Шыңғысханның билік құруы. Өмірге келуі мен өмірден өткенге дейін

0
4130

Шыңғыс хан ХII – XIIIғғ Моңғол жерін біріктірген. Моңғолша аты Тимучин  «Құрыш»  деген мағынада. Әкесі Ясукай батыр.

Ясукай  батыр құс аулап жүріп, олқыноуыт аймағынан әйел алып келе жатқан меркіттің Дәу Шіледу дегеніне кезігіп, Ясукай батыр үйіне шауып келіп, ағасы Негуін тәйжі мен бауыры Даридай – отшы екеуін ертіп алып, Дәу Шілеуді қуады.Үшеуі оның артынан қуып жете алмаған соң қайтады, жолда Уәлін Үжінді Ертіп алады. Ясукай батыр Уәлін үжінді үйіне алып келіп өзіне әйел етеді. Ясукай батыр татардың Темүжін-үкі, Қори-бұқа деген адамдарын ұстап әкелгенде, екіқабат Уәлін-үнжіннен Онынның Делуін бұлтық деген жерінде Шыңғыс хаған туады, Шыңғыс хаған туғанда, оң қолымен асықтай қан шеңгелдей туылыпты. Татардың Темучин-үкісін  ұстап әкелген кезде туды деп ырымдап, атын Темучин қойыпты. Ясукай батырдың Уәлін-үжіннен: Темучин, Қасар, Қашиун, Темугі деген төрт ұл бір қыз Темүлін туады. Ясукайдың екінші әйелі Сошигіл шешейден Бектұр мен Белгітеи деген екі бала туады. Ясукай батыр Темүжін Тоғызға келген кезде, Уәлін шешенің төркіні – Олқыноуыт елінен, нағашы жұртынан қыз іздейін деп,оны ертіп барады.Жолай Сексір мен Шікіркудің арасында отырған Қоңыраттың Дей шешенге кезігеді.Дей шешен Ясукайды үйіне ертіп барады. Дей шешеннің қызы Ясукай батырға ұнайды. Қыздың есімі –Бөрте екен Темүжіннен бір жас үлкен, онда екен. Ясукай бұл үйге бір қонып, баласын құданың үйіне қалдырады. Өзінің жетек атын құдалықтың белгісі етіп тастап кетеді. Өзі жолда Сексірдің сары даласында кетіп бара жатып, келін түсіріп той жасаған татарларға кезігіп, әбден шөлдегенсоң,  бір үйге түседі. Татарлар Ясукай батыр ішкен сусынға  у қосып береді. Ясукай ол жерден аттанып, жолда келе жатқанда қаты қиналып, үш күн дегенде әрең үйіне келеді.

Ясукай дауыстап: Менің ішім өртеніп барады. Менің қасымда кім бар? дегенде, Шырқа ақсақалдың баласы Меңлік: Мен бармын, дейді, Меңлігім менің сөзімді сен тыңда. Ұлымның қабырғасы қатпаған еді. Теміжүнімді қайныма тастап, Қайтып келе жатқанда, татарлар у берді, ішім өртеніп барады. Жетім қалған бауырларыңды, Жесір жеңгеңді саған тапсырдым . Теміжүнді тез барып алып кел, менің қадірлі Меңлігім.Осы сөзді айтып Ясукай    қайтыс болады.  Меңлік Ясукай батырдың айтуы бойынша Дей шешенге барып: Ясукай ағай, Теміжүнді қатты сағынғандықтан, Теміжүнді алмақ болып келдім,- дегенде, Дей шешен: Құда баласын сағынса, жіберейін. Кешік тірмей қайта келтірсін, — дейді. Бұл сөзге риза болған Меңлік Теміжүнді алып қайтады. Сол жылғы көктемде Амбығай хағанның ханымы Орбай мен Соқатай зиратқа барып тілек тілегенде, Уәлін үжін кешігіп барғандықтан, несібесінен құр қалады. Жағдайсыз әйел балаларын осында қалдырып көшейік, сендер де ертпеңдер, — деп, соның ертеңінде тайшуыттың Тарғұдай- қырылдағы мен Тадойн-кірті Онын өзеніне қарай қозғалады.Уәлін үжін ұлдарымен бірге жұртта қалғандықтан, Қонқотанның шырқа ақсақалы көшіп кеткендердің артынан барып, оларды азғырғанда, Тадойын кірті:

Айдын  дәрия  құрыды ,

Асыл   таста күйреді.  —

деп, Шырқа қарияның сөзіне мән бермей, онан әрі көшеді. Сен өстіп азғырмақшысыңғой, — деп, оны арқасынан найзалап қуып жібереді. Жараланған Шырқа ақсақал үйіне келіп, қынжылып жатқанда, Теміжүн көреді. Шырқа қария Теміжүнге: Абзал атаңның жинастырған елі бытырлап көшкендіктен, азғырмақ болып барып, арандалып қалдым,  —  дегенде ,  Теміжүн жылап шығып кетеді.Бір күні Теміжүн, Қасар, Бектұр, Белгітей төртеуі балық аулап жүріп Теміжүн мен Қасардың балығын Бектұр мен Белгітей тартып алады.Бұны көрген шешесі: Бәрің бір әкенің баласы емессіңдер ме? Несіне таласасыңдар?

Көлеңкеден басқа дос жоқ,

Құйрықтан басқа күш жоқ.

Тайшуыттар туыстарының құнын жоқтап, әлі де кегін толық ала алмай отырғанда, сендер неге мені көзге түрткі етіп, көңілге күдік тұттыңдар?

Көлеңкеден басқа дос жоқ,

Құйрықтан басқа күш жоқ.

Отырғанда, неге мұнша  қатал кеттіңдер?Менің түтінімді өшірмеңдер. Белгітеиді мерт етпеңдер. Осы кезде жүресінен отырған оны  Теміжүн мен Қасар екеуі бірдей атады.Тайшуыттың Тарғұдайқырылдығы деген кісісі өзінің қарулас серіктерін ертіп, тонамақ болып келеді.Олардан қорыққан Уәлін үжін балаларын ерте қашып, ну орманға тығылады. Белгітей ағаштан бөгет жасайды. Қасар таудың қуысына Қашиун, Темүге, Темүлін үшеуін жасырып қойып, өзі жалғыз атысады. Осы кезде тайшуыттар: Теміжүн ағаңды шығарып бер. Басқаңның қажеті жоқ, —  деп айқайлайды. Бұны естіген Қасар  Теміжүнді ну орманға қашырып жібереді.Аштан аш тоғыз күн өткен соң,бүйтіп ат-атақсыз өлгенше, тәуекел, шығайын деп, орманнан атын жетектеп шыға келгенде, аңдып тұрған тайшуыттар ұстап алады.Жаздың бас айының тамылжып тұрған 16 — сы күні тайшуыттар Онын өзенінің жағасында той істеп, күн батар кезде тарайды. Теміжүн өзін күзеткен жігітті қолға салған бұғаумен бір періп серейтеді де, су ішіне жасырынады.Тайшуыттар іздеп таба алмайды. Тайшуыттар тарап кеткен соң, Теміжүн былай ойлайды: Күні кеше сарпастап жексұрын еткен кезде, Сорқын-сарының үйіне де қонып едім- ау. Сонда оның ұлы Шымбай мен Шолуын екеуі бұғауымды босатып қондырып еді-ау. Енді, міне, менің бағыма тағы да сол Сорқын-сары кездесіп, ешкімге ләм демеді. Олар мені құтқарар деп, Сорқын-сарының үйіне беттеп, тұра Онын өзеніне қарай жүреді.

Теміжүнді жүн нығаған қара күйменің ішіне жасырып қояды. Үшінші күні оны біздің біреулер жасырып қойған шығар.Осы маңдағы ауылдарды тінтейік деседі.Тінтіушілер кеткен соң Сорқын сары Теміжүнді атқа мінгізіп, Бұрхан қалдұнның күнгей бетінен ағатын Сеңгүр бұлағының Қаражүрек деген жерге үш күн, үш түн жүріп, Сеңгүр бұлағындағы үйіне келеді. Қамығып отырған шешесі мен бауырлары ол келген соң қуанып, жырғап қалады. Бұрын  Бөрте-үжінді тоғыз жасар кезінде көрген, Бөрте-үжінді көру үшін Керлін өзеніне аттанады.Сексір мен Шықырғы аралығын Қоңыраттың Дей шешені мекендейтін. Олар барған соң. Дей шешен Теміжүнді көріп қуанады. Енді өзіңді көргеніме қуанып отырмын деп, батасын беріп, күйеу баласына қызын қосады. Теміжүндер Сеңгүр бұлағынан көшіп өзенінің жоғарғы жағындағы   Бұрғы деген жерді мекендеген кезде, Сотан әжейдің китке әкелген қара бұлғын ішігін алып, Теміжүн, Қасар, Белгітей үшеуі әкесі Ясукай батырдың ежелгі досы Уаң ханға дидарласпақ болып барады.

Әкеміздің досы әкеміздей болар деп ойлаған Теміжүн, Тула өзенінің бір саялы жерін мекендеген Уаң ханға барып, сәлемдескен соң,  былай дейді. Әкем марқұмның ежелгі досы сізді әкемдей көріп,өзім үйленгенде енеміз китке берген  қара  мақпал ішікті сізге әкеліп отырмын   деп ,  ішігін  ұсынады. Бұған Уаң хан  риза болады.Керлін өзенінің бас жағында мекендеп отырғанда,  тайшуыттар келе жатады. Теміжүн және оның туыстары таң сәріден Бұрхан қалдунға  қарай беттейді. Теміжүннің ізіне түсіп,  Бұрхан қалдұн тауын үш айналып қараса да, таба алмайды.

Сол жерден Теміжүн, Қасар, Белгітей үшеуі жүріп Тула өзенінің  Қара орманын Уаң хан  Тұғырлыға  барып:   Үш меркіт ойламаған жерден шабуыл жасап,  қатын — баламызды  тартып әкетті.  Хан атай,  сізге үй –ішімізді, құтқарып беріңізші деп өтініп келдік,  —   дегенде Уаң хан: Мен сендерге былтыр айтпап па едім.

Теміжүн, Қасар, Белгітей  үшеуі Тұғырыл хандыкінен үйіне келген соң, Теміжүн Жамұқаға Қасар мен Белгітейді жіберіп, Жамұқа досқа айт, деп және Керейдің Тұғырыл ханының сөзін Жамұқаға жалғастырып, бүй дейді: ерте кезде әкең марқұм Ясукай тілектес болғандықтан, енді екі түмен әскер алып, оң қол болып аттанайын.  Жамұқа інішек те  екі түмен әскер алып, сол  қол болып аттанғай.  Теміжүн Жамұқаның сөзін Қасар мен Белгітейден естіген соң, Тұғырыл ханға  жалғастырды. Тұғырыл хан Жамұқаның сөзін естімеген, екі түмен әскер алып  Бұрхан қалдұнды бөктерлей жүрді. Бұл жайды естіген Теміжүн Бұрғы тұсынан көшіп, Бұрхан- қалдұнның күнгей бетіндегі Түңкелікке  қарай  жөнеп, Тана бұлағына келіп  қонады.  Тұғырыл хан бір түмен әскермен, оның інісі  Жақа-ғамбу бір түмен әскермен келіп Қимұрға бұлағының Әйілқарғын деген жеріне келіп  түскен кезде, оларға Теміжүнде өз әскерімен келіп қосылады. Теміжүн, Тұғырыл, Жақа-ғамбу үшеуі бірге  қозғалып,  Онынның  басындағы Ботахан боржы  дегенжерге таяп келеді. Жамұқа бұл жерге үш  күн  бұрын  келіп , тосып жатыр екен.  Жамұқа бұл үшеуінің әскери баранын көрген соң, өзінің екі түлмен әскерін сапқа тұрғызады.  Кілкі өзенін  мекендей- тін  балықшылар,  бұлғын аулаушлар мен аңшылар, жау келіп қалады деп түнде тізгін ұшымен тіл жеткізгендіктен, Тоқта бек пен Убас меркіттің  Дайыр ұсыны екеуі аз жолдастарымен бірге Селеңгіні құлдай, Барғұжынеліне қарай қашады. Меркіттер үркіп , түні бойы  Селеңгіні  қашқанда  әскерлер  артынан  қуа соғып,  жайпайды. Теміжүн қашқан  елдердің ішінен Бөрте,Бөрте  деп  айқайлап іздегенде, үркіп бара жатқан елдің ішіндегі  Бөрте-үжін Теміжүнді даусынан танып, кейқуат кемпір екеуі  күймеден  түсе  жүгіріп, Теміжүннің  жалбарына орала кетеді. Айдың  жарығымен таныған Теміжүн оны құшақтап аймалайды.  Теміжүн сол түнде Тұғырыл хан мен  Жамұқа  досына, іздеген  адамымыз  табылғандықтан,  осы түнгі шабуылды  доғарып  осы жерге  қонайық., деп кісі жібереді.

Теміжүн мен Жамұқа  екеуі  талқұн аралынан аттанып Қорқынық Жұбырға қарай жүреді. Тұғырыл  хан Бұрхан қалдұнды жоталай Өкірті орманын,   Ғашуырты, Ұлаты, деген жерді басып, аң аулай жүріп, Тула өзенінің Қара орманына қарай беттейді. Теміжүнмен Жамұқа екеуі Қорқынық алқабына түсіп ежелден анда  екендігін  еске түсіріп енді  қыл өтпес дос болып, той жасайық дейді.Ең алғаш дос болғанда Теміжүн он бір жаста еді. Сол кезде Жамұқа  Құралай  сақасын  Теміжүнге беріп, Теміжүн құйма  сақасын  Жамұқаға береді.Екеуі Онын мұзында асық ойнап дос болады.

Теміжүн мен Жамұқа екеуі ырғап-жырғап, жыл жарымды бірге өткізеді.Бір күні  бұл  жерден  көшпек  болып , жаздың бас айының он  алтысында, қызыл теңбіл күні жөнейді. Теміжүндер сол түні  үдере тартып отырып, күндіз байқаса, жалайыр тайпасының ағайынды үш кісісі, Қашуын Тоқырауын, Қарқай Тоқырауын,Қырылдай  Тоқырауын бірге көшіп келеді екен.Дарқыт тайпасының Қадан Далдуырхан бастаған ағайынды бесеуі көшіпті. Бауырлас тайпасынан ағайынды Құбылай  Құдыстарда келген екен . Маңғуыт тайпасының ағайынды Жатай  мен  Доғалқу екеуі келіпті. Боршидың бауыры Үгілін арулат тайпасынан бөлініп, ағасы Қоршымен еріп келіпті. Зелменің бауыры  Шауырхан мен Сүбедей  батыр ұраңқай  тайпасынан  бөлініп, Зелмемен бірге келіпті. Бесүт тайпасынан ағайынды Дегей, Күшігір екеуі келіпті. Сүлдіс тайпасынан ағайынды Шілегүтей Тарпаң,  Тайшудай келіпті. Жалайыр тайпасынан  Сесі-Домық пен Арқай Қасар — Бала екеуі ұлдарын ертіп келіпті.  Қоңқатаннан Сүйкету сері келіпті. Сүкегіннен Жегей Қондығардың  ұлы  Сүкекей-жауын келіпті.  Неудейдің Шағаны да   келіпті. Барулас тайпасынан Соқа шешен, Қарашар екеуі балаларымен  келіпті. Сондай-ақ  бәрін  тайпасынан  Қорши Ұсын қария Көкеш пен Менін барынды ертіп, қарақорым ел болып келіпті.

Қорши келіп бүй дейді:  Біз Бодыншар боғданың ұстап әкелген әйелінен  туғандықтан, Тіліміз  бір, Тілегіміз жалғыз  адамбыз. Сондықтан да Жамұқадан іргені бөлек сала алмаймыз. Егер Теміжүн сен менің алдын ала болжап айтқанымдай, елдің қожайыны болсаң, мағанқандай жақсылық істер едің?

Сонда Теміжүн: Шынында мен мұқым елді билер болсам, Сізді түменнің нояны  болдырар едім, дегенде, Қоршы: Үлкен үкіметтің ісін алдын  ала болжаған мені түменнің нояны болдыру қандай ғанибет. Маған түменнің  нояны болып, байтақ елдің  ең сұлу отыз қызын алуға рұқсат ет. Және менің айтқанымның бәріне  көңіл бөл,  дейді.  Құнан бастаған Геегис  бір топ болып, Даридай отшы бір  сүбе  ел болып  кеп  қосылады.  Жадыран  тайпасынан Мұлқалқу келеді, Ұнжын-сахайты біртоп болып  келеді.  Жамұқадан осылайша ажырап көшіп,  Қимұрға бастауының  Әйілқарғын  деген жеріне келіп қонады.

Алтын, Құшар, Саша бек болып бәрі кеңесіп,  Теміжүнге Сені хан етейік  дейді.  Осылайша сөз сөйлеп, серт  беріп Теміжүнді  Шыңғыс хаған етеді.  Шыңғыс хаған болып ,Боршидың Үгілін сері, Қашуын  Тоқырауын , аға бауырлы,  Жетей мен Доғалқу төртеуіне қорамсағын  асындырады. Сондай – ақ  Шыңғыс хаған тағы да: Тәңірім оңдап Жерана жебеп,  Жамұқадан бөлініп  дос болайық  деп келген алғашқы достарым  бәрінен  артық,  қадірлі болғандықтан, сіздерді тұс тұста, тағайындадым -дейді. Шыңғыс хағанды хан болғыздық деп,  Керейдің Тұғырыл ханына Тақай мен Сүкеқай  екеуін  жібергенде, Тұғырыл хан:  Теміжүн  сынды ұлымды хан болғызғандарың  өте орынды. Моңғолдар  хансыз  қайтіп  болады  дейді.Жамұқаның  бауырым Тайсарыны өлтірді деп Жадыраның он үш руының басын қосып, үш  түмен әскер алып, Алағауыт, Тұрғықуыт тауларын асып, Шыңғыс хағанмен шайқаспақ болып келе жатыр деп Екіріс әулетінің Мүлке  тотығы  мен Борылдай екеуі  Күрілкідегі Шыңғыс хағанға келіп айтады.Бұл хабарды естіген соң,  Шыңғыс хаған он үш күреден , үш түмен әскер алып, Жамұқаға  қарсы аттанып,  Далынбанжұт дегенжерде соғысады.  Жамұқа қайтқаннан кеиін, ұруыт тайпасының Жүршідейі мен маңғуыт тайпасының  Құйылдары Жамұқадан бөлініп,  өз руларының халқын ертіп келіп, Шыңғыс хағанды  паналайды Қоңқатандық Меңлік қария да бөліне көшіп  жеті ұлын ертіп кеп,  Шыңғыс хағанға  қосылады. Жамұқадан бұның  бәрі бөлініп, бізге  келді деп қуанады. Шыңғыс хаған Уәлін – ужінге, Қасар мен Саша бекі және Тайшуыттар бәрі Онынның орманында бас қосып, той жасайды.  Белгітей  бәйек болып жалынсада, Шыңғыс хаған дес бермей, сойқан салады. Екі жақ ағаштың  бұтағымен ұрысып, сабанның піспегімен сабаласады. Жүркіндерді құйылған торсықпен ұрады. Тайшуыттар Белгітейді ұстап алып, ағаш арбаға таңып тастайды. Жүркіндердің татуласайық деген  тілегін біздің  жақ  та қабыл алып, Қоржын мен  Қуыршын  қатынды қайтарып береді.

Осы кезде Қытай елінің Алтын ханы айтқаныма көнбеді , татардың Мегіжүн құйрығымен дереу соғыс  деп,  Вангін Шансінді басқып әскер аттандырған-ды Мегүжүн құйрық  бастаған татарлармен соғысқан  Вангін –шансын  оларды, Улзы деген  жерге  қарай жылқысымен қоса қуып  келеді   деген хабар естіледі. Тұғырыл  ханға  елші жіберіп: Алтын хағанның Вангін – шансіні Мегіжүн –құйрық бастаған татарларды Ұлзыны өрлете қуып келеді. Ата –бабмызға   қастас болған татарлармен соғысайық. Тұғырыл хан атай үдере  келсін  дейді,  Бұл хабардыфестіген соң, Тұғырыл хан Ұлым(Шыңғыс) орынды сөз айтып жіберіпті. Біз күш қосып соғысайық  деп үшінші күні әскерін жинастырып аттанып, тура Шыңғыс қа жетіп келеді. Шыңғыс хаған  мен  Тұғырыл хан екеуі Саша бек бастаған, елші жіберіп, алты күн  тосса да, олар келмейді.  Келмеген соң,  Шыңғыс хаған мен  Тұғырыл хан екеуі әскерін алып, Вангін — шансынға  күш қосу үшін Ұлзыны  өрлеп  барса,  Ұлзының Құсты — шітүн, Нарату-шітүн деген жерінде Мегіжүн – құйрық  бастаған татарлар мықты бекініс салыпты. Шыңғыс хаған  мен Тұғырыл хан  екеуі Мегіжүн-құйрықты сол  жерде ұстап, сол жерде өліреді.  Шыңғыс хаған мен Тұғырыл хан Мегіжүн-құйрықты  өлтірдік деп хабарлағанда,  Вангін-шансін  қуанып, Шыңғыс хағанды  шауытқури деген атақпен сыйлайды.  Керейдің Тұғырыл ханына Ван хан атағын сыйлайды.Вангін – шансын уаң тағын бергеннен кейін Тұғырылды уаң деп атайды.   Алтын ханға үлкен  жәрдем еттіңдер Мен бұл жәрдемдеріңді Алтын ханға айтып барайын. Шыңғыс хағанға бұдан артық атақ беруді алтын хаған берсін.   Вангін –шансын шаттанып қайтады.

Бұдан кейін,  Тауық жылы (1201жыл ) Уаң хан келісімен Шыңғыс хаған екеуі  күш  қосып, Жамұқамен соғысу үшін аттануға келісіп, Керлін дариясына қарай  беттейді. Шыңғыс хаған Алтын ,Құшар, даридай  үшеуін алғы сапқа жүргізеді. Уаң хан  сенгүн, Жақа – ғамбу Білге бек үшеуін алға жүргізеді. Жмаұқаның алоғы сапқа жіберген  әскерлерін моңғолдың  Аушу батыры,  найманың Бұйрық ханы, меркіттің Тоқта  бегінің  ұлы Құту, ойраттың Құту бегі бастап келіпті. Алғы саптағылар олармен сөйлесіп, ертең соғысуға келіседі . Ертеңінде екі жақ  Күйтін деген  жерде  кездесіп, біресе ұмтыла, біресе шегіне соғысады . бұйрық хан мен  Құту екеуі жай түсіру  әдісін біледі. Ол екеуі  күнді жайлатқанда жайы қайта өздеріне түсіп, суға малтығып жүре алмағандықтан,  бізге тәңір қаhарын төкті  деп қорқып қашады.

Аушу батыр мен Қодуын- оршандар қалған жақсы әскерлерін реттеп, Онынның арғы жағында. Соғыспақ  болып тосады. Шыңғыс хаған жолай тайшуыттармен соғысады. Соғыс көпке созылып, кеш болған соң сонда түнейді. Үріккен ауылдар өздерінің әскерерлерін қоашай қонады. Соғыста Шыңғыс хағанға садақ оғы тиеді. Соғыс біткеннен кейін, садақшыны ұстап әкелгенде Шыңғыс хаған мені атқан сенба дегенде, мен едім деп мойындайды. әрқашан ұсталған жау әскерлері  мойындамайтын, садақшы мойындағаны үшін, оны кешіріп Зебе деген атын өзгертіп Жебе дейді. Шыңғыс хаған сол жерде тайшуыттармен соғысып, Аушу батыр, Қодуын оршан, Құдудар тәрізді тайшуыттар әулетін ұрық жұрағатына дейін тып- типылғып жояды. Халқын көшіріп, Шыңғыс хаған Құбақай деген жерге келіп қыстайы.  1202 жылдың күзінде Шыңғыс хаған ақ татар, алшы татар, татауыт татар, алуқай татарлармен  Далын неміргі деген жерде соғысудан бұрын: Жауды жеңер кезде олжаға айналып қалмаңдар. Жауды жеңген соң оның дүниесі қашанда бізідікі. Сондықтан оны бөлісу оңай. Егер біз шегінер болсақ, ең алғаш шабуыл бастаған жерге тез оралу керек. Болжалды жерге келмеген адамдар өлтірілсін деп әмір етеді. Далын неміргі деген жерде татарлармен  соғысқанда олар қашып кетеді.  Оларды қуа соғысып , Ұлқұй шілугелжі деген жерде басып алады.

Ақ татар, алшы татар, татауыт татар, алуқай татарлардың  билеушілерін  жаныштап,  халқын иеленгент кезде, алғашқы айтқан заңын  Алтын, Құшар, Даритай үшеуі бұзып, олжаға айналсоқтап  кешігеді. Оларға Жебе  мен Құбылай екеуін жіберіп, олардың олжаланған дүние- мүліктерін  түгелдей әкелдіреді.

Сол кезде Шыңғыс хаған татардың Дәу Шерінінің қызы Есүгінді  жар етіп алады.  Есүегін ханым,  Хаған  ұйғарса менің әпкем Есүй менен де артық, хағанға лайық сұлу еді. Шыңғыс хаған, әпкең әлбетте, сенене сұлу болса, оны іздестірейік . Есүй  ханымды ұстап әкеледі.  Есүеген ханым әпкесіне  орнын береді. Есүй ханым шынында сұлу болғандықтан, Шыңғыс хаған  кешірім етіп, ханымдар қатарынан орын бергізеді. Бұдан соң Шыңғыс хаған  мен Уаң хан  екеуі Найманның Күшігітінің  Бұйрық  ханымен соғысуға аттанып,Ұлықтақтың Соғақ су деген жеріне барған кезде, Бұйрық хан төзе алмай, Алтай аса көшеді. Шыңғыс хаған мен Уаң хан екеуі қуып, Қызылбас көлінде қуып жетіп, оларды сол жерде құртады. Шыңғыс хаған мен Уаң хан екеуі Тула өзенінің ну орманында бас қосып, әкелі балалы болысып, ырым істейді. Ерте күнде Ясукай батыр мен Уаң хан дос болғандықтан, Уаң ханды әкесіндей көріп, осылайша әкелі балалы болысады. Уаң хан Темүжінді өзінің ұлы Сангүмімнің ағасындай көреді.

Шыңғыс хаған Жошыға  Сангүмнің қарындасы Шауырбикені айттырмақ болады.Сангүм паң мінез көрсетеді.  Шауырбике қарындасын беруге  ұйғармайды.  Шыңғыс хаған Уаң хан мен Сангүм екеуін  ішінен  жек көреді. Бұны Жамұқа сезіп,  1203 жылдың көктемінде Жамұқа, Алтын, Құшар, қара қытайдың кәртеміш ноянқыны, Сүбедей, Тұғырыл, Қашиун  бектер ым-жымы бір болып көшіп, Сангүмге барады.  Жамұқа жамандап, менің Темүжін досым Найманның Дайын ханына елші жіберіп, үнемі қатынас жасап тұрады  дейді. Темүжінмен соғысаңдар мен дайын дейді. Жамұқа Уаң ханды көндіріп  соғыстырмақшы болады.

Уаң хан өзі  қартайдым деп, соғысқа бармай, Жамұқа бауыртай өзің бүкіл әскердің әміршісі бол дейді. Жамұқа мен Темүжін  досыммен соғысуға жүрексініп жүрсем, мененде өткен қорқақ екенғой деп , Темүжін досыма хабарласайын дейді. Жамұқа Шыңғыс хағанға құпия кісі жіберіп,  бүй дейді: Уаң хан менен Темүжінде бізбен соғыса алатын кімдер бар дегенде, мен Ұруыт пен Маңғуыт  бастаған қайтпас ерлер бар дегенде, ол алдыңғы шепке  жүркін батырларын нұсқады. Онан соң Уаң ханның сан мыңдаған сайып қырындарын бастауға ноян  Қоришіремүн тәижіні нұсқады. Темеүжін досым Уаң хан әлжуаз адам сияқты, Әскеріне өзі әмір ете алмайды екен. Мен бұрын Темүжін досыммен соғысқанда жеңе алмаған едім. Ал, Уаң хан мененде нашар жан екен, Сондықтан, дос, сен қорықпа . Қайраттан .

Бұл хабарды естіген Шыңғыс хаған: Жоршыдай: Шыңғыс хаған  үшін біздер, уруыттар мен  маңғуыттар, ең алдымен тиісейік, дейді. Осы кезде Жүркін бастаған жаулар жетіп келеді. Олар келісімен ұруыт пен маңғуыттар шайқасып, жүркіндерді жаныштайды. Шыңғыс хаған Жамұқа досын ұстап алып тергеп былай айтады. Сен қызғаншақ арам ойыңмен хан әкемнен айырдың   Шыңғыс хаған  Алтын мен Құшар екеуіне: Сен екеуің мені арбап , безбек болдыңдар  ма? Алдап безбек болдыңдарма? Құшар, сен Негуінг Тәйжінің баласы болғандықтан, біз Сен хан бол дегенде  өзің хан болмай қойдыңғой.  Алтын сенің әкең бәрімізге билік еткенде, сенде билікке араласып жүгендіктен, Алтын, саған хан бол дегенде  сенде  ұйғармағансың. Бардан батырдың ұлдарының ішінен аға буындасы болғандықтан, Саша мен Тайшу екеуіне хан бол деп талай айттым. Сендердің ешқайсысың хан болмағандықтан, мен сендерге хан болып қошеметтеліп, әмір еттім. 1204 жылы  жаздың басқы айының тамылжыған он  алтысы   күні туына сиынып   аттанып, Жебе мен Құбылай екеуін Керлінге қарай  барлаушы етіп  жіберді. Шыңғыс хағанның әскері Сарыгер жерінде дамылдапдайды. Сонда Додай шербі Шыңғыс хағанға бүй дейді: Біздің әскеріміз аз, әрі жолда ат соғып шаршады. Сондықтан сәл аялдап, ат оттатып алайық. Сарыгерді жағалай қонып, тірі жан басы түнде бес жерге от жағып үрейін ұшырайық Наймандар көп деседі. Бұл пікірді бәрі ұнатқан соң, Шыңғыс хаған: Жарайды отты өртеңдер  — деп бұйырады сарбаздарына.  Әскерлер Сарыгерге бытырай орналасып, әрбірі бес бөлек от жағады . Наймандардың қарауылы  Қаңқырқанның  жотасынан  түнде  шыққан көп отты көріп , маңғолды аз дейтіні қайда?   Жұлдыздан да  көп от жанып тұр , деп үрейленеді.  Таян хан Моңғолдың  әскерлері Сарыгерге құжынап кетті . Күн сайын шұрқылдаған судай молайып барады.   Түнде жұлдызданда көп от лаулайды.Күн кеш болған соң , Шыңғыс хаған  Нақу гүң тауын қоршай қонуға әмір етеді. Түнде Наймандар Нақу Гүң тауынан түсе қашпақ болғанда,тайғанап  талайы өледі.  Найманның  еліне    Алтай  алқабында ойран сап, оларда тұтас бодан  етеді.  Жамұқа  батысқа  қарай  қарай  қашады. Жамұқаға еріп жүрген  жадыран, қатағын, салжуыт, дөрвін, тайшуыт, қоңырат  қатарлы  тайпалар   дереу   Шыңғыс  хағанға  беріледі.  Таян ханың  шешесі Гүрбесу ханымды  Шыңғыс хаған  алдырып  Сен  моңғолдың  иісі  сасық  депсің  ғой?  Енді  неге  келдің ?  —  деп сұрайды.  Сол   жылы   күзде  Қара  даланың  тұмсығы  деген  жерде   еркіттің        Шыңғыс хаған   соғысып, оны жеңіп, Сарыгер деген жерде   меркіт тайпасын  телім етеді.

Шыңғыс хаған қой жылы (1211  ж.) Қытай  елін  жаулауға  аттанады. Фужоуға   (Аққамалға  жақын, қазіргі  Қара  кенті  және  Шулылты  есігінің  батысындағы)  Үнігін  (түлкі) мойнақтап  асып, Сюнь-дефуді  алған  соң,  Жебе  мен  Құйқынық  батыр  екеуін бас  болғызып   жібереді.Сапшалға   (Цзюй-юн-гуан   бекетіне) беттеп,  Сапшал  мойнағындағы  бекетке  таяғанда,  Жебе       Жауларды   бопсалап  бекеттен  шығарып  соғысайық  деп  әскерін  шегіндіреді. Жебенің  әскері  шегінгенін  көрген  қытай  әскерлері  қуа  соғайық        деп, таудан   құйыла, жазықтан ағыла қуып,  Сюнь-де-фу   бекетіне  жеткенде,  Жебе  кенет  қайырыла   тиісіп,    жаудың    қуған    әскерлерін  күйретеді. Шыңғыс хаған негізгі әскерлерін алып, өкшелей келіп, қытайды қуып, қара қытаймен Шүршіттің және жүйіннің таңдаулы батыр әскерлерін быт-шыт етіп, Сап шалға  дейін Қытай әскерлерін күйрете соғады. Сап шалдың қақпасын Жебе басып алып , таудан асып түседі. Шыңғыс хаған Сартек деген жерге дамылдайды.

Сол арадан Шыңғыс хаған Қашын еліне (таңғыттың  яғни Си-сианның ханы Моңғолдың ішінде Қашын шын деп аталған) аттанады.  Оған  жетіп  барғанда , Қашын  хан елінің Бұрхан ханы бағынып, » оң қолың болып, күш  қосайын » деп, Шаға деген қызын  Шыңғыс хағанға  әкеліп  береді., және Бұрхан:  «Мен Шыңғыс  хағанның   даңқын естіп әрі қорқып, әрі сиынып жүр едім. Енді  айбынды  өзіңіз  жетіп  келген  соң,  қатты  қорқып отырмын. Үрейі  ұшқан  біздің   Таңғыттар  оң  қолыңыз  болып, күш қосайық»  —  дейді. Шыңғыс хаған осы жүрген жолында Қытай елінің  хағанын  бағындырып,  көп нәрсесін алады  және Қашын елінің  Бұрханын телім етіп, көп түйесін алады. Сөйтіп, Шыңғыс хаған  сол  қой жылы Қытай жұртының Ақұдай  атты Алтын хағанын, Таңғыт  жұртының  Илақу Бұрханын  бағындырған соң Сарыгерге  келіп қонады. Шыңғыс хаған ит жылы (1214ж) Қытаймен соғысу үшін қайта аттанады. Шыңғыс хаған Дүңгуан бекетіне барғанда, Қытай  әскелері  тауда қаптапр, жазықта бақып тұр екен. Шыңғыс хаған  Илә, Қада, Көбіктұр үшеуімен соғысып Ұлан Дегелеңді қиратып, Илә мен Қаданның  әскерін жинай соғып, Қытайды күл талқан етеді. Алтын хаған жеңілгендігін біліп Жүнду қаласынан безе қашып Нәнжиң  қаласына барып тұрақтайды. Шыңғыс хаған сартауыл  Ортаазиялық  Түркістан еліне жіберген жүз елшісін өлтіргшеннін естіп, Сартауылдардан кег алу үшін  шайқасқа бармақ болады.

Тышқан жылы (1219ж) Арай асуын асып, сартауыл елімен соғысуға аттанады. Жебенің қосыны жүріп отырып  Хан Мәліктің қалаларын  күйретеді. Хан Мәлік Жәнелдин сұлтанға қашып барып, қосылып бірге соғысады. Шыңғыс хаған әскері мен Жебе бастаған    әскерлер Самарқанд. Бұқар, Отырар қалаларын басып Шің өзеніне дейін қуады. Шыңғыс хаған Жошы, Шағадай, Өгедей  үш ұлын  оң  қол әскеріне басшы етіп, «Амудариясынан өтіп , Үргінші қаласына жетіңдер» деп тапсырады. Жошы, Шағадай, Өгедей  үшеуі Үргінші қаласын бағындырып, барымтадағы мал-мүлікті өздері бөлісіп  әкелеріне ештеңе қалдырмайды. Шыңғыс хаған оларға ренжіп 3 күн сөйлемейді. Борши, Мұқылай, Шикіқұдық үшеуі біз алған заттар  Шыңғыс хағандікі  ғой деп жұбатады. Шыңғыс хаған үш ұлын кіналап ұрсады. Кейін Қоңқай, Қонқатыр, Шормағын үшеуі  Шыңғыс хағанға шығар күннен, батқан күнге дейін толған жау , соларды жаулауға біз аттанайық   басқада алмаған  елдерді тонап сізге алып келеміз дейді. Шыңғыс хаған қай ел дегенде  Бағдат тұрғынының Насыр Халифа сұлтаны бар дейді. Шыңғыс хаған  сартауыл елінде  жеті жыл жүріп Тауық жылы (1925ж.)    Ертіс өзенін жағалай   жүріп күзде Тула өзенінің  Қара  орманында қондырады. 1226 жылы күзде Таңғыт елін жаулауға аттанады.

Сол уақыттарда Шыңғыс хаған аттан жығылып  қатты ауырады. Борши мен Мұқылайға қытай елін теңдей бөліп алыңдар дейді. Шыңғыс хаған Таңғыт елін қуып, соғысып  жеңеді. Шыңғыс хаған аттан жығылғаннан кейін  қатты  ауырып 1227 жылы 7 айдың он  екісінде  Дөрмегей кентінде Шыңғыс хаған  көкке ғайып болады.

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ