Сапалы білім ордасы

0
1024

Шығыстың атақты философы Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімімен аталған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан Республикасындағы жетекші жоғарғы оқу орны болып табылады. Қазіргі уақытта еліміздің ірі білім және ғылыми орталығы болып саналады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – білім мен ғылымның ірі орталығы, еліміздегі жетекші жоғары оқу орыны. 87 жылдық тарихы бар университет біліктілігі жоғары профессорлық-оқытушылық құрамымен, дарынды түлектерімен әйгілі. Университеттің миссиясы – кадрлық потенциалды қалыптастыру, яғни ұлттық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды дайындау. Қазіргі таңда ЖОО-да 16 факультет 25000-нан астам студенттерге, магистранттар мен докторанттарға білім беруде.

Әр бағыт бойынша барлық факультеттерде қарқында және нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2020 жылы QS «World University Rankings» әлемдік рейтингінде 165-орынға көтерілген, осылайша қазіргі уақытта әлемнің ең үздік 200 университетінің қатарына енген Орта Азиядағы жалғыз ЖОО саналады.

Бүгінгі күні ҚазҰУ-дың әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу мақсатында әл-Фараби университетінің Smart City инновациялық платформасы негізінде ҚазҰУ әзірлеген және жүзеге асырған «Университет 4.0» тұжырымдамасы аясында жүзеге асады.

Университетте лайықты дәрежеде білім алуға тырысатын әр студент үшін керемет мүмкіндіктер жасалған. Университет Қазақстандағы ең үлкен және ең бай кітапханалардың біріне ие. Әбу Насыр Әл-Фараби музейікітапхананың әрбір қонағы үшін ашық. Қазақ ұлттық университеті өзінің жас ғалымдарына жайлы жатақханалар ұсынатын студенттер қалашығы болып саналады. Университет 5000-нан астам студент тұратын 14 үлкен жатақхананы ұсынады.

Университеттің оқытушылық-профессорлық құрамы 2 мыңнан аса профессор, доктор, ғылым кандидаттары мен PhD докторлары, 40-тан аса Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлерінен тұрады. Университеттің 100-ден аса оқытушылары ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындаған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері болып табылады.

Қазақ ұлттық университетінің дамуына экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент» кафедрасы да өзіндік үлесін қосты. Кафедра дайындайтын мамандықтардың оқу бағдарламалары жоғарғы білім беру сапасын бағалайтын агенттіктердің беделді халықаралық аккредитацияларынан өтіп, өз сапасын дәлелдеген.

Мағжан атамыз жырлап кеткендей: «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін!», — демекші арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастардың ордасы ол – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті!

Қазақстандағы ең үздік деген оқытушылардан заманауи және сапалы білім алғысы келетін, болашақта сұранысқа ие мамандық иегерлері болғысы   келетін талапты жастарды ЭжБЖМ-нің «Менеджмент» кафедрасы әрдайым асыға күтеді.

Жолдыбай Гүлдана Жәдігерқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Экономика және Бизнес Жоғары мектебі
«Менеджмент» кафедрасының 4-курс студенті

Ғылыми жетекші: профессор Мухамбетов Т.И


ПІКІР ҚАЛДЫРУ