Шешендер турнирі (сабақтан тыс шара)

0
1285
Freepik.com

Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрып, жөн жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіре отырып тәрбиелеу. Ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту, эстетикалық талғамдарын ұштау.

Көрнекілігі: Киіз үй және оның жабдықтары,домбыра

Жоспар:

1.Таныстыру
2.Өнегелі тарихымыз — мол мұра/көрініс/
3.Сөз тапқанға қолқа жоқ /шешен,билердің сөздерін жалғастыру\
4.Сегіз қырлы, бір сырлы/қазақы әндер/
5.Тура биде туған жоқ,туғанды биде иман жоқ/мақал-мәтел/
6.Айтыс

Сынып бөлмесі толық жабдықталған қазақ үйі.Үй ішінде ұлттық киімдерін киіп отырған би шешендер.

  1. Өмірбай шешеннің өнері
  2. Шешендік өнер тарихы мен оған қойылатын талаптар
  3. Шешендік сөздер. Қазақтың би-шешендері.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер интернат тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері! Бүгінгі біздің тәрбие сағатында қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы — шешендік сөздер туралы сөз қозғамақпыз.

Шешендік сөздер — елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері. Ол сөздер мәйекті, өткір, көңілге қонымды болғандықтан, елге тез тарап, ауыздан-ауызға көшіп сақталып отырған. Біз бүгін осы дәстүрімізді дәріптемекпіз.Ендеше сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз

Қаз дауысты Қазбек би тобын, төрелігімен елге танымал Төле би және Әйтеке би тобы
Топтарды қарсы алыңыздар!Әділ қазылармен таныс болыңыздар

Жүргізуші: Шешендік өнер ауылына келген қонақтар, өздеріңізді мына жиналған қауымға таныстырып өтсеңіздер.

Рахмет, Шешендер мен билердің сөздері жазылып сақталмағандықтан, бізге тек ауызекі түрде әр түрлі өзгерістермен,түрленулермен жеткен.Тіпті айтушылары ұмыт болған шешендік сөздер сан қилы замандардан өтіп, ертегілердің, жырлардың, хикая-дастандардың құрамына да еніп кеткен.Ұлтымыздың салт-дәстүрін, дәстүрін дәріптейтін ауылдарымызға саяхат жасап қайтайық /Көрініс/

Жүргізуші: Жаңа үйреткен жас тұлпар
Жарысқалы келгенмін,
Танымайтын жат елге
Танысқалы келгенмін
Қазақ –қалмақ баласы ,
Табысқалы келгенмін,-дей келе ендігі кезекте ақын қонақтарымыздың білімі мен
білігін сынап көрейік.

1-тапсырма. Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді. Төсекте жатқан Бұқар жырау:

-Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбектің берген жауабы……….

2- тапсырма: Мол шабындыққа таласып, жанжалдасып жатқан екі кісіге он үштегі бір бала айтыпты баланың тапқыр сөзі ……….

3-тапсырма: Қалмақ ханы Қонтажыны Қазбек би жас бала күнінде шешендік өнерімен шешендік сөзімен келісімге келтірген. Қазбек бидің қазақ пен қалмақты табыстырған сөзі………..

Жүргізуші:Шешендігімен елге танымал қонақтарымыздың тағы бір қырын ашатын сайысқа келіп жетік,достар!Ендігі кезекте сегіз қырлы,бір сырлы жігіттер мен қыздардың өнерін тамашалайық.

Жүргізуші:Бәрекелді!Қошемет көрсетейік достар!Шешен, билер мақалдатып та дауларға төрелік айта білген.Сөздің көркі-мақал деген аталы сөз бар.Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады.Мақал-мәтелдерде көбінесе нақыл,ақыл айтылады.Ендеше тіл байлығымызды сынап көрейік

Тапсырма 1: Жолдасы жақсы жолды болар,
( Жолдасы жаман қолды болар)

2. Сабырлы жетер мұратқа,
(Асыққан қалар ұятқа)

3. Түстік жерге өтірік айтсаң,
(Кешке ізіңмен барады)

4.Мақтаншақ бар ақылын (мақтанумен тауысады)

5.Керексізді сатып алсаң
(Кейін керегенді сатасың)

6.Тарта жесең тай қалар,
Қорқа жесең қой қалай
(Қоймай жесең нең қалар)

7.Еріншек егіншіден
(Елгезек масақшы озады)

8.Ақ жүрген (азбас)

Жүргізуші:Қазылар алқасы әділ бағаларыңызды қойсаңыздар!Рахмет. Қазақтың тағы бір ежелден келе жатқан дәстүрінің бірі-айтыс. Біздің өнерлі қонақтарымыздың сіздерге тартар сыйы бар екен.Ал ақындар мына жиылған қауымды қазақтың өнерімен сусындатсаңыздар! (Әр топтан оқушылар шығып берілген тақырыпқа сай айтысады).

Жүргізуші: Қазақ өнерін жырлаған ақындарымыздың бағасын тамашаласақ.
Осымен бүгінгі біздің сайысымыз өз мәресіне жетті. Қазылардың соңғы шешімін тыңдасақ. Қош сау болыңыздар!

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар: 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ