Шет тілі білім беру әдістемесі

0
1802
Freepik.com

Шет тілі білім беру процессі біршама күрделі болып табылады. Ең алдымен «білім беру әдістемесі» терминінің мағынасын толық ашу керек. Бұл термин әр түрлі ұғым мен мағынаны білдіреді.

Мысалы, кәсіби іс-әрекет термині немесе тәуелсіз ғылым ретінде қарастырылады. Шет тілі беру әдістемесінің тәуелсіз ғылым ретінде анықтамасына тоқталайық.

Шет тілі білім беру әдістемесі – оқытудың мақсаты мен мазмұнын, шет тілінде оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін зерттейтін ғылым. Оның компоненттеріне оқыту қызметі, оқытуды ұйымдастыру (мақсаты, мазмұны, әдістері мен құралдары) кіреді. Шет тілі білім беру әдістемесінің пәні – кез келген шет тілі және тілді күнделікті қарым – қатынасқа енгізу процесі, теория мен әдістерді қолдана білу қабілеті.

Ал, зерттеу объектісі — білім алушыны шет тілдерінде еркін қарым-қатынас жасауға дағдылау, өзі-өзін дамытуға, еркін шешім қабылдауға қабілетті, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға негізделген. Білім беру әдістемесі теориялық ережелермен қатар, іргелі және сабақтас ғылымдардың заңдылықтарымен қалыптасады.

Оның әдістеріне фонетикалық, лексикалық жүйелердің ерекшеліктері және шет тілінің грамматикалық құрылымы, контекстің стильдік ерекшеліктері және оларда әр түрлі тілдік құбылыстарды қолдану, сөйлеу әрекеті түрлерінің функционалдық сипаттамалары да жатады.

Шет тілінде білім беру біртұтас дидактика негізде құрылады, ол жалпы қабылданған дидактикалық принциптер жүйесінде жүзеге асырылады: ғылыми сипат принципі, шет тілдерін оқытуда орындылығы, қол жетімділігі; оқу үдерісінде оқушылардың жеке тұлғасын тәрбиелеу және жан-жақты дамыту принципі.

Жоғары психологиялық функцияларды жүзеге асыру (қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу) білім беру әдістемесінде маңызды рөл атқарады.

Ғылыми-тәжірибелік әдістерге мыналар жатады:

  • Шет тіліндегі үлгілік және жұмыс бағдарламалары, мемлекеттік білім беру стандарттары;
  • Жетістіктер мен қателіктерді бақылауға сынақтар мен тесттер.
  • Өзгерістерді мақсатты түрде зерттеу.

Қорытындылай келе, шет тілінде білім беру әдістемесінің сан қырлылығы мен дербес ғылым ретіндегі әдістері аталып өтілді.

Жұмағалиева Жанерке
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті»


ПІКІР ҚАЛДЫРУ