Сәнің мәнді болсын

0
2537

Бүгінгі күні сәнді де әдемі киінуді  мақсат тұтпайтын адам кемде кем. Алайда байырғы заманда киімді жан-жануарлардың терілерінен тігіп, жылыну үшін, қорғану үшін киген болса, қазіргі таңда адамның көркіне айналған. Бертін келе әр елдің, әр мемлекеттің өз ұлттық киімдері өз стильдері болса, қазіргі қоғамда жарассын, жараспасын, «Мода» деген сөзді жиі қолданатынын байқаймыз.Әсіресе жастар арасындағы бәсекелестік өндіріс компанияларының қалталарының қампитуда. Сол жастар соңғы үлгідегі «Мода», «Элита» деп қабылдайтын киімдер мен бұйымдардың түп тарихына тоқтала кетсек.

«Итке таланғансың ба?» — деп үлкендеріміз ұрсатын, атақты «жыртық» джинсы шалбарлар бренд дүкенде бірнеше есе қымбат бағамен толып тұр. Сол шатақтышалбардың атағын көшеде жүрген қайыршы шығарды деседі. Әбден тозығы жеткен шалбар киген бір кезбе қыстың өте суық күнінде қымбат дүкендердің біріне кіріп жылынбақшы болады. Қандай брэнд ойлап табарын білмей жүрген атақты бір дизайнер байқап қалып, демек шалбарды жыртып кию әдемі көрінеді екен деген идея келеді. Әрине, атақтының қолынан шыққан дүниенің бәрі асыл көрініп, содан бастап жыртық шалбар сәнде. Сондықтан ескі-құсқы киімдеріңізді тастамаңыздар. Кім біледі, ол да сәнге айналар.

Келесі қызық сінге айналған дүниенің бірі ер адамдардың жейдісінің жеңге тағатын түймелері. Алғашқы рет бұл сәнді бұйым француздық әскерге арнайы қаулымен енгізілді. Наполеон Бонапарт әскерлерге  мұрындарын қолдарымен сүрту әдетін қойдыру үшін мундир жеңдеріне ілгек тігуді бұйырған.

Шалбарға қыр салудың да өзіндік тарихы бар екен. Өнеркәсіптік өндіріске дейін қыры сынған шалбарлар болмады. Фабрикалық тігіннің дамуымен 19 ғасырдың екінші жартысында тауардың көп бөлігін транспорттау, соның ішінде теңіздік транспорттау дамыды. Жиналған шалбарларды ашқан кезде қыртыстар пайда болған, және де осындай қыры сынған шалбарлар сәнге айналып кеткен.

Жастар арасында тым етек жайған белден төмен тұратын шалбарлар мен джинстар Америкада сәнге еніп, әлем бойынша тез тарады. Әдетте рэп, хип-хоп мәдениетімен сәйкестендіріледі. Мұндай шалбарлар түрме киімінен шыққан деп айтылады, себебі тұтқындарға белбеу тағуға рұқсат болмағандықтан шалбарлары белден түсіп кете беретін болған.

Қорыта айтқанда, әрбір адам өз ұлтының мәденетіне жақын, өзіне жарасымды киіне алса, одан асқан сән жоқ дер едім. Тарихын, түп тамырын білмей жатып, «Мода» соңын қуамыз деп, ұятқы қалып жүрмейік.

 

Жансая Ысқақ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ