«My school» атты ағылшын тілінен ашық сабақ

0
2508
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

 

А.Ф.Ә.А. және жұмыс орны Бұқар жырау ауданы,Үміткер орта мектебі. Пәні: ағылшын тілі Сынып: 6
Сабақ тақырыбы: «My school»

Мақсат:

(ОМЖ алынады)

  • Мектепте орындалатын іс-әрекеттер жиынтығымен танысу;
  • Жаңа лексикалық мағынасын ажырата білу арқылы мәтінмен жұмыс жасай алу;
  • Жаңа лексикалық бірліктерді мәтінге кірістіре отырып, ауызекі сөйлеу.
(А) оқушылар үшін оқыту нәтижесі Оқушылар толығымен жаңа тақырыпты меңгерді, жаңа лексикалық сөздерді қолдана алады, грамматикалық қателер жоқ, өз білім деңгейін бағалап, жетістігі жөнінде айта алады.
(В) оқушылар үшін оқыту нәтижесі
Оқушылар жеткілікті деңгейде жаңа тақырыпты меңгерді, үлкен көлемде жаңа лексикалық сөздерді қолдана алады, біраз грамматикалық қателер бар, өз білім деңгейін бағалап, жетістігі жөнінде айта алады.
(С) оқушылар үшін оқыту нәтижесі Оқушылар жаңа тақырыпты жартылай ғана меңгерді , аздап қана жаңа лексикалық сөздерді қолдана алады , грамматикалық қателері көп, өз білім деңгейін бағалап, жетістігі жөнінде оңай еместігін көбінде айтып жеткізе алмайды.
Табыс критерииі:
  • «My school» тақырыбындағы жаңа лексикалық мағынасын біледі және түсінеді, оқу және сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
  • практика жүзінде жаңа лексикалық бірліктерді қолдана алады;
  • лексиканы сабақтың тақырыбына қолдана отырып, мектептегі оқушының рөлін ойластырады
Түйінді идея: Сын тұрғысынан ойлауды дамыта отырып, ашық сұрақтарды қолдану арқылы диалогтік сөйлеуге, топтық және жұптық жұмыс арқылы мәтінді талдай алады.

Оқулық:

(ҚР БҒМ ұсынған)

English: жалпы білім беретін мектептегі 6-сыныпқа арналған оқулық.
Сабақ барысы/мұғалім ескертпелері:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Бағалау Ресурстар
Кіріспе

Ұйымдастыру: (3 мин)

Мұғалім оқушылармен амандасып, шаттық шеңбер құрады. Барлық оқушы бір-біріне ағылшын тілінде жылы сөз айтып шығады.

Үй тапсырмасын сұрау

Миға шабуыл (тапсырма)

  • Look at the picture
  • What is this?

Оқушылар шаттық шеңбер жасап, ағылшын тілінде бір-біріне жылы сөздер айтып, тілек білдіреді.

«Ой қозғау» стратегиясы бойынша мұғалім сұрақ қоя отырып, оқушылар интербелсенді тақтадағы суретке қарап, ненің суреті екенін табады және бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.

Бағдаршам, бас бармақ-өзін-өзі бағалау Оқулық, АКТ, презентация,
Жаңа материалдың тұсаукесері (негізгі бөлім)

Work in groups. Association to the word “School”

 

“School”

Answer the questions:

-.What do you think about your school?

-Who is the principal of our school?

-When did you start studying at primary school?

-When did you enter a secondary school?

-What subjects do you study?

Oқушылар топтасады.

Оқушылар мектеп туралы постер әзірлейді

Оқушылар сұрақтарға жауап іздейді.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Алғыс айту жеке топ мүшесін

критериалды бағалау

Слайд, стикер,
Жаңа материалды тәжірибе жүзінде қолдану

Work in group. Give Kazakh equivalents to the words on these cards, read and translate them. Cлайдтармен жұмыс, сөздіктермен жұмыс

1 топ: subject, school rules, break, primary school.

2 топ: timetable, homework, library, grade.

3 топ: class, education, secondary school, knowledge.

Work in group. Мәтінді оқып аударады.

Work with Reflexive pronouns

1 task Find sentences with reflexive pronouns

2 task Complete these sentences using pronouns

3 task Complete this advertisement by putting in the reflexive pronouns and translate.

А – жаңа сөздерді қолдана отырып, мәтінді аударады, ауызекі сөйлейді

В – жеткілікті деңгейде тақырыпты аша алды, сөздік қоры молаяды

С – жаңа тақырыпты жартылай ғана меңгерді,сұрақтарға жауап іздеп қиналады.

Керібайланыс

«Еттартқыш,чемодан, себет»

ынталандыру

Қорытынды

Work in pairs. Сүрақ – жауап

What are your favourite subjects?

How many lessons a day have you got?

Оқушылар жұпта,топта диалог құрады.cұрақтарға жауап әзірлейді
Мұғалім ескертпелері /Рефлексия:

-Бүгін мен не үйрендім? «Бүгінгі сабақтан әсерім….» рефлексия жазу.

-Маған не ұнады/ұнамады?

-Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің

 

Қарағанды обл. Бұқар жырау ауданы. Үміткер ауылы.
Үміткер орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі.
Жолдикенова А.К.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ