Үшбұрыш және оның түрлері (Сабақ жоспары)

0
4491

­ 7.

Үшбұрыштар

Мектеп: «Бейнеу ауданының әкімдігінің «Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі» КММ   

Мұғалімнің аты-жөні:   Алтыбаева Айдана

 
Күні:16.10.2018  
Сынып: 7 «А»  
Сабақтың тақырыбы Үшбұрыш және оның түрлері  
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары  (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.13

үшбұрыштардың түрлерін ажырату;

 
Сабақ  мақсаттары

Оқушы:

·         үшбұрыштың анықтамасы мен түрлерін ажыратып біледі;

·         үшбұрыштың элементтерін және ережелерін біледі;

·          үшбұрышқа тең үшбұрыш салуды біледі.

 
Бағалау критерийлері Оқушы сызба негізінде үшбұрыштың элементтерін  анықтай алады;   
Әдіс – тәсілдер: «Арқаға жазылған комплименттер», «Айырмашылығы неде?», «Аяқталмаған сөйлем»  
Тілдік мақсаттар

Оқушы біледі:

—  Үшбұрыштың ережесін ауызша тұжырымдай алады;

— үшбұрыштың түрлерін біледі;

— үшбұрыштың элементтерін біледі;

Сұрақтарды жазбаша түрде тұжырымдай біледі.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Үшбұрыш, үшбұрыштың орта сызығы, ттең үшбұрыштар.

 

  Бастапқы білім

 

Оқушы алдыңғы сабақтарда үшбұрыштардың түрлері қарастырды.  Оқушы  үшбұрыштың элементтерін табуға арналған есептерді шығара алады.  
Сабақтың барысы  
Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

1.      Оқушылармен амандасу (үш тілде амандасу)

 

2.      Психологиялық ахуал орнату.

«Арқаға жазылған комплименттер»

(Шеңбер бойында тұрып, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді.)

3.      Топқа бөлу (Үшбұрыш қималарын тарату)

 

4.      Сынып оқушыларының сабаққа қатысын тексеру.

5.      Үй тапсырмасын сұрау.

Қайталау сұрақтарын қою. (жетондар беріп отыру)

1.      Біз қандай тарауды аяқтадық?

2.      Үшбұрыш дегеніміз не? (3 тілде айту)

3.      Үшбұрыш қабырғаларына байланысты қалай бөлінеді?

4.      Үшбұрыш бұрыштарына байланысты қалай бөлінеді?

Негізгі бөлім.

Есептер шығару.

7.9

Полиглот. Жеті жұрттың тілін біл.

Есептің жауабын 3 тілде айтып шығу.

 

Топтық жұмыс

І топ: 7.10

ІІ топ: 7.11

ІІІ топ: 7.12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.      Геомерия және мінез

2.      оқушылар дайын болғаннан кейін олардың түстері бойынша және үшбұрыш түрлері бойынша мінездемелік сипаттамалармен танысады.
Қызыл — өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін жандар
Жасыл – ақ көңіл, табиғатты сүйетін жандар
Сары – ниеті таза, пейілі кең жомарт жандар
Көк – мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін жандар

Тікбұрышты үшбұрыш – мінезі қатты, алған бетінен қайтпайтын жандар
Әр қабырғалы үшбұрыш – құбылмалы мінезді, тез ойланып тез жауап беретін жандар
Тең бүйірлі үшбұрыш — әрқашан әділдікті қолдайтын жандар
Тең қабырғалы үшбұрыш – сыпайы болуға ұмтылатын жандар

 

4.      «Айырмашылығы неде?»

5.      (берілген 2 үшбұрыштың бір – бірінен қандай айырмашылығы бар екенін табу)

Сабақтың соңы

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем»

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

·         бүгінгі сабақта мен….түсіндім, …білдім, ….көзімді жеткіздім.

·         бүгін сабақта қуантқаны…..

·         мен өзімді…..үшін мақтар едім.

·         маған ерекше ұнағаны…..

·         сабақтан соң маған……..келді.

·         бүгін маған……….сәті түсті.

·         қызықты болғаны…..

·         ……қиындық тудырды.

·         менің түсінгенім…..

·         енді мен……аламын.

Үй тапсырмасы:7.13

 

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ