Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS-тің қос түлегі Нью-Йорк университетінің грант иегері атанды

0
444

Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушылары Убайдуллаев Азизбек пен Сәдуақасов Асылбек Нью-Йорк университетінің грантына ие болды.

Нью-Йорк университеті – Нью-Йорк, Абу-Даби және Шанхай қалаларында орналасқан әлемдегі жоғарғы оқу орындарының бірі. Асылбек аталмыш университетте 115-тен астам ұлт өкілдері оқитынын және таңдаған оқу орнының білім сапасы, өз студенттеріне ұсынатын мүмкіндіктері орасан зор екенін айтады.

Бұл университетте бастапқы бірінші оқу жылында студенттер нақты бір мамандықты таңдамайды. Яғни, студенттерге өзіне ұнаған мамандық түрін оқу барысында таңдауға мүмкіндік берілген. Мысалы, мен университетке құжат тапсыру барысында мүмкін мамандығымды Сomputer science қылып көрсеттім. Және одан да бөлек салаларды қарастырып, тағы бір мамандық түрін меңгеру жоспарда бар, – деп биылғы мектеп түлегі ЖОО-ның тағы бір артықшылығын атап өтті.

Асылбек Абу-Дабидегі уинверситетке түскен осы мектептің екінші оқушысы екенін атап өту керек. Оның алдында $320,000 көлеміндегі оқу грантын Ернар Бекбаш ұтып алған болатын.

Убайдуллаев Азизбек болса, университеттің Нью-Йорк қаласындағы филиалына құжат тапсырған. Ол АҚШ мектептеріндегі білім жүйесі өзгерек болғандықтан, құжат тапсыру барысында эссеге аса мән аударғанын айтады. Дарынды оқушы академиялық білім жетістіктерін ғана емес, өзінің шахмат пен баскетболға қызығатынын да жазып өткен.

– Саяси аналитик негізінен басқару процестерімен, дәлірек айтқанда экономикаға немесе әлеуметтік салаға қатысты басқарушылық шешімдер қабылдауды қамтамасыз етумен айналысады. Мен халықаралық қатынастар факультетіне түскендіктен, болашақта Қазақстанның атынан басқа елдермен саяси келіссөздер жүргізетін боламын, – деп сенімді түрде өз ойын жеткізді Азизбек.

Азизбек өзін болашақта саяси аналитик ретінді көреді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ