Шуағын шашқан-«Аялы алақан» (ашық тәрбие сағаты)

0
2836
«Күн дидарлы-Қазақстан!»

Тақырыбы: Шуағын шашқан-«Аялы алақан» ашық тәрбие сағаты

Тәрбие сағат тақырыбы: Шуағын шашқан-Аялы алақан

Тәрбие сағат мақсаты:

1.8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.

2.Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

3.Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Тәрбие сағат көрнекілігі: Сынып іші мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, гүлдер, суреттер.

Тәрбие сағат барысы: «Құттықтаймын Мама, туған күнімен!»әніменбасталады

Жүргізуші(Али): — Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жүргізуші (Сая):— Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Шуағын шашқан-Аялы алақан»атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

1.Гүлназ

Мереке құтты болсын, аналарым,

Мәпелеп, еркелеттің, аяладың

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырымды қабыл ал аналарым!

2.Талха:

Қошкеліпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

Балғын шақты біз бақытгы балалар!

3. Торғын:

Армысыздар, мұғалімдер, әзжандар,

Біліміздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би-биленіп, әндебүгіншырқалар!

4. Омар:

Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлау менен істелік әр қадамды.

5. Жансая

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген—алтын қазық, алтынбақ.

6.Молдияр:

Анам, анам, ақанам

Мен өзіңдей ақбалаң,

Айтқантіліңдіаламын

Жұмсағандабарамын.

7.Мерей:

Адам барма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысымен мақтанам.

8.Ерасыл

Апатайым құттықтаймын мерекеңмен

Көктемнің құлпыра бер нар тгүлімен.

Өрлесін елдің берген бақыт бағы.

Жазбасын шат көңілін,ақкүніңнен

9. Гүлбина:

Анам менің аялап, әлдилеген

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген

Ананың баласына махаббаты

Мәңгілік алаулаған шам-шырағы

Жүргізуші(Али):

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Қазақ биін».
Ортада қазақ биімен _________ қыздарыңызды қабыл алыңыздар.

10.Нұрислам:

Анадеген — асыл жандар болаттай,

Ана деген — мөлдіржандарбұлақтай.

О, адамдар, қадірлейбілАнаны,

Жатқылыққаақыл-ойдытонатпай

11. Шапағат

Ана деген адамға Атамекен.

Әр адам ана менен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен

Жүргізуші (Сая):

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
— деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздардың құрметіне балаларыңыздың өнерлерін қабыл алыңыздар.

12. Әлішер

О, періште Анам!
Келді көктем күннің,
Күлімдейді гүлің–
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!

13. Абдулла:

Қазақ елі қыздарды құрметтеген
Сыйлауда назарынанешкетпеген
Алақанға салып ап аялайтын
Қазақтың арулары ай сұлу неткен

14. Мақсат:

Таң шуақтәуелсіздікелімізде,

Бақ- дәулетшалқиберсінжерімізде.

Аман-сау болайықшы көріскенше

Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!

Жүргізуші(Али): -Біз мәңгілік сіздерге, аналар борыштармыз дегім келеді. Сіздерге балалық жүректен мыңда бір алғыс. Мерекелеріңіз тагы да құтты болсын!

Ән: «Айгөлек»

Жүргізуші (Сая):

Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған «Шуағын шашқан — аялы алақан» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!

«Жусансай» жалпы орта мектебі коммуналдық мелекеттік мекемесі
1 «Ә»сынып жетекшісі: Срайлова Улжан


ПІКІР ҚАЛДЫРУ