Сенім — жетістіктің кілті

0
17686

Мақсаты: оқушылардың адамдардың бір-бірімен сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1.«сенім» ұғымының мәні

    1. өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту
    2. өзіне,өзгеге,қоғамға сенім білдіруге үйрету.

 

Тәрбие сағатының өткізу формасы: еркін,пікірталас,ойын түрінде топпен жұмыс

Барысы:

 Оқушылармен амандасу  /амандасу түрі өз еркіңде қол  алысу,ауызша амандасу т.б/

 Қайырлы кеш,балалар! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын, Өзіңізді  таныстырып өтесіз.Қандай тақырыпта бүгінгі кеш өтетінін хабарлайсыз. 

Балалар, біз бүгін «Сенім –жетістіктің кілті» тақырыбында тәрбиелік әңгіме жүргізгелі отырмыз.Әңгімемізді бастамас бұрын,алдынғы буын аға ұрпақтың сенім туралы айтқан ұлағатты сөздеріне көз жүгіртейік.Жазушы ағамыз І.Есенберлиннің «Сенім! Бұл бір ұлы күш!Әсіресе,жаны таза адамға өзгенің көрсеткен сенімі бойына қайрат,қиялына қанат береді. Сол сенімді ақтаймын деп қандай қиындық болса да қарсы тұра алады,ақтап шығуға жанын аямайды»деген сөзі өмірдің өзегі де,негізі де шын мәнінде сенімнен тұратынын аңғартады. «Сенім –құдіретті күш! Дәрігердің емдік іс-әрекетіне толық сенсең ауруыңнан толық жазыласың; ертеңгі мақсатыңа сенсең,қандай қиындық болса да,әрекеттеніп,мақсатыңа жетесің; әлеуметтік келешегіңе сенсең,сол бақытқа өзің де барлық адамдармен бірге ұмтыласың.Сенімің берік болсын» деп Ә.Табылдиев айтқан екен.

Осы орайда мынындай мысалға назар аударыңдар: «Ертеде бір ауру адам емші-дәрігерге келіп,—мені ауруымнан айықтыр,көмектес –деп өтініпті.Сонда дәрігер:—Бәрі де өзіңе байланысты,егер сен маған көмектессең,екеулеп ауруыңды жеңеміз,егер айтқанымды орындамай,жазылатыныңа сенбейтін болсаң,ауруыңа көмектескенің. Екеуіңді мен жеңе алмаймын. Сондықтан маған өзіңе деген сеніммен кел деген екен екен»

Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу /топтарға ат қою.  Мысалы: «Намыс», «Жігер» деген сияқты

Негізгі бөлімі

Топтарға сұрақ беру /сұрақтар алдын ала қағаздарға жазылып беріледі/ Сұрақтар

«Сенім» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?  Қандай адам сенімге ие бола алады?  Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?  Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?  /оқушылар өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіншілік беру керек. Екі топқа да Адамдарға сенім артатын қандай қоғамдық орындарды білесің? /үлкен дүкендер,ойын алаңдары,театрлар  т.б. Сенім тек жақын адамдар ғана арасында ғана емес,қоғамдық деңгейде,әлемдік шеңберде де көрініс алады.Адамның өз-өзіне,өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады.Өзіне өзі сену адамның өз құндылығын түсініп,мақсат –мүддесіне жетуіне көмектеседі.Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып,өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді. Сенімді болу—ол жауапкершілікті сезіну және орындай білу дегенді білдіреді.Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адам жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте,барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Ең бірінші өзіңе сен,Екі қолмен істеген ісіңе сен,  Жақының да, жатың да сыйлайды, Егер де өзіңді өзің түсірмесең... 

Ой тізбегін құрастыру Ата-ана баласына сенеді, баласы кімге? Қоғам әр мүшесіне сенеді, ал әр адам ше? ОйынЖағдаяттардан шығуБіз орманда адасып кеттік,не істеуге болады?/топ мүшелері топ басшыларына сенім артады,енді топ басшысының әрекеті қандай болмақ. Әр топ өзінің іскерлігін қөрсетеді/

Сенім-жетістіктің кілті,ал кілт әркімнің өз қолында. Сочи-  2014 олимпиадасы туралы айтып өтуге болады. Мемлекет сенім артып отырған спортшыларды айту арқылы өздеріне сенімдері мықты болған жағдайда жеңіске жетеді.

Ойын тапсырма:Жылдам әрі тез сөйлемді аяқта. Не істеуге болмайды? 1.Уәдені  /бұзуға болмайды/ 2.Ойланбай  /уәде беруге болмайды/ 3.Бастаған істі /жартысында қалдыруға болмайды/ Не істеуге болады? 

1.Сенімге  /ие болуға болады/ 2.Өзіңе /сенуге болады/ 3.Айналадағы адамдарға /сенім артуға болады/ Әр ойыннан соң балаларды мадақтап отыруды ұмыпау керек. ӘР балаға арнап брелок алыңыз .Әр брелокқа сенімділік туралы бір-бір сөз жазып,оқытып талдатуға болады. 1.Ақылсыз адамдар сәттілікке сенеді,ақылдылар өзіне сенеді  /А.Даниэль-Брюне/ 2.Адам өз күшіне толық сенгенде ғана нәтижеге жете алады  /Л.Фейербах/ 3.Адамға ең керегі-өзіне деген сенімділік пен жігер.Жасықтық адамды құлдыратады.  /Н.Рерих/ 4.Өзіңізге деген сенімсіздік—сәтсіздіктің негізгі себепшісі  /К.Боуви/ 5.Құдай оған сенгендерден гөрі,өзіне сенгендерге көбірек жәрдемші болады /Г.Матюшов/ 6.Өзіңе сенші!Сол кезде өмірді қалай сүру керек екенін бірден ұғасың. /И.Гете/ 7.Сізден ешкім үміт күтпесе де,өз-өзіне сенген адам—ер /Х.Маккей/ 8.Өзіне сенбеген адам –өзгеге де сенбейді. /Ф.Ларошфуко/ 9.Сізді кері тартып,төмендететін адамдармен бірге жүрүден сақтаныңыз. Өзіне сенген адам ғана ұлы істерге бара алады.  /Марк Твен/ 10.Сен-ата-анаңның үмітісің.Сен қайталанбас тұлғасың,өз өміріңнің белсенді жасаушысысың,сондықтан өзіне ғана сен. /Б. Момышұлы/ 

11.Сенімге ие болу-өмірді мәнді етеді.  /І.Есенберлин/

12.Жалпы адамзаттың жақсылығына сену—адамгершіліктің ең биік белгісі  /М.Жұмабаев/

Осымен балалар,сабағымыз аяқталды. Әрдайым есте ұстаңдар: Өзіне-өзі сенімділік туа біткен қасиет емес,демек,оныадам өзінің бойында дамытуы тиіс. Сенім-жетістіктің кілті,ал сол кілт балалар әрқайсыңның қолыңда…

Қатысқандарың үшін рахмет!

Мамбетбаева Эльмира Рахимбергенқызы

Алматы облысы Сарқан ауданы

«Қарауылтөбе орта мектебі мдшо» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі