«Сиқырлы моншақтар» атты балабақша ертеңгілік сценариі

0
2197
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: «Сиқырлы моншақтар»

Мақсаты : Ана жайлы тамаша сөздер ,әндер арқылы ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, бүлдіршіндерді мейірімділікке , ұстамдылыққа тәрбиелеу. Тәрбиешіге ата — анаға деген сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Жүргізуші:

  • Армысыздар құрметті қонақтар,аяулы әжелер,асыл аналар және біздің кішкене ханшайымдарымыз!Бүгін бізде үлкен мереке!

Шуақты көктем күні, күн нұрын төккен күні,

Аналарды мейраммен балалар құттықтайды!

Әжелермен аналар , қыздарменен апайлар,

Сұлуланған, нұрланған , әдемі боп құлпырған,

Би билейміз, жырлаймыз, мерекені тойлаймыз!

Залға әуенмен ұлдар мен қыздар кіреді

Тәп-тәтті қыз –Карина

Жаздай жайсаң – Жайна

Инабатты қыз – Айкөркем

Әп — әдемі – Лана

Әсем қыз – Салтанат

Айдай сұлу — Нұрхаят

Ерке қыз – Эмиля

Сымбатты — Амина

Ақылды қыз — Халима

Нұрайлы – Айлин

Мейірімді қыз – Жанель

  • Балалар, әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді , ең жүрегі жұмсақ кім екен?
Балалар:
  • Аяулы анамыз!

Жүргізуші:

  • Балалар, айтыңдаршы.

Бізді жақсы көретін,

Бар жақсыны беретін.

Баласы үшін әрдайым,

Мейірімін төгетін

  • Ол кім?

Балалар:

  • Анашым!

Жүргізуші:

Жүрегіме жыр шашып,

Нұр төгетін Сіз екен.

Құтты болсын анашым,

Құтты болсын мерекең!

Жүргізуші:

  • Ой, балалар, тыңдаңдаршы, бізге қонақ келе жатқан сияқты. Қызық! Бұл кім екен?

(Әуенмен залға қуыршақ кіреді)

Қуыршақ:

Сәлем бердім нәзік, сұлу қыздарға,

Сәлем бердім ержүрек бар ұлдарға.

Кездесуге асықтым мен сіздермен,

Биленсін би, айтылсын ән бұл залда.

*

Қуыршақпын сондай сұлу, әдемі.

Мерекемен құттықтағым келеді.

Ақ әжелер, аяулы бар аналар,

Мерекеміз құтты болсын балалар!

Жүргізуші:
  • Сәлеметсің бе, әдемі қуыршақ! Сен біздің аналарымыз бен қыздарымызды, әжелерімізді 8 наурыз мерекесімен құттықтауға асығып жетіпсің. Көп рахмет саған! Төрлет, ән тыңдап деміңді ал.

Ана деген өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анадай – ақ тілесін.

Ана деген ардақты ат, сен оны,

Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.

  • Біздің балалар аналарымызға арнап дайындаған әсем әнін тарту етеді.

Ән: «Құттықтаймын, мама»

БАЛАЛАР ОТЫРАДЫ.

Қуыршақ:

  • Рахмет балалар! Әрине мен де құралақан келген жоқпын. Менің сіздерге сақтап қойған сыйлығым бар. Ол сиқырлы моншақтар. Қазір көрсетемін.

(- Қазір көресіңдер деп сөмкесін ақтарып қарайды, моншағы жоқ тек жібі ғана шығады.)

— Ой, ой, ой… Енді қайттім! Моншақтарымды жоғалтып алған сияқтымын. Балалар маған моншақтарымды іздеуге көмектесіңдерші!

(Жылайды)

Жүргізуші:

  • Әдемі қуыршақ, сен жылама. Біз сенің моншақтарыңды міндетті түрде тауып береміз. солаймабалалар? Орындықтарыңның астына домалап кеткен жоқ па? Қараңдаршы.

Бірінші мама (Бекарыстың анасы):

  • Біз де моншақты табуға көмектесейік. Балабақшаға мерекеге келе жатып мына моншақты тауып алдым.

Қуыршақ:

  • Ой, жақсы болды ғой, беріңізші онда моншағымды.
Бірінші мама(Бекарыстыңанасы):
  • Әрине қайтарып беремін. Бірақ моншақтарың шынымен сиқырлы болса, онда біздің қалауымызды орындасын! Осыған келісесің бе?

Қуыршақ:

  • Әрине келісемін. Сіз балалардың тақпақтарын тыңдағыларыңыз келеді ғой. Орындаймыз (сиқыр көрсетеді).

Жүргізуші:

  • Біздің балаларымыз аналарына арнап көп тақпақтар жаттап келді. Балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Балалардыңтақпақтары:

1.

Аяулым менің анашым,

Өзіңсің маған жанашыр.

Қажетіңе жарасам,

Қуанып – ақ қаласың.

2.

Елжіреп маған қарайсың,

Асылыңа балайсың.

Ер жеткенде сүйенер,

Тірегің деп санайсың.

3.

Үмітіңді ақтармын,

Үлгіңді есте сақтармын.

Табаныңа төсермін,

Әлемдегі бақтарды

4.

Бәрімізге анасың,

Біз үшін гүл боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын, анашым!

5.

Әлпештеген баласын,

Ана – бақыт, ана – Күн!

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын!

6.

Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын, ақ мамам!

7.

Мамочке подарок,

Приготовлю я.

Самая красивая ,

Мама у меня!

8

Улыбнется мамаочка,

И светлей вокруг.

Потому что мамочка,

Самый лучший друг!

9.

Мақтанам апа,

Шат әнім апа.

Өзіңе тақпақ,

Жаттадым апа.

10.

Мені өсірген апатай,

Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын мерекең.

Бірінші мама (Бекарыс мамасы):
  • Әдемі қуыршақ, моншағың расымен сиқырлы екен. Балаларға да көп рахмет! Ала ғой моншағыңды.

Жүргізуші:

  • Қуыршақ, моншақтарың әлі түгел емес сияқты ғой. Мүмкін екінші бір анамыз тауып алған шығар.

Екінші мама (Бейбарыстың мамасы):

Мен де бүгін тауып алдым бір моншақ,

Әдемі екен, мөлдір екен ол сонша.

Биші қыздар қане биге шығыңдар,

Сиқыры бар, билетеді бұл моншақ

Жүргізуші:

  • Ендеше, көктемнің осы бір шуақты күнінде 8 наурыз мерекесі қарсаңында гүлдеп шыққан бәйшешектерді қарсы алыңыздар! Тек қана Сіздер үшін «Бәйшешектер» биі!

Қуыршақ:

  • Қане қыздар биге шығыңдар. Мен моншағымды қайтарып алайын.

Би: «Қуыршақтар» биі

Жүргізуші:

  • Моншағыңды ала ғой. Түгендеп көр. Ал, біз ән айттық, би биледік, енді ойын ойнайықшы.

Ойын -жаттығу«Кішкентай көмекшілер»

Жүргізуші:

  • Моншағың түгел ме екен? Ендеше тағы сұрастырып көрейікші. Мүмкін үшінші бір анамыз тауып берер? Біздің аналарымыз керемет жандар ғой. Бір жағынан тамақ пісіріп , бір жағынан кір жуып, сабақ оқытып, балалар бірдеңе бүлдіріп қоймасын деп қарап жүреді. Бірақ үйде барлығына да үлгереді.

Үшінші ана (Батырханның анасы):

Мерекеге мен де моншақ әкелдім,

Біліп тұрмын сиқыры бар екенін.

Аналарға ән де айтып беріңдер,

Моншағыңды сонда қайтіп беремін.

Қуыршақ:
  • Мен келісемін. Балалар, аналарға арнап ән айтып береміз бе? Қане ортаға шығыңдар.

Жүргізуші:

  • Білесіздер ме біздің балаларымыз сіздерге ән әзірлеп қойды. «Әжем менің» әнін тамашалаңыздар!

Ән : «Әжемнің шәйі»

БАЛАЛАР ОТЫРАДЫ.

Жүргізуші:

  • Ән де айттық, би де биледік, енді аналарымызға да ойын ойнатайық. Аналар балаларын алыстан көріп қалса да танып қояды. Күлсе күлкісінен танып қояды. Ал, әр баланың иісі анасы үшін ерекше екен. Аналарымызды сынап көрейікші. Аналарымыз өз баласын иісінен тани алар ма екен?

Ойын : «Балаңызды иісінен танисыз ба?» (ата – аналармен ойын)

Қуыршағым жұбансын,

Тауып алдым моншағын!

Мерекемен бүгінгі,

Құттықтаймыз баршамыз!

(Қуыршақты құттықтайды )

  • Мен де балалардың өнеріне риза болып отырмын, тағы қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші:

  • Біздің балалар тағы тақпақ айтқысы келіп тұр екен.

Балалардың тақпақтары:

11.

Айналайын анашым,

Жұмысыңа барасың.

Қайтып мені көргенше,

Шын сағынып қаласың.

12.

Анашым анам,

Келгенше шамам.

Үмітіңді ақтап,

Азамат болам.

13.

Бізді өсіріп, баптаған,

Жақсы болсам шаттанған.

«Алтыным» деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

14.

Өзің мені өсірген,

Айналайын ақ әжем.

Тентек болсам кешірген,

Шөлдедің бе, дана әжем.

15.Арнұр:

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншылмасын ешқашан,

Әжелердің жүрегі.

16.

Қуаныштың ағайын,

Қоңырауын соғайын.

Ағартпасын тентектер,

Бір ананың самайын.

17.

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

18.

Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын, ақ мамам!

19.

Анашым анам,

Ынтықсың маған.

Тәрбие бердің,

Көп алғыс саған.

20.

Шай қайнатып берейін,

Шекер салып жан әжем.

Өзім құйып берейін,

Балдай тәтті бал әжем.

21

Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Тақпақ айтып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

22.

Әжетай, әжетай,

Сізді жақсы көремін.

Көп ертегі, тақпақтар,

Сізге айтып беремін.

Жүргізуші:
  • Моншақтар түгел ме екен? Біз бүгін қуыршақтың моншақтарын жинауға көмектестік..
  • Қуыршақ сізге біздің балаларымыздың өнерлері ұнады ма?

 

Қуыршақ: — Рахмет ,балалар сіздер өте өнерлі ,биші ,тапқыр балалар екенсіңдер.Сіздердің және ата-аналардың көмектерімен сиқырлы моншақтарымды жинап алдым .Менің де сіздерге арналған сыйлықтарым бар.

Әдемі моншақтар сиқырлы,

Құлпырып кетіпті бір түрлі.

Сыйлыққа айналсын моншақтар,

Көріңдер ғажайып сиқырды!!!

(сыйлық салынған қорапшаға салып жіберіп «уф, уф,уф» деп сиқырлайды, қорапшаның ішінен балаларға арналған сыйлықтарды алып , өз ата-аналарыңызға сыйға ұсынамыз.

Қуыршақ : Балалар енді менің кетуім керек .Сіздермен бірге көңілді уақыт өткіздім .Рахмет сіздерге .Сау болыңыздар балалар,Сау болыңыздар ата-аналар!Начало формы

Жүргізуші : Құрметті ата-аналар мен әжелер ! Сіздерді «Ботақан »тобының бүлдіршіндерімен ұстаздарының атынан шын жүректен құттықтаймыз .Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз ,сүйкімді балаларымыз аман болсын.Біздің» «Сиқырлы моншақ атты ертеңгілігімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп –көп рахмет. Сау болыңыздар .

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ