Шыңғысхан империясы

0
13310
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Тақырыбы: Шыңғысхан империясы

Монғол және түрік тайпалары арасындағы үздіксіз соғыстар нәтижесінде ХІІғ. соңы мен ХІІІғ. басында Монғол мемлекеті пайда болды.

20 жылға созылған күрес нәтижесінде 1206 жылы жалпы моңғол құрылтайы Темучинді ең жоғары билеуші етіп сайлап, Шыңғысхан деген атақ берді.

1203—1217жж. аралығында керей, найман хандықтары мен Сібір, Шығыс Түркістан, Жетісу жерлерін бағындырып, Пекинді алды. Солтүстік Қытайды жеңген Шыңғысханның алдында Орталық Азияның ең қуатты мемлекеттерінің бірі Хорезмшақ иелігі тұрды. 1218ж. екі мемлекет аралығындағы дипломатиялық келісімге қарамастан, сол жылы Отырардағы сауда керуенін Қайыр ханның қырып тастауын сылтау етіп, 1219ж. қыркүйекте Шыңғысхан соғыс ашты.

150 мың әскерден құралған үлкен қол 1219—1224жж. аралығында Қазақстан мен Орта Азия иеліктерін түгелімен жаулап алды. Жергілікті халықтың қарсылығын басу үшін Шыңғысхан жаппай қырып-жою, зорлық-зомбылық әдістерін қолданды. Отырардың билеушісі Қайырхан 80 мың әскермен қаланы бес ай бойы қорғады. Жеті күн берілмеген Сығанақтың халқы түгел қырылды. Жент, Баршынент, Үзгенд қалаларыда жаппай тонауға ұшырады.

Шыңғысхан шапқыншылығы елге үлкен қайғы-қасірет әкелді. Өркениет деңгейіне жеткен қалалар, мәдениет ошақтары күйреді. Қазақстан тайпаларының этносаяси бірігу процесі шегеріліп, рухани жетістік монғолдардың артта қалған қарабайыр шаманистік жүйе қарамағында қалды. Мемлекет дамуындағы тиімді әкімшілік жүйесі әскери әкімшілік жүйесі мен ауыстырылды.

Қарахан кезеңіндегі әлемдік биікке көтерілген ғылыми дамудың тамыры қиылды. Діни тұрғыда білімнің дамуымен қоғамдық сапаны жаңа белеске көтерген ислам діні шаманизм бұғауына түсіп бұрмалануға ұшырады. Монғолдар енгізген шамандық діни салттардың жаңғырығы бүгінде өмір сүруде. Суландыру жүйесі дамыған жер шаруашылығы да монғол атының тұяғына тапталды.

Дегенмен, монғол шапқыншылығы қарсаңында әлеуметтік-экономикалық және мәдени жетістік қирап, күйрегеніне қарамастан, шапқыншылықтан кейінгі бой көтерген жаңа мемлекеттердің дамуына негіз қалады.
Шағатай ұлысы

 Жетісу мекені Шыңғысханның аймақ болу барысында екінші ұлы Шағатайдың үлесіне тиді. Шағатай Жетісумен бірге Маураннахр, Шығыс Түркістанды иеленді. Астанасы ұзақ уақыт Алмалық, жазғы орталығы Іле өңірінде орналасты.

1241 Шағатай қайтыс болып, орнына немересі Қара Хулагу келді. Монғолияда болған қақтығыстар нәтижесінде ұлы ханның орнына ханның үлкен ұлы Күйік отырды. 1248ж. Күйік өлімінен соң Монғол империясында Үгедей және Толы ұрпақтарының арасында қақтығыстар басталды. Бату ханның қолдауымен ұлы хан болып Толоның ұлы Мөңке сайландыШағатайдың ұлдары ұлы ханға қарсы болды деп айыпталып, өлім жазасына кесілді. 1260ж. Үгедейдің немересі Хайду Шағатайдың немересі Алғұйді хан көтерді. Хайдудің кезінде Шағатай мемлекеті түпкілікті орын алған еді.1269ж. талас жағалауында құрылтай болып, Монғол империясынан Тәуелсіз мемлекет құруды ұйғарды. Мемлекет басшылығына Хайду (1269—1301) сайланды. Оның иелегіне Жетісу мен қатар Сырдария және Маураннахр жерлері кірді.

Хайду өлімінен соң билік Шағатайлықтарға қайта ауысты. Көшпенділік тұрмыс салтымен бірінші қол үзіп Маураннахрға көшкен Кебек хан (1318—1326жж.) мемлекетті күшейту барысында әкімшілік, ақша реформаларын жүргізді.

Кебектің саясатын ағасы Тамаширин (1326—1334жж.) жалғастырды. Ол отырықшы өмір сүрумен бірге мұсылманшылықты қатты ұстанды. Алад-дин деген есімге ие болып, исламды мемлекеттің ресми дініне айналдырды.

1346ж. Қазақ хан өлімінен кейін Шағатай мемлекеті тарады. Маураннахр көптеген биліктерге бөлінді. Оңтүстік Қазақстан ұлы ұлыс құрамына өтті. Жетісу ресми түрде бөлініп, оның территориясында жаңа Моғолстан мемлекеті құрылды.

Әмір Темір

 Шағатай мемлекетінің екіге бөлінуі салдарынан XIV-70-ші жылдарында Маураннахрдағы билікті барлас руынан шыққан Темір (1336—1405) басып алды. Әмір Темірдің үлкен империя құрудағы жаугершілік әрекеті, алдымен әлсіз көршілері Моғолстан мен Ақ Ордадан басталды. Осы шапқыншылық соғыстарында Темір Ақ орда билеушісі өлтірткен Маңғыстау өңірі басшысының баласы Тоқтамысты пайдаланды.

1374—1378жж. аралығында Ақ орда хандарынан жеңіліп келген Тоқтамыс 1379 жылы Ақорданы, келесі жылы, Сауранды, Қырымды, Масай ордасын басып алды. Ендігі жерде екі одақтас Алтын Орда иеліктері үшін өз ара соғысқа түсті. Темірдің үздіксіз жорықтары Алтын Орданың ыдырауының негізгі сыртқы себептерінің бірі болып табылды. Темір билігінің соңғы кезінде, оның империясына Хорезм, Түркістан, Иран, Ирак, Ауғаныстан, Кавказ бен ‡ндістанның бір бөлігі бағынды.

Темір 1405ж. Қытайға бағытталған әскери жорығының басында, Отырарда қайтыс болды.
Мағұлстан
  • Мемлекет құрамындағы халқы
  • Ыдырауы

Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайдың ұлысы құрамына Оңтүстік Алтайдан Әмударияға шейінгі аралық, ұйғыр жерлері Самарқан және Бұқара, яғни Шығыс Түркістан, Жетісудың үлкен бөлігі және Мауреннахр енген болатын.

XIVғ. орта тұсында Шағатай мемлекетінің батыс және шығыс бөліктері дербес екі мемлекетке бөлініп кетті. Мағұлстан атанған шығыс бөлігінің Әмір Болатшы дулат бастаған билеушілері 1348 жылы Шағатай ұрпағы Тоғлық Темірді хан сайлайды. Бұл тарихи кезеңде дулат тайпасы Мағұлстанның үлкен бөлігін иемденді, сондай-ақ оның ел билеуші ақсүйектері мемлекеттің саяси өмірінде жетекші роль атқарды, тәуелсіз, тұрақты мемлекеттік орнықтыру жолында болды.

Тарихшы Мұхаммед Хайдар дулаттың көрсетуіне қарағанда дулаттар бұл тарихи кезеңде дәстүрлі мал шаруашылығымен қатар, отырықшы егіншілікпен де айналысқан. Дулат шонжарларының Шығыс Түркістанда ірі жер иеліктері (иқта) болған. Тоғлық Темір дулат әмірлері мен жергілікті қожалардың қолдауымен ислам дінін қабылдап, оны мемлекеттік дінге айналдырады. Ислам діні жергілікті халыққа қарақандықтар заманынан бері таныс болғанымен, билеуші топтың, сондай-ақ қара халықтың біраз бөлігі әлі де болса мұсылмандыққа өте қойған жоқ еді.

Мұхаммед Хайдардың көрсетуі бойынша мағұлстанның жері шығысында, қалмақ жерімен шектесіп, Барыскөл, Еміл, Ертісті қамтиды. Терістікте оған Көкше теңіз (Балқаш), Бұм, Қаратал қарайды. Батыста — Түркістанмен Ташкентпен, оңтүстігінде Ферғана уалайатымен, Турфанмен шектеледі. Басқаша айтқанда Мағұлстанның үлкен бөлігі оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғыз жерлерінен тұрды.

Бұл ортағасырлық мемлекет құрамындағы халқы мағұлдардың (“могол”, “маңғұл”) атымен “Мағұлстан” атанғанымен, мағұлдар оның тұрғындарының өз ғана бөлігін құрады, ал оның халқының басым бөлігі Шығыс Түркістан, Жетісу және Солтүстік Қырғызтанның жергілікті тұрғындары, яғни түркі халықтары еді. Олардың арасында көне ұйғыр, керей, барлас және басқа түркі тайпалары жетісулық қазақтар, ыстық көлдік және Шу бойындағы қырғыздар да берді. Мағұлстанның орталығы алғашында Жетісуда Алмалықта болды.

Тоғлық Темір өз билігін Мауреннахрға жайып, Шағатай мемлекетін қалпына келтіру әрекетін де жасайды (1360, 1361жж.), бірақ оның мұндағы билігі ұзаққа созылған жоқ. Оның мұрагері Ілияс Қожаның тұсында Мағұлстан ыдырау жолына түсті.

Әмір Темірдің XIVғ. соңғы ширегінде жасаған бірнеше дүркін жорығы Мағұлстан мемлекетін қайтып күшею мүмкіндігінен біржола айырды. Сөйтіп, ол XIVғ. ортасына қарай дербес мемлекет ретінде өмір сүруден қалды.

XIVғ. ортасында Ақ Ордамен бір мезгілде мағұлстан мемлекетінің өмірге келуі Қазақстан тарихындағы маңызды кезең болды. Мағұлстан түркі халықтарының Орталық Азияда қуатты мемлекет құру, сол арқылы өздерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету әрекеті ретінде тарихта өз ізін қалдырды. Сондай-ақ ол, феодалдық, ұлыстық мүдденің үстемдік алуы жалпыелдік, жалпыұлттық мүдденің аяқ асты болуына соқтырмай қоймайтындығын да көрсетті.

Әмір Темірдің әскери жорықтары Мағұлстанда феодалдық бытыранқылықтың күшеюіне, ал Ақ Орданың Ноғай Ордасы және Әбілқайыр хандығы болып ыдырауына алып келді.

Алтын Орда
  • Батый хан
  • Берке хан
  • Мемлекеттік құрылысы
  • Жәнібек хан

Монғол шапқыншылығынан соң Қазақстан аумағы Шыңғысханның үш ұлына бөлінген ұлыстар құрамына енді Жетісудың солтүстік бөлігі және төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Қыпшақ даласы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесіне тиді. Екінші ұлы Шағатайға Жетісу аймағы және Маураннахр мен Шығыс Түркістан, үшінші ұлы Үгедейге Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай жерлері бөлінді. 1227 жылы Шыңғысханның қайтыс болуымен күшпен, зорлықтан құрылған империясының ордасы сөгіле бастады. Орхондағы орталық пен ұлан-ғайыр жердегі ұлыстардың шалғайлығы мен ұлыс билеушілердің мүддесі империяның ыдырап, жеке мемлекеттерге айналуына алып келді.

Жошының мирасқоры Батый 1236—1242 жылы ұлыстың шекарасын Еділден батысқа жылжытып, енді Алтайдан Дунайға дейінгі жерлер ұлыс құрамына енді. XVIғ. Соңынан “Алтын Орда” болып құрылған мемлекет өз кезінде билеушілердің атымен Батый ұлысы, Берке ұлысы деп аталған мемлекет ұлыстың жүйеде құрылды.

Орданың оң қанатында мемлекет орталығы орналасса, ал сол қанаты Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі, Ертіс аймағы мен Ұлытаудан Қаратауға дейінгі жерлер, ағасы Орда Ежен басқаруына берілді. Ішкі ұлыстар өз кезегінде кіші ұлыстарға бөлініп басқарылды. Астанасы алдымен Сарай Батуде, кейінірек Сарай Беркеде орналасты.

Берке ханның (1257—1263) тұсында империя орталығынан, Батый ханның кезіндегі қағаз жүзіндегі болса да тәуелділікпен толық дербестікке қол жеткізді. Шаманизмнен — бір құдайшылыққа — ислам дініне бет бұрып, мұсылман болған Берке тәуелсіз мемлекеттің ғылымды дамытуға күш салды. Монғолдардың іштей қарсылығына қарамастан Иран, Египеттен ғалымдарды алдырып, мемлекеттік басқару жүйесіне білімді адамдарды жинады. Алтын Орда мемлекеті Мұхаммед Өзбек ханның билігі тұсында шариқтау шегіне көтерілді. Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялай отырып, экономика мен мәдениеттік дамуын саналы биікке көтерді. Сауда қатынастары Батыс Европа, кіші Азия, Египет, Индия, Қытай мемлекекеттерімен жүргізілді.

Мемлекеттік құрылысы Монғол империясы жеріндегі билік Шыңғыс ұрпақтарына ғана тән болды. Алдыңғы кезде азаматтық өкімет жергілікті ақсүйектер қолында болып, Шыңғыс ұрпақтары отырықшы өлкелерді басқаруға және халықтан салық жинауға араласа алмайтын.

Хан мемлекеттік биліктің иегері ретінде мемлекет басшысы, әскери, заң шығару және әкемшілік билігін қамтыды. Хан атынан бүкіл әскери билікті бектер-бегі басқарды, ал азаматтық биліктің басы уәзір болып, ол мемлекетті азаматтық тұрғыдан басқару кезінде ханның кеңесшісі болды. Салық жинауды даруғалар болып, басқақтар басқару міндетімен жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды.

Әскери жүйе ондық, жүздік, мыңдық, туменнен құралып, оны ірі нояндар, әмірлер, бақадурлер басқарды.

Яса (жасақ) Шыңғысханның тұсында қабылданған заңдар мен ережелердің жиынтығы. Бұл заң көшпелі монғол өмірінің нормаларын ғана реттестірді. Отырышқы қоғамның дәстүріне, әдет-ғұрпына қойшы келетін тұстарымен, уақыт оза Шыңғыс ұрпақтарының ислам дінін қабылдап, түріктену процесінде мұсылман мәдениеті қағидаларымен өзгеріп отырды. Мемлекеттік салық жүйесі тағар, қаман, құшыр, зекет және басқа салықтардан құралды. Көшпелі тұрғындардан құшыр-мал басына салынатын салық, отырықшы егіншілікпен айналысатындар қала тұрғындары хараж, баж салығын төмеді.

Алтын Орда мемлекетінің негізгі тіректі күші Қазақстанның жергілікті тайпаларынан тұрды.

Монғол билеушілері нояндары аз уақыттың ішінде түріктеніп, кейін қазақ халқының құрамына енді.

Қазақ мемлекетінің Алтын Орданың заңды мұрагері, жалғасы екендігін көрсетеді.

Алтын Орда Жәнібек ханның өлімінен кейін ішкі алауыздыққа ұрынды. Жиырма үш жылда (1357—1380) жиырмадан астам хандар бірін-бірі ауыстырды. Орданың батыс бөлігі бірнеше иеліктерге бөлінді. Ішкі аласапыраннан кейін билікке қарадан шыққан түменбасыМамайда, Маңғыт әмірі Едіге би араласып іс жүзіндегі билеушілерге айналды. Едіге он бес жыл билікті өз қолында ұстады.

Едігенің 1419 жылы билік үшін күресте қаза болуынан кейін орталық билік толық ыдырауға бет алды XVғ. ортасына қарай оның аумағында Астрахань-Қазан, Қырым хандықтары құрылды.

Шошы ұлысының негізгі ордасы болған Қыпшақ даласы Алтын Орданың тіректі күші болды. Орда ішіндегі алдын ұлыс болған Ақ орда орталықтан бөлініп жеке мемлекетке айналды. Алтын Орданыңда негізгі аумағы қазақ халқының атамекені — Ақ орданың билігіне көшті.  

  • Жазу
  • Ауыз әдебиеті
  • Эпостық дәстүр
  • Жазба әдебиетінің дамуы
  • Қазақстан жеріндегі архитектуралық құрылыс жүйелері 
Қазақстан жеріндегі архитектуралық құрылыс жүйелері

Археологиялық зерттеулерге жүгінсек, қола дәуірінен бастап, соңғы ортағасыр дәуіріне дейін, алып сән-салтанаты мәрмәр тастан жасалған архитектуралық құрылыстар болмаса да жай тастан, шикі және күйдірілген кірпіштерден жасалған үлкенді-кішілі құрылыстарды көптеп кездестіреміз.

Қазақстандағы архитектуралық құрылыс жайлардың салынуы түрік дәуірінде де дамып тереңдей түседі. Бұл кезде Оңтүстік Қазақстанда және Жетісу жерінде түрік тілдес тайпалардың отырықшылана бастауының арқасында, қалалық өмір дамып, қолөнер де егін шаруашылығы да өркендейді. Алғашқы Батыс түрік қағанатының орталығы Суяб қаласы болған деген хабар болса, ал түргеш, қарлуқ қағанаттының кезінде жазба деректерде, түрік тілдес Баласағұн, Қойлық, Янгикент, Исфиджаб (Cайрам), Талас (Жамбыл), Атлах, Хамукент, Құлан, Мереке, т.б. көптеген қалалар белгілі болған. Аты белгісіз төбе болып жатқан қалалардың орны қаншама? Бұл, қазақ жеріндегі қала салудың болғандығына дәлел. Ал, қалалық өмірдің дамуы феодализмнің дамуын, оның әлеуметтік-экономикалық негізінің дамуын көрсетсе, екіншіден мәдениеттің және архитектураның құрылыс жүйелерінің негізі еді.

Қазақстанда қалалық өмірдің дамып, атақты, көзге көрнекті монументалды архитектуралық құрылыс жүйелерінің салынған кезі қараханидтер кезі (Х–ХІІ ғғ.). Бұл кезден мұра болып бізге жеткен архитектуралық алып құрылыстарға Жамбыл қаласының маңындағы Бабажан Хатун, Айша бибі мавзолейлері жатады. Құрылыстар тек әсем салынған архитектуралық жағынан ғана қажет емес, олардың безендірілуі, ондағы ою-өрнектер халқымыздың асыл мұралары екендігімен бізге өте қымбат.

Архитектуралық құрылыс жүйесінің күрделілігі жағынан әсіресе, бізге жеткен шығыс моншасының құрылыстары және оларға тартылған су жүретін құбырлар. Мұндай құрылыстар Шымкент облысында, археологиялық қазба жұмысы кезінде Отырарда, Түркістаннан, Жамбыл облысынан Тараз, Ақтөбе қаласынан, Алматы облысының жерінде Талғар қаласынан табылып отыр.

Археологиялық зерттеулерге қарағанда архитектуралық құрылыс жүйелері ХІІІ ғасырдың соңғы ширегінен бастап, ХІV ғасырда қайта жандана бастайды. Бұл кездегі құрылыс ісі қазақ жеріндегі мұсылман дінінің орнығуына байланысты дами бастайды. Қазақ жерін өз қол астына бағындыру үшін, мұсылман дінінің өкілі көрнекті ақын Қожа Яссауидің атын пайдаланған Әмір Ақсақ Темір оның құрылысына сол кездегі барлық атақты құрылыс жобалардың үлгілері пайдаланған. Бұл құрылыстың салынуы шын мәнінде қазақ халқының арасында мұсылман дінінің орнығуына әсер етеді және оның құрылыс жүйесіне сәйкестендіріп салынған құрылыстар, мешіт-медреселер, күмбездер көбейеді.

Ақ орда
  • ХІІІғ.
  • XIVғ.
  • Ақ Орданы билеген хандар шежіресі

Ортағасырлық саяхатшылар Қыпшақ даласы (дашт-и Қыпчак) аталған жердің шығыс бөлігінде XIV—XV ғасырдың алғашқы ширегі аралығында Ақ орда атты мемлекеттің болғанын хабарлайды.

Рашид ад-диннің (XIVғ.) айтуына қарағанда Жошы ұлысының шығыс бөлігін (сол қанатын) Жошының үлкен ұлы Орда (Орда Ежен, Орда Иген) әкесінің тірі кезінде еншіге алған. Әбілғазының (XVIIғ.) көрсетуі бойынша Ордаға бұл жерді кіші інісі Батый хан ХІІІ ғ. орта тұсында бөлген. Орданың мұрагерлері Батый ханның тұқымына сырттай тәуелді көрінгенімен, іс жүзінде олар өз ұлысының дербес билеушілері болды.

Ақ орда жері Алтын Ордадан алған тәуелсіздігінің нығаюы барысында XIVғ. екінші жартысына қарай қалыптасып, алғашында Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі, Ертіс бойы, Ұлытау мен Кентау далаларын қамтыды. Ал Жайық, Ырғыз, Тобыл мен Сарысу өзендері аралығы, Арал теңізі төңірегі мен Сырдарияның төменгі сағасы Жошының тағы бір ұлы Шайбан ұлысына қарады.

ХІІІғ. орта тұсында Орда Еженнің ел басқарған ордасы Ертістің бойында және Алакөл көлінде болған. XIVғ. Орда Еженнің мұрагерлерінің билігі Шайбан ұлысына да тарайды, яғни бүгінгі Қазақстанның аумағын түгел қамтиды. Тек Жетісу өңірі ғана бұл кезде шағатайлық ұлысына, соңынан Мағұлстанға қарайды. Ақ Орданың күшеюіне байланысты оның орталығы енді Қазақстанның оңтүстігіне, Сығанақ қаласына ауысады.

XIVғ. бас кезінен Орда Еженнің мұрагерлері Шағатайлықтармен Сыр бойы қалалары және Жетісу үшін күрес жүргізе бастайды. Ертістен сырдарияға шейін, Алтайдан Ұлытау және Аралға шейінгі аралықта қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығына қуат бере отырып, Ақ Орда билеушілері сыр бойы, Талас, Шу және Ұлытау өңірлерінде отырықшы егіншілік пен мәдениеттің қайта жандануына ден қойды. Сығанақ, Отырар, сауран және Жентте бірақ жаңа құрылыстар өмірге келді, Ақ орда хандары өз аттарынан теңге құйғызды.

Орта Азия мен Хорезмнің қала, егіншілік және сауда аудандарымен байланыс орнатқан Ақ Орда хандары біртіндеп Алтын Орда билігінен алыстай бастайды да, XIVғ. алғашқы жартысында, яғни Ерзен және Мүбәрәк қожа (1320—1344жж.) хандар тұсында біржола дербестікке өтеді. Ақ Орданың күшеюі Ұрыс ханның билігіне тұс келеді (XIVғ. 60-70жж.). Тарихшы қадырғали би Қасымұлы Ұрыс ханды ақылды да батыл билеуші ретінде сипаттайды. Осы ханның тұсында қысқа мерзімге болса да Ақ Орданың билігі жеріне де тарайды.

XIVғ. соңғы ширегінде және XVғ. алғашқы ширегінде Ақ Орда Әмір Темірдің, оның мұрагерлерінің, ең ақыры шайбандықтардың шабуылдарына ұшырады. Тынымсыз әскери қақтығысулар нәтижесінде әлсіреген Ақ Орда жерінің үлкен бөлігін XVғ. 20-шы жылдарының соңына қарай шайбандықтар өздеріне бағындырды.

Мұсылман деректері Ақ Орданы билеген хандар шежіресін шамамен мынадай жүйеде береді: Орда Ежен, Сартақтай, Қойыншы, Баян, Сасы Бұқа, Ерзен, Мүбәрәк, Шымтай, Ұрыс хан, Құйыршық және Барақ.

Ақ Орда — Қазақстан жерінде маңғұлдар шабуылынан соң жергілікті этникалық негізде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылым.

Бұл жер ерте замандардан түркі тілі мен мәдениетіндегі, сондай-ақ осы тарихи кезеңде жолында тұрған қазақ ұлтының негізін құраған үйсін, қаңлы, қарлық маңғыт сияқты ортағасырлық елдердің, сондай-ақ басым бөлігі Шыңғыс хан шабуылы тұсында Қазақстанға іргелес оңтүстік-шығыс аудандардан және Алтайдан ығысқан жалайыр, найман, керей, арғын, қоңырат және басқа ірі тайпалық одақтардың атамекені болды.

Ақ Орда мемлекетінде феодалдық меншік түрі отырықшы-егіншілік және көшпелі мал шаруашылығы аудандарында кемел қалыптасқан түрінде көрінді. Деректер отырықшы жұрт арасындағы ауқатты топтың інджеу, мильк, сүйірғал сияқты жер иелігі, сондай-ақ салықтың көпчүр, зекет, тағар сияқты түрлері болғандығын айтады. Елдегі билік жүйесінің басында орда Ежен ханның үрім бұтағынан шыққан хан тұрды, оған жергілікті аймақтарды билейтін оғландар мен бек, әмір, батырлар бағынды.

 Әбілқайыр хандығы
  • Әбілқайыр ұлысы
  • 1468ж.

Ақ Орданың ыдырауы нәтижесінде XVғ. 20-шы жылдары Орталық және Солтүстік Қазақстан жерінде жергілікті ру-тайпа билеушілерінің қолдауымен Жошы ұлы Шибанның (Сабан, Шайбан) ұрпағы Әбілқайыр жаңа мемлекеттік құрылымның негізін қалайды. 1428ж. Батыс Сібірдегі Тұр атты мекенде ол хан жарияланады. Ханды сайлау салтанатына сұлтан, оғлан, батыр, ру-тайпа басыларымен қатар ислам дін басылары да қатынасады.

Ал Әбілқайырды қолдаушылардың арасында қыят, маңғыт, чинбай, жан, табғұт, дүрмән, құщы, утарчи, найман, өкреш-найманғ тубай, таймас, чат, хытай, барақ, ұйғыр, қарлық, кенегес, үйсін, қоңырат, құрлауыт, ичкі, ичкі-маңғыт, түмен және басқа ру-тайпалардың өкілдері болады. Басқаша айтқанда Әбілқайыр хандығының этникалық құрамы Ақ Орданың, белгілі дәрежеде Ноғай Ордасының құрамына да жақын болды. Міне осы тілі, шаруашылық түрі, тұрмыс-салты жағынан туыс тайпалар одағын дерек көздері XIVғ. 60-шы жылдарынан жинақы атпен “өзбек” деп атады. Бұл кезде ол халық аты (этноним) емес, тек саяси мағнадағы сөз еді.

Деректер Әбілқайыр ханның Шибан тұқымы сұлтандармен бірге маңғыт жұртының билеушілеріне де сүйенгендігін айтады. Қадырғали би Жалайыр Әбілқайыр ханның маңғыт Уақас бимен арадағы достығын суреттеп “екеуі бір кесенің екі шетінен бөліп бал ішетін еді” дейді. Соған қарағанда ханның тасының өрлеуіне бидің көмегі аз тимесе керек.

Әбілқайыр ұлысы батысында Хайықтан шығысында Балқашқа, оңтүстігінде Арал теңізімен Сырдарияның төменгі ағысының солтүстігінде Тобыл мен Ертістің орта сағасына дейінгі аралықты қамтыды.

XVғ. 30—40-шы жылдары Әбілқайыр хан Мауреннахр және Сырдың орта сағасындағы қалаларға бірнеше жорықтар жасайды. 1430ж. оның әскері қысқа мерзімге Хорезмді алады. 1446ж. Әбілқайыр хан қолдары сыр бойындағы және Қаратау етегіндегі Созақ, Сығанақ, Ақ Қорған және Өзген қалаларын өзіне қаратып, Сығанақты хандығының астанасына айналдырады.

Дегенмен, Әбілқайыр ұлысының ішінде саяси тұтастық терең тамыр жая алған жоқ-тын. Жошы ұрпағынан тарайтын сұлтандардың біразы, арасында Ұрыс ханна тарайтын Жәнібек хан мен Керей сұлтан бар топ Әбілқайыр ханмен жараса алмай, өз ара араздық отын жағады. Ішкі алауыздыққа сырттан қалмақтар тарапынан төнген шабуыл қаупі қосылады.

Маңғұл халқының батыс қанатын құрайтын қалмақтар (ойраттар) XVғ. 20-шы жылдарына қарай Орталық Азиядағы елеулі саяси және әскери күшке айнала бастайды. Қалмақтардың әсіресе көз тіккен жері Жетісудың шұрайлы жайылымдары мен егіншілік оазистері болды. XVғ. 50-ші жылдары ойраттар қолы Сыр бойына да жетеді. 1456—1457жж. Көк-Кесеке атты жерде (Сығанақ маңы) Әбілқайыр қолдары Ұз-Темір тайшы бастаған қалмақтар қолынан жеңіліс табады.

Бұл шайқас Әбілқайыр ұлысының әлсіреуіне себепші болған оқиға еді. Қалыптасқан саяси ұтымды пайдаланған Жәнібек хан мен Керей сұлтан бастаған ұлыс халқының біраз бөлігі Мағұлстанға қарайтын Шу өзені бойындағы Қозы-Басы атты мекенге келіп қазақ хандығының құрылғандығын жария етеді. 1468ж. Әбілқайыр хан Мағұлстанға жорыққа аттанып, жол үстінде қазаға ұшырайды.

Сонымен, Әбілқайыр опат болған соң көп ұзамай оның құрған ұлысы да ыдырауға ұшырады. Оған себепші болған билеуші сұлтандар тобының өз арасында билік үшін жүрген таластың толастамауы, қала және отырықшы егіншілік мәдениетінің ұлыс халқы арасында кең етек жая алмауы болды. Бұл Ақ Орда, Ноғай ұлысы, Әбілқайыр хандығы сияқты мемлекеттік құрылымдардың ыдырауына негіз болған ортақ себептер еді.

Ноғай Ордасы
  • Жер көлемі
  • Этникалық құрамы

Алтын Орданың ыдырау барысында өмірге келген ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі Ноғай Ордасы. XIV—XV ғасырларда ол Батыс Қазақстан жерінің бөлігін қамтыды. XIVғ. соңына қарай Жайық пен Еділдің арасындағы тайпаларды біріктірген қауым өзін маңғыттар, ал өз ұлысын “Маңғыт жұрты” атады. “Ноғайлар”, “ноғайлықтар”, “Ноғай Ордасы” деген атаулар деректерде XVIғ. бас кезінде пайда болады. Ноғай Ордасының мемлекеттік құрылым ретінде оқшаулануы Едіге бидің Алтын Орданы билеген кезеңіне түс келеді (1396—1411жж.).

“Беклар-бегі” атанған би іс жүзінде бұл құрылымның негізін қалаушы болды. Ол бес жыл бойы Алтын Орданың саяси өмірінде шешуші роль атқарған Едіге би өз елі маңғыттар ұлысын күшейтуге біраз күш жұмсайды. Едіге би опат болған соң (1419ж.) маңғыттардың билеушілері шығыс жағындағы көршілерімен жақын қатынаста болуға ұмтылды, Әбілқайыр ханмен одақ құрды. Ноғай Ордасы дербестікке біржола Едігенің ұлы Нұр ад-Дин билігі (1426—1440жж.) тұсында қол жеткізеді.

Ноғай Ордасының жер көлемі өзгеріп отырған. XVғ. Екінші жартысында ноғайлар Жайықтың сол жағалауынан асып өтіп, шығыс және оңтүстікке жылжыды. Сыр бойы қалалары үшін күрес және Мауреннахрға ықпалын арттыру жолында жүрген Әбілқайыр хан ноғайларға ешқандай да кедергі жасаған жоқ, қайта одақтастық пиғылда болды. Мұны пайдаланған ноғай билеушілері солтүстік-шығыста жайылымдарын Батыс Сібірге дейін жеткізді. Төменнің оңтүстік шығыс беті Ноғай даласы аталды.

Сондай-ақ, ноғайлар көші ауық-ауық Сыр бойы мен Арал теңізі жағалауына шейін де жетіп жатты. Ноғайлардың сол кездегі билеушілері, Едіге бидің үрім-бұтағы Уақас би, Мұса мырза, Ямғұрчи және басқалары Әбілқайырға Сыр бойы қалаларын алуға көмек береді. Қазақ еліне тілі, салт-дәстүрі жақын ноғай жұрты қазақтармен жылы, одақтастық қатынаста болды. Алғашқы қазақ ханы Жәнібектің тұсында (XVғ.) қазақпен ноғай жылы, туыстық қатынаста болды. XVIғ. орта тұсында деректер Хақназар ханды “қазақтар мен ноғайлардың ханы” атады.

Ноғай ордасының этникалық құрамы төңірегіндегі түркі халықтарының, яғни олардың жеке ұлттық тұтастыққа көшкенге шейінгі құрамына ұқсас болды. Оның құрамына маңғыттардан басқа қыпшақ, қаңлы, қоңырат, найман, үйсін, қарлық, алшын, тама және басқа тайпалардың бөліктері енді. Әуелде этносаяси құрылым ретінде пайда болған Ноғай Ордасы негізінде кейінірек, яғни XVғ. соңына қарай ноғай халқы қалыптаса бастайды.

Ресейдің Қазан және Астрахан халықтарын өзіне қосып алған соң, XVIғ. екінші жартысына қарай Ноғай хандығының да тәуелсіз жағдайы әлсірей түсіп, ақыры бірнеше өзара тәуелсіз иеліктерге ыдырайды. Оның халқының бір бөлігі Кіші жүздің құрамына енді.

Басқа да материалдар

Мұғалімдерге

Ашық сабақтар

Сабақ Жоспарлары

Оқушыларға

Рефераттар

ҰБТ

Шығармалар

СӨЖ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ