Сан есім (қазақ тілінен ашық сабақ)

0
4252
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Сабақ тақырыбы Сан есім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік)

табу.

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық

қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

Сөйлемнен сан есімдерді таба алады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Сан есімдерді қатыстыра отырып, сөйлем құрай отырып тыныс белгілерін өздері қоя алады.

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіре алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Берілген тапсырмалар бойынша ой қорыту жасай отырып сұрақтар құрастыра алады.

Бағалау критерийлері

• Сөйлемнен сан есімдерді табады

• Сан есімдерді қатыстыра отырып сөйлем құрайды.

• Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

•Тыныс белгілерді дұрыс қоюға дағдыланады

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар Дүниетану, әдебиеттік оқу, математика
АКТ қолдану дағдылары Бейне жазба, презентация
Ресурстар Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б
Бастапқы білім 7-бөлімді оқытуда оқушылардың алдыңғы сыныптарда алған білімі мен дағдылары ескеріледі.
Сабақтың барысы
Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

 

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы

Жағымды ахуал

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?

-Ендеше сабағымызды бастайық. Күннің бейнесін көрсете отырып,бұл бізге не береді? Ендеше достарымызға деген жылулығымызды,сәттілігімізді білдірейік.

Топқа бірігу «Сандар арқылы»

Ортаға бала санына қарай 3 түрлі сан қойылады Оқушылар тяқшаны алып, артындағы сандар бойынша топтасады.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
  • Уақытты үнемдейміз!
  • Нақты,дәл жауап береміз!
  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Ө; Қ) Миға шабуыл «Кір жаю»әдісі

Жаңа сабаққа кіріспе. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақтардан игерген білімдерін пысықтайды:

– Зат есім дегеніміз не?

– Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?

– Етістік дегеніміз не ?

– Туынды етістік дегеніміз не?

– Сын есім дегеніміз?

– Туынды сын есімдерді ата

  • Мәтін нешеге бөлінеді?
  • Тасымал дегеніміз не?

ҚБ: Бұрқасын шапалақ арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Сәлемдесу,

Достық тілек

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың ортасы

Бейнетаспадан Сан есім жайлы толық мәлімет алыңыздар.

Ширату тапсырмасы.

30-жаттығу. (Топтық жұмыс).

1-топ. Өлеңнің ұйқасын тауып, тыныс белгісін қойып,көркем етіп жазады.

Дескриптор:

  • Өлеңнің ұйқасын дұрыс табады
  • Тыныс белгілерін қояды
  • Көркем етіп жазады

2-топ «Т-кестесі» әдісіне салып пайдалы және зиянды сусындарды жазады.

Дескриптор:

  • Пайдалы сусындарды жазады
  • Зиянды сусындарды жазады
  • Толық түсіндіре отырады.

3-топ Постер Су жайлы деректер айтады.

Дескриптор:

  • Қызықты деректер айтады
  • Деректері шынайы болды
  • Толық түсіндіре отырады.

Қ.Б Топтардың өзара бағалау

3.2.3.1 (МК; Ұ; Ж) 31-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу. Сұрақтарға жауап беріп, өз пікірін білдіру.Балықшының ұлына сұрақтар құрастыру.

Дескриптор:

  • Өлеңді мәнерлеп оқып береді.
  • Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді
  • Сұрақтар құрастыра алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Сергіту сәті Тыныс белгілермен би

Мен мектепке келдім.

-Айгүл қазір қандай сабақ?

-Алақай,қазақ тілі сабағы маған қатты ұнайды !

i.mektep арқылы мәлімет алу

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Түрлі түсті

суреттері бар

журналдар,

флипчарт, желім

Белсенді оқу тапсырмалары.

Сабақтың соңы

32-жаттығу.(Жеке жұмыс) Өлеңді тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазу. Сан есімдерді тауып, астын сызу.

Су – табиғат байлығы, Өзен-көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні

Суға түсіп тұрғайсың.

Дескриптор:

  • Тиісті тыныс белгілерін қою.
  • Сан есімді тауып, астын сызу

Қ.Б Өзін-өзі бағалау Тақтаның көмегімен өз қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмыста өзін-өзі бағалайды.

3.4.2.3 (Т; Қ) 33-жаттығу Ребустарды шешу. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрау. Үлгіге сүйеніп, дәлелдеу жасау.

Дескриптор:

  • Ребусты шешеді
  • Шешіміндегі сөзге сөйлем құрайды
  • Үлгіге сүйеніп,дәлелдейді.

Қ.Б Мадақ айту

Үйге тапсырма. 34-жаттығу

3.4.2.3 (Т; Қ) Жұмбақты оқып, шешу.

Жұмбақтың шешуіндегі сөзді сипаттау. Өз жұмбақтарын құрастырып келу.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланыс

Шульманның 3 көмекшісі

Бүгінгі сабақта мен басым арқылы не істедім?

Бүгiнгі сабақта мен қолым арқылы не жасай алдым?

Бүгінгі сабақта мен жүрегім арқылы нені сезіндім?

Дәптермен жұмыс

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс арқылы білдіре алады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Семантикалық картамен жұмыс

Сөздер Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
Ойнады
Аспаз
Қырық
Үлкен
бұлтты
Жауды
Алты
Қозы

Бұрқасын шапалақ

Өзара бағалу

Өзін-өзі бағалау

Басбармақ әдісі

Кері байланыс

Тоқ көздеріне абай болу
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?

 

Семантикалық карта
Сөздер Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
Ойнады
Аспаз
Қырық
Үлкен
бұлтты
Жауды
Алты
Қозы
Семантикалық карта
Сөздер Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
Ойнады
Аспаз
Қырық
Үлкен
бұлтты
Жауды
Алты
Қозы

Дескриптор:

  • Өлеңнің ұйқасын дұрыс табады
  • Тыныс белгілерін қояды
  • Көркем етіп жазады

Дескриптор:

  • Пайдалы сусындарды жазады
  • Зиянды сусындарды жазады
  • Толық түсіндіре отырады.

Дескриптор:

  • Қызықты деректер айтады
  • Деректері шынайы болды
  • Толық түсіндіре отырады.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ