«Үш бәйтерек – үш алып»

0
1669

Бүгінгі заманда әр алаштың перзенттерін, ұлан-ғайыр жеріміздің шығыс
күнгейінен, әр күн сайын тәуілсіздіктің ақ таңы қарсы алуда. Осынау кең-
байтақ жеріміздің топырағын емін еркін басып, азаттықтың ауасын жұтып,
келер күнге қорқынышпен емес, үмітпен қарауымыз үшін қаншама жан өлім
кешіп, ата-бабаларымыз сұрпалаң күнді бастан өткізіп еді.

Кеңес үкіметі түп-тарихымызға балта шауып, саяси және мәдени қөз-
қарасымызға сілкініс жасаған кезде, бабаларымыздың көзсіз ерлігін, келер
ұрпаққа ұғындырып, байтақ өлкеміздің тәуекел жанкештіліктің арқасында
сақталып қалғанын, жас буынның санасында сақталып қалу үшін жанын пида
еткен алаш ұлдары аз емес еді. Солардың бір қатары, қазақтың "Үш
бәйтерегіне" айналып кеткен — Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс
Жансүгіров. Тәуілсіздіктің ақ таңын арман етіп, келешек жастарға сыйлауды
арман еткен ұлы тұлғалар, ел есінде мәңгі сақталады.Қазақтың әдеби тамыры
мызғымаз берік екенін ұғынған олар, осы сала бойынша көлемді еңбектер
жазып, түп тамырдан ажырамай, бірақ жаңа ғасыр жастарына ұғынуға
тұрарлық болуы үшін, заманға сай түрде параққа түсіріп, елдің сауатын
ашып, ой-өрісінің өсуіне ықпал етіп, білім алуға шақырған қазақтың "Үш
бәйтерегі" 1894-1938 жылдар аралығында өмір сүрген, замандастар еді.

Дархан даланың әр бөлік топырағында туған ұлы тұлғалардың, ел сауатын
ашудағы салары да әр түрлі еді. Сәкен Сейфуллин қазақ даласын түгел
қамтитын газеттер таратып,ғылым-біліммен қоса, ел санасын саяси
сауаттылықтың тұманынан босатқан еді.
Еліміздің теріскей бетінде дүниеге келген Ілияс Жансүгіров, қоғам
қайраткері ғана болмай, ел арасында болып жатқан сұрқия көріністерді қара
өлеңге түсіріп, ащы шындық аралас жыр жолдарын қалың оқырманға
ұсынып отырды. Ел есінде том-том романдар жазып қазақ әдебиеті жанрына
өзіндік үлесін қосқан тұлға ретінде сақталды.

Ал Бейімбет Майлин сияқты очерк жазған қазақта ешқандай жазушы
болған емес. Қараңғы қоғамға емін-еркін түсінікті шығармаларды, ел
сүйсініп оқыды. Газет беттеріне бүркеме атпен талай мақаласын, кеңес
үкіметінің былығығын әшкерелеп шығарған ұлы алып, империяның ашуына
тиген болатын.

Үш бәйтеректе  қазақ әдебиетінде азулы ақын, өткір ой шебері, қарымды
жазушы ретінде алтын әріппен қалды. Ел мұратын мақсат етіп, қалам тартқан
тұлғаларымыз 1938 жылы репрессияға ұшырап, ату жазасына кесілген
болатын. Қысқа ғұмырларын ел келешегі үшін құрбан еткен бір туар
азаматтар, ұлт руханиятын, теңдессіз туындыларымен, жанрлық
қырларымен, көркемдік ой-қиялдарымен байытты.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ