М.Жұмабаев Түркістан (ашық сабақ)

0
2572
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Сабақтың атауы
М.Жұмабаев Түркістан

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

а)Білімділік: М.Жұмабаевтың өмірі туралы білімдерін оқушы есінде қайта жаңғыртып, тереңдете түсу.

ә)Дамытушылық: Өлең жайлы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, ойланып тиянақты жауап беруге дағдыландыру,сөздік қорын ,тіл байлығын дамыту;

б)Тәрбиелілік: Шығарманы оқыту арқылы өз елін,жерін сүюге,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты, аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, жаңа технология элементтері арқылы түрлендіріп өткізу.

Сaбақтың көрнекілігі: М. Жұмабаев жайлы кітаптар, өлеңдер жинағы, интерактивті тақта, қазақстан картасы, суреттер.

Психологиялық ахуал

І.  Ұйымдастыру

1. Амандасу

2. Сынып оқушыларының сабаққа қатысы

3. Сынып оқушыларының сабаққа дайындығы

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады?: 1) ертегілер; 2) батырлар жыры; 3) аңыз; 4) бесік жыры; 5) жұмбақ — жаңылтпаш; 6) айтыс; 7) төрт түлік туралы жырлар; 8) мысалдар; 9) мақал-мәтелдер; 10) шешендік сөздер.

2. Ертегілердің қандай түрлерін білесің?

1) Қиял-ғажайып ертегілер; 2) Шыншыл ертегілер; 3) жан-жануарлар туралы ертегілер

3.Мысалды ертегіден қалай ажырата аласың?

4). Мына мақалдар қай мысалға сәйкес келетінін тап.

1. Бірлік болмай, тірлік болмас. «Аққу, Шортан һәм Шаян»

2. Күлме босқа, келер басқа. «Арыстан мен Тышқан»

5).Мына суреттерге қарап, оларға қатысты мысалдың және кейіпкерлерінің атын ата.

1). Аққу, Шортан һәм Шаян; 2) Ара мен шыбын; 3). Арыстан мен тышқан; 4). Шыбын мен көбелек.

6). Мысалдың бір кейіпкерінің атынан (мысалы, Тышқан) шағын әңгіме жаз.

… мен Тышқанмын. Бір күні ұйықтап жатқан Арыстанға кез болдым…

7). «Қарабатыр» , «Әйел-ана» ертегілерінің халық ертегісінен қандай айырмашылығы бар екендігін айт.

8). «Көкжиектен арқан бойы күн де көтерілді. Көршілер бір-біріне оқты көзбен қарасты» деген үзінді қай шығармадан алынған?

А) Ормандағы оқиға Б) Ең жақын кім адамға

Ә) Аққу, Шортан һәм Шаян В) Қарабатыр

• М. Жұмабаев өмірін ғұмырнамалық кесте арқылы еске түсіру,жылдар Болған оқиға

1893ж.25 маусым Солтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы «Молодежный» кеңшарының аумағы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында  дүниеге келді

1905-1910 ж Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегішевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды.

1909 ж Баспадан шыққан Абай өлеңдерін оқып, «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген өлең жазды..

1910-1913 ж. Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде білім алды.

1913-1916 ж Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.

1923-1926 Мәскеудің әдеби көркем институтында  оқыды

1913ж. Қазан қаласында  “шолпан” атты  тұңғыш өлеңдер жинағы  жарық көрді.

1927 ж Елінде оқытушылық қызметпен  айналысады

1925ж “Алқа” әдеби үйірме ұйымдастырады

1936ж Концлагерьден босанып шығады

1937 ж Озбыр топтың қолына түседі

1938 ж 19.03 “халық жауы деп жала жауып, атып тастайды.

50 жылдан кейін Ақын аты елімен, жерімен, ұрпақтарымен қайта қауышты

Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында

Мaғжан – ұлы ақын

Мaғжан – лирик, сыршыл ақын

Мағжан – эпик ақын

Мағжан шығармашылығы

Ақын Зерттеуші Аудармашы   Жазушы

Өлең Поэма“Анама”, “Батыр Баян”, “Педагогика” ,“Ақ боз ат” Шолпан ның күнәсі ,“Толқын” ,“Түркістан”, “Бернияз Күлеев” “Большевик балсы”,“Сүйе мін”, “Қойлы байдың  қобызы”, «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю.Лермонтов, А.А.Фет, И.И.Дмитриев, А.А.Блок өлеңдерін, А.М.Горький, В.В.Иванов, Д.Н.Мамин-Сибиряк әңгімелерін қазақ тіліне аударған :“Сағын-дым”«Қорқыт», «Жүсіп хан»  «Сауатты бол»«Оқжетпестің қиясында»«Өтірік ертек»«Тоқсанның тобы»,

Кездесу мен оқиғалар

Міржақып Дулатов .1911 жылы Қызылжарда көрнекті ақын-жазушы, журналист М. Дулатовтан  бір қыс орыс тілінен дәріс алады.

Мұхтар Әуезов .Мағжанның ақындығын аса жоғары бағалап, таңырқанған        М. Әуезов былай деген: «…Мағжанды сүйемін! Қазақ жазушыларынан әрине Абайды сүйемін, менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан… Бұдан соң Мағжанды сүйемін, Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Мағжан культурасы зор ақын.»

1913 жылы ол Ахмет, Міржақыптардың жөн сілтеуімен Омбыдағы оқытушылар семинариясына оқуға түседі, сонда болашақ ұлы ақын, жазушы Сәкен Сейфуллинмен танысып, бірге білім алады. 1917 жылы ол семинарияны алтын медальмен тәмамдаған.

«Педагогика» 1922 жылы Орынборда жарияланған ең үлкен ғылыми еңбегі – «Педегогика» Бұл еңбекті ақын балаларды, жастарды тәрбиелеу ісіне аса қатты мән беріп жазған.

Осип Мандельштам ағайынды республикалардың әдебиетшілеріне паңдана қараған… Бірақ, бір қызығы Мандельштам Мағжаннан екі жас үлкен болғанына қарамастан, олар ұстаз бен шәкірттей жылы қарым-қатынаста болған.

Мағжан мен Мандельштам Тверскідегі «Стойле Пегас» және «Домино» деп аталатын ақындар кафесінде жиі кездесіп тұрған…

Мәскеу 20-30 ж.ж.

 • Ой шақыру.Не елестейді?

• “Түркістан” сөзін естігенде көз алдыңа не елестейді?
Бейнефильм
ІІІ. Жаңа сабақ Абзал ақынның сырлы дүниесіне үңілу мақсатында бүгінгі өтетін сабағымыз – ақынның «Түркістан» өлеңі.

«Әлемдегі ел өмірі ақ қағаздай байқасаң, —

Депті бір қарт ақиқаттың құдіретіне бас иген, —

Сол қағазда нақыл сөз бен аты қалған жақсының,

Тауып айтқан сөздеріне адам түгіл тас иген», — деп

Шығыс жұлдызы Әбдірахман Жәми жырлағандай, М.Жұмабаев өлеңдерінің құдіретіне табынбасқа болмайды. Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңін алсақ та, адамның сезімін селт еткізіп, ойлағаныңды дөп басып айтады.

«Түркістан» деген өлеңі – елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі.

Тұран – көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі. Нелер ұлы ақындар ордасы. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр.

М.Жұмабаев — өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер – суын жетік білетін ақын.

Ақын «Түркістан» өлеңінде Орта Азия алабының табиғи ерекшеліктерін жер – су қасиеттерін ерекше тебіреніспен суреттейді.

Ертеде Оқыс, Яқсарт – Жейхун, Сейхун,  Түріктер бұл екеуін дария дейтін. Жейхун, Сейхун екі өзеннің Сырдария, Амудария екеніне сурет арқылы түсінік беру.

Ақын тарих қойнауына терең үңіледі. Елім деп еміренген ер азаматтарын, ел зиялыларын асқан сүйіспеншілікпен жыр етеді. Осы жерде Алаштың абзал азаматтары Шыңғыс хан, Асқақ Темір, Ұлықбек, Ибн Сина Әбуғали, Әл – Фараби, Қасым хан, Есім хан, Тәуке, Абылай секілді даналарын сүйсіне еске алып, ұрпағына үлгі етеді.

• Түркістан – екі дүние есігі ғой,

• Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Картамен жұмыс

Шығармашылық жұмыс

  • I топ М.Жұмабаевтың шығармаларын топтастыру.
  • II топ Туған жер,Отан,батырлық,ақындар туралы мақал-мәтел жазу.
  • III топ Өлеңде кездесетін тұлғаларды,Түркістан қаласының ғимараттарын топтастыру.

• VI топ М.Жұмабаевтың өмірбаянын топтастыру. Топтық жұмыс
Мына сөздерді ағылшын және орыс тіліне аудару.

Топтық жұмысты тексеру. Отан-Родина-Homeland
Ақын-поэт-the poet
Қала-город-city
Хан-царь-khan
Киелі-святой-noly
Ұлт-нация-nation
Жер-земля-carth
Дүние-мир-world

Ү. Қорытынды.
-Балалар, бүгін біз қандай өлеңмен таныстық? Авторы кім?

-Қазақтың қандай қаласымен таныстық?

-Өлеңнен қандай әсер алдыңдар?
Балалар, сабағымыз ұнады ма? Олай болса бас саусақтарыңмен түсінген түсінбегендеріңді білдіріңдер.

VІ. Үйге тапсырма

• «Түркістан» өлеңін жаттау.

• «Мағжан – сыршыл ақын» тақырыбына шығарма жазу.

VІІ. Балаларды бағалау

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Сергіту сәті


Ой толғаныс

Үйге тапсырма
Бағалау

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ