І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының жанрлық ерекшеліктері

0
1360
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Бейне сабақ

Тақырыбы: І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының жанрлық ерекшеліктері

Сыныбы: 9 «А»

Пән мұғалімі: Нургамысова Шолпан Махмутовна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Семей қаласы ,2018 жыл

Сабақтың тақырыбы:І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының жанрлық ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының тақырыбы мен идеясын ашу, поэманың көркемдік ерекшелігін талдау

Сабақтың міндеттері:

білімділік – шығарманың идеясы мен тақырыбын ашу; көркемдік ерекшелігін талдау

дамытушылық – шығармадағы өнер құдіреті арқылы адамдар арасындағы психологиялық тартысты, оқиға шиеленістерін зерделеуге үйрету;

тәрбиелік — өнер құдіретін сезінуге, халықтық өнерді сүюге тәрбиелеу.

Оқытудың әдісі: іздену, зерттеу , Жоба қорғау, сұрақ -жауап

Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка

Қолданылатын технология: Қ.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы,Ұжымдық оқыту технологиясы

Сабақтың міндеті:

-әрбір оқушының өзін-өзі дамытуына жағдай жасау;
— білімді меңгерудегі өз жетістіктерін бағалаудың, өз білімдері мен іскерліктерін дамытудың жолдарын анықтау;
— әрбір оқушының ізденіс -зерттеу жұмыстарының жетістік деңгейін бағалауға мүмкіндігін беру, оқушыларды өз беттерімен жаңа өнім жасауға бағыттау

Басты ұстаным :

  • көзбе-көз әңгіме ;
  • ойлы сұхбат;
  • пікір еркіндігі;
  • білімді оқушының өз еңбегімен алуына жағдай жасау;
  • оқу жүйесін тереңдете ұсыну;
  • оны игертудің тиімді жолдарын іздеу.

Күтілетін нәтижесі

І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының тақырыбы мен идеясын ашады, көркемдік ерекшелігін талдай алады, кейіпкерлердің портретін суреттейді, мінездеме бере алады.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру . оқушыларды түгендеу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй тілеу.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

Ілияс кім? (ақын, жазушы, қоғам қайраткері, жыр Кұлагері т.б)

Ілиястің қандай шығармалары бар? («Күй», «Күйші» , «Құлагер», «Дала» т.б)

Ілияс ақынның шығармашылығының өзіндік сипаты қандай?

І. «Ойтастау». «Жылдар сөйлейді» ойыны арқылы І.Жансүгіровтің өмір жолы, шығармашылығы туралы білімдерін тексеру (Слайд №2)

 

1894ж І. Жансүгіров

1938ж

1905-1911ж.ж 1934-1936ж

1916ж 1920ж 1925ж 1928ж

Жауаптары:

  1. 1894ж -Талдықорған облысы, Ақсу ауылында дүниеге келген.
  2. 1905-1911 жылдары -алғашқыда әкесінен хат танып, содан соң молдадан оқып, Қарағаштағы татар үлгісіндегі мектепте дәріс алды.
  3. 1916ж -«Әншіге» өлеңін жазады
  4. 1920ж- Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді.
  5. 1925ж- Мәскеудегі журналистика институтына түседі.
  6. 1928ж- Елге келіп « Еңбекші қазақ» ( қазіргі, «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет атқарды. «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы жарық көрді.
  7. 1934-1936 жылдары -Қазақстанда көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады.
  8. 1938ж — ату жазасына кесіледі.
Қызығушылығын ояту (Слайд №3) Домбыра, сенде мін бар ма?

Мінсіз болсаң-тіл бар ма?

Тіл жоқ деуге бола ма?

Тілден анық үн барда.

Домбыраның күші мол,

Көмейінде күй барда.-дейді ақын Ілияс. Ендеше, көмейден төгілген күйді орындаушы кім?

-Әрине, күйші. Олай болса, күйдің құдіреттілігі, күйшінің шеберлігі өзіміз оқыған «Күйші поэмасында қалай берілген? Бүгінгі сабақта поэманың жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасап көрейік.

Жаңа тақырыпты өту барысы (Слайд №4)

І кезең.Топқа бөлу (Слайд №6)

«Күй», «Күйші», «Домбыра » атты үш топқа бөлемін. (Қағаз қиындыларында «Күй» тобына: «Асанқайғы», «Терісқақпай», «Қорамсақ», «Сары өзен», Боз інген», «Ақ көбік», «Ақсақ құлан»,

«Күйші» тобына: Дәулеткерей, Тәттімбет, Құрманғазы, Дина,Секен, Қаршыға,Сүгір, Қазанғап

«Домбыра» тобына: Шанақ, Қос ішек, Құлағы, перне, тиек, Шайтан тиек, мойын )

Оқушылар топқа бөлініп жайғасады.

ІІ кезең. Ойтастау.1- тапсырма:Топтық жұмыс (Слайд№7)

1.«Домбыра »тобы: Поэма бойынша мазмұндық жоспар құру

2.«Күйші» тобы : Поэманың сюжеттік-композициялық құрылысына талдау, шығарма желісі бойынша сатылай кешенді талдау
3.«Күй» тобы: Поэмадағы кейіпкерлерге мінездеме беру, портретін табу

(Берілген тапсырманы орындауға 10 минут уақыт беріледі, әр топ өз тапсырмаларын тақтада айтып, басқа топтарға түсіндіреді. Түсіндіру уақыты әр топқа 5 минут)

ІІІ кезең Ойланту 2-тапсырма: Танымдық сұрақтар

Жұптық жұмыс. (Қатар отырған екі оқушы бір-біріне сұрақ әзірлейді)

Ықтимал сұрақтар:1.Күйшінің қызға деген көңілі неге өзгерді?

2.Қыздың сезімталдығы қандай әрекетінен көрінеді?

3.Қыз күйшіге неге бостандық берді?

4.Қарашаш әрекетіне баға бер.

5.Поэмадағы күй аттарын ата

6.Күй әуенінің түрлерін ата.

 

ІҮ кезең. Ойлау. Жеке жұмыс Кейіпкелерге микро-мінездеме береді (5 минут)

Оқушының аты-жөні?________________________________________

Кейіпкерлер Микро-мінездеме Дәлелдеме
Күйші
Қарашаш
Кенесеры

Сабақты қорытындылау: Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығына ғалымдар берген баға.(Слайд №9)

Қажым Жұмалиев:«Жасынан ән-күйді терең сезініп,жанымен түсінетін Ілияс әдебиетке ән-күйдің, құдіретті күйшінің туын көтере келді»

Рымғали Нұрғали:«Күйші» өлімді,зұлымдықты жеңген өнер құдіреті туралы симфониялық сарын,романдық қуаты бар, кең тынысты.асқақ әуенді күрделі шығарма»

Кәкімбек Салықов.

Қарасам өлең-дария ағысына,

Көнермес көңіл толды табысыңа.

«Құлагер»,»Күйші», «Дала» көтеріпті

Атыңды ақындықтың ғарышына.

Ү кезең. Кері байланыс Рефлексиялық эссе

ҮІ кезең. Бағалау

Оқушылардың шығармашылық ізденістерін , сабақтағы білім деңгейлерін бағалау. Сабақ соңында оқушылар өз қойған мақсаттарына жете алды ма, сол туралы болжам-прогноз жүргізу. Бағалау парақтарын топ басшылары бағалайды. Соңынан мұғалім бағасы қойылады.

р/с Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасының сұрақтарына жауап берді Топта жұмыс жасады, өз ойын айтты, сұрақтарға жауап берді Мұғалімнің бағасы
1
2
3
4
5
6
7

ҮІІ. Кезең. Үйге тапсырма: «Күй-өлімді, зұлымдықты жеңген құдіретті өнер» эссе жазу.

«Семей қаласының №37 гимназиясы»КММ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ