Сиқырлы математика (Ұйымдастырылған оқу қызметі)

0
8379

 

Білім беру саласы «Қатынас» «Таным», «Шығармашылық» «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Қарапайым математика», «Дене шынықтыру», «Жапсыру»

Мақсаты: 5 саның құрамы бойынша санау, қысқа ұзын ұғымын  түсіндіру . геометриалық пішіндер үшбұрыш. төртбұрыш, тік төртбұрышты атап ажырату үйшік құрастырып жапсырумен саусақ қимылдарын дамыту. Дене қимылын жетілдіру адымдап жүру, доға астынан еңбектеп өтуді  пысықтау

Көрнекі құралдар:жапсырма үйшік үлгісі. Санаққа арналған түрлі геометриалық пішіндер, қораптар, шар, доғалар

Оқу қызметінің жоспары: Шаттық шеңбер. Балаларды өзіне қаратып бір- біріне күлімдеп қарап жүрек жылуын көрсетуін өтінеді. Содан кейін балаларға арналған қораптар стол үстіне қойылады. Олардың орнына барып отырып алдындағы қорапты ашып көрулерін сұрайды. Балаларға қораптан пішіндерді алғызып санатады, тік төртбұрыштарды санатады (1 үлкен, 1 кішкентай тік төртбұрыш,1үлкен,1кішкентай төртбұрыш).

Қызыл түстісі үшбұрыш қанша?

Көк түсті үлкен төртбұрыш қанша?

Ақ түсті кішкентай төртбұрыш қанша?

Қоңыр түсті үлкен тік төртбұрыш қанша?

Қара түсті кішкентай тік төртбұрыш қанша?

Сонда соң осы пішіндерден әдемі үйшік құрастыруға болады дейді. Балардан құрастыруды үйренесіңдерме деп сұрайды.

Олай болса мына әдемі үлгі жапсырмаға қараңдар деп оны жасау әдістерін үйретеді. Орындаған жұмыстарын

көрме сөресіне апарып ілгізеді, жасаған жұмыстарын бағалатады

Осы кезде музыка әуені естіледі мүзакасын ойнатып қолына магнитофон ұстап мысық келеді. Балалармен сәлемдеседі меніменен жаттығу жасайсыңдарма ? деп балалардан сұрайды

Мысық балаларға ғажайып қапшықты көрсетеді оны алысқа қояды жаттығу жасап доға астынан үш реттен өткен балаларға қапшықта силық бар дейді.

  1. Жаттығу: Жүру, тізені жоғары көтеріп жүру, жүгіру, қолды белге қойып, кері қарай жүгіру, жәй жүру,
  2. тізбектеліп қатарға тұру.жан жақты дамыту жаттығуларын музыкамен екі қатарға бір біріне қарап тұрып жасау .

1б.қ аяқтың арасы ашық,  қол төменде

1-қолды алға созып, тізені бүгу, 2-б.қ оралу, 4-5 рет қайталау.

2б.қ аяқтың арасы ашық, қол төменде. 1-қолды жоғары көтеру, 2-оңға қарай тербелу, 4б.қ оралу. 4-5 рет

Содан соң екі қатардың алдына бірінен соң бірі қойылған доғалардың астынан өтіп барып қапшыққа қол тигізіп орнына оралу 3-4 рет қайталау

Қимылды ойын: «Шарды ұстап ал»

Балалар шеңберді бойлай ортаға беттерін қаратып қол созымдай жерде тұрады. Мысық  қолында шыбық (ұзындығы 1-1,5м) шыбыққа қысқа жіппен шағын шар байланған. Ол музыкаға билеп тұрған  балалардың басынан жіпті сәл асыра айналдырады. Шар төбелерінен айналғанда балалар оны екі қолмен ұстағысы келіп секіреді. Шарды кім  ұстап алса, сол «Мен ұстап алдым!»-дейді. Оны мақтап. Ойын арғарай жалғасады.

Соңында тәрбиеші мысыққа алғысын айтады, біздің балалар қандай? Мықты мекен? деп сұрайды

Мысық мақтап қапшықты ашып әр балаға бір чупа – чупс кәмпитенен береді. Қоштасып кетеді.

Соңында тәрбиеші мысыққа алғысын айтады, біздің балалар қандай? Мықты мекен? деп сұрайды

Мысық мақтап қапшықты ашып әр балаға бір чупа – чупс кәмпитенен береді. Қоштасып кетеді.

Тәрбиеші балаларды орындарына барып отыруын тапсырады, кәмпиттерін жемей тұрып, «бүгін немен айналыстық?», «не өте ұнады?» деп балаларға жасаған іс әрекеттерін қорытып айтуын ұйымдастырып бағалап оқу іс әрекетті аяқтайды

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ