт сыйлайтын, құрмет тұтатын тұлғаға айналыңыздар!

Құрметті ұстаздар! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілейміз! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздін сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!

Шығармашылық табыс тілейміз! Алдағы уақытта да сіздер үшін жақсы жаңалықтарымызбен қуантуға тұрысамыз.

Құрметпен, Martebe.kz білім порталының ұжымы!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ