«Шәкәрім ақын шалқарынан» атты танымдық кештің сценарийі

0
11539
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Шәкәрім ақын шалқарынан» атты танымдық кештің сценарийі

Мақсаты:

Білімділік:  Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін , дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінге мән беру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің  үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау.

Тәрбиелік:  Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың  рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу,адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту, коммуникативтік, оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.

Көрнекіліктер:

Кештің жүру барысы:

1-жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

Біз бүгін ақын, философ, Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен  шығармашылығы бойынша оқып білгендерімізді, жинақтап, өз ой- пікірлерімізді ортаға салмақшымыз.

2- жүргізуші:Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай өткізілгелі отырған «Шәкәрім ақын шалқарынан» атты танымдық кешке қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Жарты ғасырдан  астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің  қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын

2-жүргізуші: Қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі халық санасынан аласталмақ болды. Бірақ…өзі өлсе де аты өшпейді. Осы ретте Абай атамыздың  «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деген өлең жолдары ойымызға оралады. Ұлы ақын өлсе де , ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар. Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу біздің міндетіміз.

1-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі кешіміздің басты мақсаты да осы болмақ. Шәкәрім атамаздың өмірі мен шығармашылығына арналмақ. Бүгінгі кеште 9-сынып оқушылары ақын шалқарынан сыр шертпек.

2- жүргізуші: Алғашқы сөздің кезегін 9 «А» сынып оқушысы Дәулетбек Алинурға берейік. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі жайлы мәліметпен таныс болайық.

1-оқушы: 9 «А» сынып оқушысы Дәулетбек Алинур

1-жүргізуші: -Қазақ поэзиясының асқар шыңы  Абай қалдырған  шығармашылық  дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы-әдебиетіміздің асыл қазынасы. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» деген Абай мектебінен тағылым алып, оның жолын жалғастырған Шәкәрім өлеңдері ақын өлеңдерімен үндесіп жатады.

2-оқушы :

1-жүргізуші: Кел,жастар,біз бір түрлі жол табалық ,

Арам айла,зорлықсыз мал табалық .

Өшпес өмір,таусылмас мал берерлік ,

Бір білімді данышпан жан табалық.

2-жүргізуші:Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы,терең ойшылы, қоғам қайраткері. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. Қилы заманда оққа ұшқан ақынның есімі де жұртшылық санасынан аласталмақ болған еді. Бірақ «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші өзі өлсе де аты өшпеген Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып келеді.
1-жүргізуші; Ендеше, келесі сөз кезегін Шәкәрім Құдайбердіұлының дастандары туралы ой қозғау үшін 9 «Б» сынып оқушысы —————берсек.

2-оқушы: 9 «Ә» сынып оқушысы

2-жүргізуші: Шәкәрім дастандарының желісі бойынша біздің гимназия оқушыларының қатысуымен түсірілген бейне- баянға назар аударайық.

Бейне-баян

1-жүргізуші:«Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етейін. Кейінгі ұрпақ үлгі аларлық із-белгі қалдырайын, адам атым өшпесін, тарихқа аз да болса үлес қосайын деген ойда болдым. Келешектің ойын ашайын деп жаздым.
…..Өз заманым үшін жазғам жоқ. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым.» дейді Шәкәрім бабамыз.

2-жүргізуші:Ендігі сөздің кезегін Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық ой-толғамдарына берейік.

9 «Б» сынып оқушысы : Шәкәрім-философ

1-жүргізуші: Адам үшін еңбегім,

Өмірден барлық тергенім.

Қалағанын қарап ал,

Мұрам сол ,жастар бергенім.

9 «В» сынып оқушысы Шәкәрім –аудармашы

1-жүргізуші: Міне, Шәкәрім Құдайбердіұлының өз заманында қазақ тарихының үлкен білгірі, шебер аудармашы, ұлы гуманист болғанын байқауға болады. Оның негізгі тарихи туындысы және әдеби шығармалары аса бағалы дерек көзі ретінде маңызын еш уақытта жоймақ емес.Олай болса, ендігі сөз кезегін гимназиямыздың кітапханашысы Тулеубаева Гулжанат Бейсенқызына берейік.

Кітапханашы:

2-жүргізуші:  Шәкәрім Абайдың сазгерлік дәстүрін ары қарай жалғастырушы.Шәкәрім жастайынан домбыра тарту, гармонда ойнау,ән айту сияқты өнер түрлеріне ден қойған. Оның әсем сазға толы  «Жастық» , «Шын сырым», «Анамнан алғаш туғанымда», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» т.б. әндері бар.Сөздің кезегін 9 «Г» сынып оқушысы Акатаева Айымға берейік

1-жүргізуші:

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй»,-деп ұлы Абай атамыз жыр еткендей, ендігі кезекті әсем әнге берейік.

Ән: «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек». Орындайтындар: Айдынқызы Назгүл, Акатаева Айым. 9 «Г» сынып оқушылары

Осымен кешімізді аяқтайық!

Нургамысова Шолпан Махмутовна
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы
«Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ