«Үшбұрыш қызықтары» атты ұйымдастырылған оқу қызметі

0
3303
Дене шынықтыру
Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»

Тақырыбы: «Үшбұрыш қызықтары»

Мақсаты: Геометриялық пішін үшбұрышпен таныстыру, түйсіну және көру арқылы пішін түрлерін зерттеу.

Мотивациялық – қозғаушы бөлімі

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Тыныштық шеңбері:
Жарқырап күн ашылды,

Айнала нұр шашылды.

Біз – нәп-нәзік қыздармыз,

Біз – ержүрек ұлдармыз.

Қайырлы таң, достарым!

Қайырлы күн, қонақтар

Сіздерді көріп қуандық!

– Балалар, бізге бүгін көп қонақтар келген екен. Олай болса, біз амандасып алайық!

– Сәлеметсіздер ме?

– Қош келдіңдер, бізде бүгін өте көңілді оқу қызметі болмақ.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.

Негізгі бөлім:

Балалар өткен ұйымдастырылған оқу-қызметімізде не туралы өткен болатынбыз?

-Бір, -көп ұғымдарын өткен болатынбыз.

-Күн немесе түн тәулік бөліктерін өткенбіз.

Үлкен, кіші көлеміне қарай ажырату.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр.

Атына сай балалар,
Үш бұрыш, үш жағы бар.
Ол пішінді кім табар?

Дұрыс, бұл үшбұрыш.

Слайдпен жұмыс.

-Ендеше балалар бүгін біз геометриялық пішін үшбұрышпен танысамыз.

Үшбұрышпын мен балалар,

Бұрыштарымды қане, санаңдар.

Бүйірімдегі қос қабырғам

Жалғыз табан менде бар.

Балалар, сендер білесіңдер ме, үшбұрышты неге үшбұрыш деп атаған? үшбұрыштың үш бұрышы бар. Кәне санаймыз: бір, екі, үш. Үшбұрыш домалай алмайды, өйткені бұрыштар бөгет жасайды. Үшбұрышқа ұқсас нәрселер өте көп. Мысалы: үйдің шатыры, қоңырау, тау, шырша, пирамида.

– Балалар, мына пішін неге ұқсас келеді? Түсі қандай?

– Қызыл түсті, үйдің шатырына ұқсайды.

– Керемет, өте жақсы таптыңдар.

Дидактикалық ойын: Суретке қарап үшбұрышқа ұқсас заттарды табу.

Балалар бір-бірлеп шығып үшбұрышқа ұқсас заттарды табады. Үшбұрыш туралы түсініктерін кеңейтеді.

Ғажайып сәт:

Есік соғылып, ішке аю Қонжық кіреді. Балалармен амандасады.

Қонжық: Балалар, менің үйшігім кеше дауылдан бұзылып қалды. Мен оны қалай тұрғызуды білмеймін. Маған көмектесесіңдер ме?

Балалар: -Иә, көмектесеміз!

– Қонжық, біз бүгін пішіндер туралы өтіп жатырмыз. Сол пішіндер арқылы үйшікті тұрғызу өте оңайға соғады.

Тәрбиеші: Балалар біз қонжыққа арналған тақпақтар білеміз бе?

Балалар: Ия!

Тәрбиеші: Қане, ендеше айтып берейікші.

Үшбұрышты білеміз

Табанында жүреміз

Төбесінен сырғанап

Құлап қалсақ күлеміз.

Стороны в нем тоже три:

Раз,два,три-ты посмотри

Треугольник мы рисуем

Знать теперь его мы будем

Қонжық: Балалар сендерге көп-көп рахмет! Енді менің тұратын баспанам бар. Барлығы сендердің арқаларыңда, қандай ақылды балаларсыңдар. Енді менде осы қуанышыммен бөлісіп келейін. Сау болыңдар балалар!

Балалар: Сау болыңыз!

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

Рефлексивті коррекциялаушы бөлім:  Сабақты қорытамын:

– Балалар, бүгін біз қай пішінмен таныстық?

– Қонаққа кім келді?

– Біз қонжыққа не жасап бердік?

– Бәрекелді, балалар, жарайсыңдар, түгел белсенді бүлдіршіндер екенсіңдер!

– Ендеше қонақтармен де қоштасайық.

Көріскенше сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: геомертиялық фигура үшбұрышты атайды.

Игереді: түрлі материалдарды қолдана алуды игереді.

Меңгереді: қоршаған ортадан үшбұрышты нысандағы заттарды табуды.

Нұрбердиева Ақмарал Аманжолқызы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
«Жауқазын» бөбекжай бақшасы

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ