Сауат ашу: «О дыбысы мен әрпі»

0
20408

   «Балдәурен» ересек тобы.

Коммуникация: Сауат  ашу.       О дыбысы  мен  әрпі.

Ұйымдастырылған оқу -қызметі тақырыбы:  О дыбысы  мен  әрпі.
Ұйымдастырылған  оқу-қызметі  мақсаты: О әрпімен  балаларды таныстыру. Құрамында

О  дыбысы  бар    сөздерді  талдау. О дыбысы  бар .
сөздерге сөз, сөйлем ойлау.
Дамытушылығы: Балалардың   ойлау   қабілетін  дамыту.
Тәрбиелік  мәні: Еңбекке,  адамгершілікке  тәрбиелеу.
Әдісі:    Сұрақ-жауап, жұмбақ.
Сабақтың  барысы:
І.   Ұйымдастыру   сәті.
Амансыңба,алтын күн!

Амансыңба,жер ана!

Амансыңдарма,достарым.

Сендерді көргеніме, қуаныштымын.

Здраствуй, солнце золотое ,

Здраствуй,небо голубое.

Здраствуйте мой друзья.

Очень рад всех видет вас.

ІІ.  Өткенді  қайталау.
Сұрақ -жауап арқылы бастау.

Сауат ашу оқу-қызметінде нелерді үйренеміз?

-Дыбыстар мен әріптердің айтылуын.Көркем жазуды,сауатты оқуды.Сөздерден сөйлем құрауды үйренеміз.

-Дыбыстарды не істейміз?

-Дыбыстарды естиміз,айтамыз.

-Дыбыстар неше бөлінеді?

-Екіге.Дауысты дыбыстар.Дауыссыз дыбыстар.

-Әріптерді ше?

-Көреміз,жазамыз және оқимыз.

-Әріптерден не құралады?

-Сөйлемдер.

-Өткен әріптерді қайталау.Буындап оқу.Ала,алау,ат,ата,ауа,тал,аула.

Ойын :  «Сөз  ойла,тез  ойла»
А,Т,У,Л әріптерінен басталатын  сөздер ойлау.

Әріптерге байланысты тақпақтар айтқызу.

ІІІ. Жаңа  сабақ

— Балалар,бүгін  біз «Әріптер  бағындағы» танысатын дыбыс пен әріпті жұмбақ арқылы таныстырғым келеді. — Ал,балалар,ойнайық,
Ойнайық  та,  ойлайық,
Қандай  жұмбақ  болса  да,
Шешпей  оны  қоймайық.
1. Аналар оны бастарына тартқанда,

Сұлуланып кетеді.(Орамал)

2.Ол болмаса столда,

Отыра алмаймыз біз дастарханға(Орындық)

3.Жабайы аңдардың мекені,

Білесіңбе сен оны.(Орман)

Жұмбақтарды шешуін шешіп болып жатырғанда.  О дыбыс кіріп келеді.

-О, қандай тамаша балалар!Сәлеметсіндерме,балалар.
—  Мен әріптер   бағына келгеніме көп болды?

Мен өзімді кейде,тоқашқа.

Кейде, жүзікке ұқсатамын.

Мені аспазшы жасап шығарды ма?

Әлде зергер жасады ма білмеймін.

Мені«Балауса»бақшасында «Балдәурен» тобындағы балалар саған көмек  берер деп,осы бақтағы әріптер жіберді.Сіздерден көмек сұрап келдім, көмектесесіңдерме?

«Оюда»бармын

«Аюда»жоқпын

«Допта»бармын,

«Атта»жоқпын

Мен   сонда   қандай  дыбыспын? (О)
Тәрбиеші: Балалар барлығымыз бірлесе,қандай дыбыс пен әріп екенін біліп беруге көмектесемізбе?

Тәрбиеші :«О»дыбысын   үш  рет  хормен  қайталап   айтқызу.
2. «О»   дыбыс  туралы  түсінік  беру  О дыбысы  дауысты  дыбыс .Қызыл  түспен  белгілейміз.

-Жаңа сөздермен таныстыру. Оймақ –іс тіккенде сұқ саусаққа киіледі.Омарта-ол араның ұясы.

О әрпінен келетін сөздер құрау.

Дәптермен  жұмыс
—   Ауада  жазу.  —  қол жаттықтыру,   — дәптерге  жазу
Оо, Оо,О о.Оо,Оо,Оо.

Сергіту  сәті.

Ойын: Қалай дыбыстайды?

Ұйымдастырылған оқу-қызметін қорытындылау.

О дыбысы;Балалар  сендерге көп-көп рахмет.Менің не екенімді ,қандай дыбысқа жататынымды біліп бердіңдер.

Балалар сау болыңдар!Мені сендер ұмытпассыздар деген ойдамын.

-Бүгін қандай дыбыс пен әріппен таныстық?

-Қай дыбысқа жатады?

-Келген қонағымыз қандай дыбыс екен?

Оқу қызметіне  белсеңділікпен қатысқан балаларды мадақтау.О дыбысының әкелген сыйын таратып  беру.

 

Тәрбиеші: Ергебек Ж.Ә


ПІКІР ҚАЛДЫРУ