Шығармашыл ұстаздардың кітабы жарық көрмек

2
2198

Құрметті оқырмандар!
Ұрпақ алдындағы  мұратынан танбай шәкірт тәрбиелеп, мамандығы мен шығармашылығын қатар өрнектеп жүрген ұстаздар жайлы  бүгінде көп айтыла бермейтіні  жасырын емес. Сол себептен де,
БҮГІННЕН БАСТАП
Martebe.kz сайты  республикамыздың әр өңіріндегі  өміріне шығармашылықты арқау еткен ұстаздардың прозалық  және поэзиялық туындыларын жинақтауды және насихаттауды бастайды. Оған республикамыздағы кез келген мектептің:
— прозалық;
— поэзиялық туындылар жазатын ұстаздары қатыса  алады.
Алдағы күндерде өз өлеңін әдемі өрнекке құрып, қаламымен қара сөзді суреттеген  ұстаздардың белгіленген талаптарға сай келетін авторлық туындылары сайтымызда жарияланып, оны  республикамыздың барлық  оқырмандандары  электронды түрде оқуға мүмкіндік алатын болады.


Туындыларға қойылатын басты талаптар:

Проза және поэзиялық туындылар тек 20 наурызға  дейін  dastan.kastay@mail.ru  почтасына автордың жеке өмірбаяны, суретімен қоса Times New Roman, 14 шрифтінде жолдануы тиіс (көлемі шексіз). Сондай-ақ автордың өмірбаянында:
— автордық толық аты-жөні;
— туған жылы, туған жері, қызмет ететін мектебінің толық атауы;
— осы уақытқа дейін жарық көрген туындылары, мүмкін болса қай жылы, қай басылымда жарыққа шыққандығы;
— жеке шығармашылық жетістіктері көрсетілуі қажет.
Ескерту!
БОЛАШАҚТА ҰСТАЗДАРДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ДЕГЕН ПРОЗАЛЫҚ ЖӘНЕ ПОЭЗИЯЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРЫ САЙТЫМЫЗДА ЖАРИЯЛАНЫП, КІТАП БОЛЫП ЖАРЫҚҚА ШЫҒАТЫН БОЛАДЫ.


2 ПІКІРЛЕР

  1. Тек ұстаздар ғана қатысуы керекпа әлде басқада саладағы адамдарда қатысуға болама? Мен оқу бөлімінің маманы болып жұмыс атқарамын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ