Мультфильмдер бала санасына кері әсер етіп жүрген жоқ па?

0
1882

«Өтірік» деген  сөз қанға сіңген қасиеттің бірі болды бүгінде, себебі…

Кей сәттерде бір ғана жалған сөздің әсерінен, біреуге кесіріміз тиіп, тіпті ақыры жанжалға апарып жататын сәттерде аз емес. Өзіміз күйреп қалуымыз мүмкін, мейлі сол сәтте өтірік айтып құтылармыз-ау, бірақ сол кемтік қателікті жамай алатын мүмкіндік бар ма, әлде жоқ па? Олда белгісіз…

«Өтірік» деген  сөз қанға сіңген қасиеттің бірі болды бүгінде, ақиқатында бұл жаман істің бастауы екенін барлығымыз білеміз. Үлкені- ересек, ақырын біледі, ал бесіктен белі шықпай, буыны қатпаған бүлдіршіндердің өзі өтірікке масайрап сайрап жатқанында көзіміз шалады. Олар ол -қылықсыз әрекетке неліктен бейім болды? Оларға мұны кім үйретіп жүр? Қызық па? Әрі қарай оқыңыз…

«Өзімнің басымнан өткен оқиға»- деп жалғайын сөз парқын. Бірде үйдегі мектеп алды даярлықта оқитын інімнен, үй тапсырмасын орындағандығы туралы сұраған болатынмын, сәйкесінше күткен жауабымды алып, көңілім орнына түсті, теледидардан мультсериал көруге рұқсат еттім, уақыты ойынмен жалғасын тапты. Артынша ой толқыныма «бұл балаға кім көмектесуі мүмкін?» « Барлығы жұмыста, өздігінен орындауға мүмкіндігі келмейді ғой!»- деген күмәнді сұрақтардың  тууының нәтижесінде, ақырын тексере бастаған болатынмын, күмән- шындыққа ұласты. Інімнің ол әрекетіне қапаландым, жаза қолданбадым, жай ғана неліктен өтірік айтып,  тапсырма орындаудан бас тартқанын сұрадым. Сондағы оның айтқан жауабы- «Кейде өтірік айтуға да болады ғой!».

Көп ұзатпай себебін айтайын, өзгелерге де, өзіме де қызық. Теледидардан бас алмай отырған інім көріп жүрген мультсериалдардың психологиясына кері әсер беретін  сәттері де бар. Менің інім өтірік айтуды осы мультсериалдардың бірінен үйреніпті. Нақтырақ, «Мақтаншақ қыз» деген отандық мультсериал екен.

Бұл өнімді сапасыз,  көрген адам санасыз болады деп те айтпаймын, себебі миға сіңімді, көңілге қонымды етіп түсірілген, себебі інім тамашалаған мультті, ғаламтордан іздеп өзімде басынан аяғына дейін көріп шыққан болатынмын.

Мақтаншақ қыз — мақтанбайды мүлде, тақырыптан ауытқу кетті демекпін. Кейіпкер басынан аяғына дейн өзінде орын алмаған игі-жақсы қасиеттерді айтып, өтірікке былғанумен әлек.  Бір ренжігенім- кейіпкер өз жазасын алмайды соңында, керісінше өтіріктің арқасында жолы болып, қуанышқа бөленді. Ал енді ойланып қараңызшы, миы енді жетіліп, санасы дамып келе жатқан балада  «Мен өтірік айтсам…»- деген жалғассыз ойлар миында жатталып қалмақ. Пайда не? Зиян не? Ақыл тоқтатқан азамат немесе азаматша болсаңыз,отбасындағы балалардың қандай өнімдерді тамашалап жүргенін қадағалап, дұрысы мен бұрысын ажыратып беруге тырысыңыз.

Бала тәрбиені тек ата-анадан емес, өзгеде тәрбие құралдары арқылы алады. Соның бірі- мультсериалдар, әрине қазіргі ғылыми техниканың заманында ғана.  Мен мектеп оқушысы болсамда, өзімнің ізімнен ерген бауырларымның тәрбиесі мен оқу үлгеріміне баса мән беріп, қателіктерін түзетуге тырысамын, жаман әдеттерден арылтып, жақсылыққа жетелегім келеді, себебі болашағымыз осы шыншыл балғындардың қолында емес пе?.. Ал сіз қалай ойлайсыз?

 Әсем ТЕМІРБАЙ                                                                                                                    Қызылорда облысы, Қазалы ауданы                                                                                    №249 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ